Әбдіғалиева Ғалия
Мұқанбетжанқызы
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы,
«Балдырған» санаторлық бөбекжай бақшасы
«Көңілді старт» спорттық
сайысы.
Мақсаты:балалардың көтеріңкі
көңіл күйін туғызу ,жарысқа олардың қызыға қатысуына жағдай
жасау,бірі біріне достық қарым қатынастарын
дамыту.
Қолданатын
құралдар:доптар,кішкене қапшықтар,асықтар,доптардың
суреттері,арқан.
Барысы:балалар залға әсем
әуенмен кіреді,екіге бөлініп бірі біріне қарамақарсы
тұрады.
Жүргізуші:Құрметті
қонақтар,балалар!Бүгін біз тобымызда «Көңілді старт»атты
жарысымызды ашуға рұқсат етіңіз.
Болашаққа нық қадаммен
бастаймыз
Салауатты өмір салтын
сақтаймыз.
Спорт сырын ұғындырып
көрермен
Ыстық сәлем баршаңызға
жолдаймыз.
.Жарыстың әділқазылар алқасын
құрметпен орындарына шақырайық:
1.Сейтжапарова Алма
апай-әділқазылар төрайымы.
2.Әлжанова Роза апай-әділқазы
мүшесі
3.Ізбасар Ғалия апай-әділқазы
мүшесі.
Жүргізуші:Бүгінгі сайыстастар
топтарымен таныс болайық.Бірінші болып өзін «Күн» атты топ ұранын
айтып өздерін таныстырсын.
Күн болып біз
күлеміз
Шуақ шашып
жүреміз
Денемізді
шынықтырып
Ұзақ өмір
сүреміз.
Жүргізуші:Енді өздерін
«Ай»тобы таныстырсын.
«Ай» командасының
ұраны:
Ойынға біз
қатысамыз
Біз ылғида
шынығамыз
Түнде жарық берген Айдай
болып
Жарыстарда
жарқыраймыз!
Жүргізуші:Гүл көңілдер
қуаныштан өрілді
Жанарлардан үміт нұры
төгілді
Көрсетер сәт келді
өзіңді
Ал,келіңдер,келіңдер
Жарысқа қатысып
көріңдер.
Бірің біріңе
еріңдер
Жарыста жеңіп
көріңдер!
Бірінші сайыс-би.
«Гангнамстайл»әуеніне екі команда өз өнерлерін
көрсетеді.
Екінші сайыс: «Жүйрік
ат»-доппен мәреге дейін секіріріп кері
қайту.
Үшінші сайыс:Төбелеріне қапшық
қойып жүгіру.
Төртінші сайыс: Қасықпен суды
мәреде тұрған банкіге тасып оны толтыру.
Бесінші сайыс:
«Мерген»-тізілген асыққа тигізу.
Алтыншы сайыс:топ басшыларының
сайысы:қағаз қиындыларынан спорт және жәй ойын доптарын
құрастыру.
Жетінші сайыс: «Арқан тартыс»
ойыны.
Жүргізуші:Жеңсек «Біз жеңдік»
деп тасымайық
Жеңілсек «Біз жеңілдік» деп
жасымайық
«Жығылсаң жер көтереді»деген
екен
Ренжіп өкпелеуге
қосылмаймыз!
Әділқазы
бағалар
Балалардың
сайысын
Ешкімің жоқ
алалар
Жеңімпаз болу үлкен
сын
-дей отырып біздің
сайысымыздыңда қорытындылау уақыты келді.
Әділқазыларға сөз беріп,ойын
нәтижесі қорытындыланады.Жеңімпаздарды мадақтау номинациялар
бойынша : «Қайсар бүлдіршін», «Жүйрік құлыншақ», «Қайратты күш
иесі», «Ақылды өрен», «Хас-мерген», «Шапшаң спортшы»,«Сымбатты
спортшы», «Бірінші жеңімпаз», «Екінші
жеңімпаз»