жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Спорттық сайыс Тақырыбы:"Əкем, анам жəне мен"
«Мадина» білім беру ұйымы жеке мекемесі
Тақырыбы:
«Әкем, анам және мен»
«Құлпынай» ересек тобы
Тәрбиешілер: БощановаГ.Ж.
Мадиярова Ж.К..
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, секіртпе (скакалка).
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
- Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.
Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін «Құлпынай» ересек тобы бүлдіршіндері және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен » отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығам деп сеніңіздер – деп, Сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Сайысқа үш отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
«Спорт-денсаулық кепілі»
Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.
І. «Қыран» тобы Серболат Азизаның отбасы
ІІ. «Сұңқар» тобы Еркін Айбектің отбасы
ІІІ. «Болашақ» тобы Тулегенова Аминаның отбасы
Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық
Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Айырар әділқазы үздігі кім.
Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой
Қарсыалайықтоптардықошеметпен.
Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:
1. «Құлпынай»балабақшасының әдіскері: З.Б.Жумабава
2. «Құлпынай» тобының ата-аналар комитетінің төрайымы Дина Маратқызы:
3. Балалабақшамыздың медбикесі Ипова Гульнар Сактановна
Сайысымыз 7 бөлімнен т ұрады. Әділқазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.
Бәйгені ат жаратып шапқан алар,
Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайыс қақатысушы отбасы топтарына «Ақжол!» тілейік.
Жүргізуші: Сіздерге үй тапсырмасына берілген үй жұмысы бар.
Ал
ендеше алдымен бірінші
кезенімізді бастайық
«Менің
жанұям»
Командалар
өз ұрандарын айтып қарсылас командамен
сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
Сайысымыздың екінші бөлімі - «Арба»
Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.
Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!
Жүргізуші: Жарайсыздар
Келесі үшінші бөлім – «Көпсайыс»
Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.
Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!
Жүргізуші: Көрермендер отырып қалмас үшін сіздермен жұмбақтар шешіп алайық.
Жұмбақ жасыру.
1.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Ол не?
(Жұлдыз )
2.Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбаған кісі жоқ.
Ол не?
(Су )
3.Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. ( найзағай )
4.Ертемен күнде сен,қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап-таза боласың.Бұл не? (Сабын)
5.Сүртеді қолыңды,сүртеді дененді. Бұл не? (Сабын)
6.Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар Бұл не? (Сабын)
7.Айналада ақ отау,аузы мұрны жоқ отау Бұл не? (Жұмыртқа )
8.Ти десем тимейді,тиме десем тиеді Бұл не? (Ерін )
9.Ақ сандығым ашылды,ішінен жібек шашылды(Жұлдыз )
10.Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.Бұл не? (Жұлдыз )
Жүргізуші:Жарайсыңдар көрермендер.
Жүргізуші
Сайысымыздың төртінші бөлімі «Қаппен секіру»
Ойын шарты: Әр топ қаппен секіреді
Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!
Жүргізуші:Жарайсыңдар
Ал, сайысымыздың бесінші бөлімі - «Бетпақ дала».
Бұл ойынымыздың шарты, бір батпақтан екінші батпаққа секіріп, батпай кедергілердің басына дейін бару керек
Жүргізуші:Жарайсыңдар
Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Біз біргеміз,біз мықтымыз».
Бұл сайысқа бүкіл топ мүшелері қатысады. Ойынымыздың шарты топ мүшелері қолдарын айқастырып, берілген мәреге дейін жетіп, орындарына бір ізбен сүрінбей өту.
Жүргізуші:Жарайсыңдар
Сайысымыздың жетінші бөлімі«Көңілді би»
Ойынның шарты:
Әр топ мүшелері берілген қағаздың үстінен шықпай әуенге билейді,әуеннің ортасында қағазды бүктеп отырамыз топ мүшелері қағаздан шықпай әуенге байланысты қимылмен билеулері керек.
Жүргізуші:Жарайсыңдар
Қорытынды:
Таңданайық спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін
Сайыскерлерді мадақтап қолсоғайық!-дей келе байқауымыздыңа яқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Марапаттау)
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы аяқталды.
Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген