400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Спорттық Толағай сайысы."

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық Толағай сайысы.

Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар: кегли, қап, арқан, қармақ, шар.



1.Жүргізуші : Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар.

Бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты апталығымызда ұйымдастырылған спорттық «Толағай» сайысымызға қош келіпсіздер.

2.Жүргізуші :

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз

Босқа тұрмай қанекей

Жаттығуды бастаймыз!

Барлықтарыңызға сәттілік тілеп, сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.



Жүргізуші :

«Қыран» тобының спорттық сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

«Сұңқар» тобының спорттық сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

Жүргізуші :

«Толағай» спорттық сайысымызыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары:

Бейсенбаева Жанар

Шағын орталығымыздың әдіскері: Дусебаева Сауле

Мектебіміздің әлеуметтік-педагогы: Сағындық Арман







Жүргізуші :

Толағай спорттық сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Кім мерген сайысы.

  2. Кім епті сайысы.

  3. Балық аулау сайысы.

  4. Шар үрлеу сайысы.

  5. Арқан тартыс сайысы.



Жүргізуші :

«Толағай» топтарының ұрандарымен сайысымызды бастаймыз.

«Қыран» тобының ұрандары:

Желден озған жүйрікпіз.

«Қыран» тобы біз боламыз.



«Сұңқар» тобының ұрандары:

Қажымайтын қайратты

«Сұңқар» тобы біз боламыз.



Жүргізуші :

Қатар өскен құрдасқа

Жарыс ұнап тұрмаспа

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа 1-сайыс «Кім мерген» деп аталады.

Шарты: Допты домалату арқылы кеглиди құлату.

Қай топ көп құлатса жеңіс сол топта.

Жүргізуші :

Денсаулық ол шыныққан

Барлық дене мүшесі

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

2-сайыс «Кім епті» деп аталады.

Шарты : екі топ қаппен секіріп белгіленген жерден айналып келу.



Жүргізуші :

Босқа қарап тұрмайық

Бағымызды сынайық

Намысты қолдан бермейік

Жарыста озып шығайық

3-сайыс «Балық аулау» деп аталады.



Шарты: белгіленген жерден тұрып қармақпен балық аулау.

Жүргізуші :

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян қолтық алыспай

4-сайыс «Шар үрлеу» деп аталады.



Шарты: екі топтың барлығына шар беріліп жылдам қай топ шарды тез үрлеу.



Жүргізуші :

Қалма жұрттың соңында

Қажет болса атқа мін

Аздық етер оның да

Жету үшін мұратқа



5-сайыс «Арқан тартыс» деп аталады.

Шарты: екі топ арқан тартысады.









Өнерге биік сенеміз

Думанға қызық келіңіз

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз.



Деп - «Қыран» тобы мен «Сұңқар» тобының бағаларын беріңіздер.





Жарқын шаттық заман болсын

Отбасымыз аман болсын

Сыйластық бірлік болып

Әрқашан орта толсын



Ардақты әріптестер, қонақтар! Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға үлкен рахмет.



































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2018
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі