400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ш.Құдайбердиев "Еңлік - Кебек" дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

Махаббат пен абырой

Мектеп «Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты жөні:

Жуматаева Анар Аманжоловна

Сынып:8 Пәні: қазақ әдебиеті

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.Б/С1.Кейіпкерлердің іс –әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Б/С1. Тарихи және көркемдік құндылығы.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: шығармадағы кейіпкерлерді табады, кейіпкерлерге мінездеме береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Бағалау критерийі


  • Шығармадағы кейіпкерлерді табады, кейіпкерлерге мінездеме береді, осы бойынша танып білгендерін түсініп, қолдана алады;

  • Шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай алады;

  • Шығармадағы маңызды мәліметтерді жинақтап, бағалай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Нәпсі, уағда, шеп құрап, жын, аужал емес, ындыныңмен, т.б

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Еңлік пен Кебек, Шыңғыс тауы, Матай мен Тобықты, Ақтабан шұбырынды, үш жүз т.б

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

2.Кеңгірбайдың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер?

3.Егер автор орнында болсаңдар шығарманы қалай аяқтаған болар едіңдер?

Не себепті оқиға трагедиямен аяқталды деп ойлайсыңдар?

Ишара:

Құндылықтарға баулу

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында «Мәңгілік Ел» идеясының тарихтын, мәдениет пен тілдің біртұтастығы тармағы ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география.

Алдыңғы оқу

«Еңлік –Кебек» дастанына шолу жасау


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин


Ақын өлеңдерінің шумақтары арқылы топқа бөлу.

Туысым, досым, жұрағат;

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат;

Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық;

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Оқу мақсаты мен критерийлер таныстырылады.

Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

30 мин







С.

  1. тапсырма

«Т» кестесі әдісі

Кейіпкерлерге мінездеме беру. Әр кейіпкердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін тауып айтады

Бағалау дескрипторы:

  • кейіпкерлерге мінездеме береді;

  • Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін табады;

ҚБ «Бес саусақ»


2 - тапсырма

А) «Эйлер дөңгелектері» әдісі арқылы оқушылар Еңлік, Кебек, Кеңгірбай бейнелерін салыстырады, баға береді.


Б) «Тұжырымдамалық» кесте арқылы талдау. Еңлік, Кебек образдарына

мәтіннен мысалдар келтіреді

Бағалау дескрипторы

  • Еңлік, Кебек, Кеңгірбайдың портреттік мінездемесін салыстырады;

  • Образдарын ашуға мысалдар келтіреді;

ҚБ «Табыс сатысы» әдісі арқылы


Саралау тапсырмасы.

«Aвтормен сырлaсу» әдісін пайдаланып, оқушылар шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • Хатты түсінікті, анық, жинақы жазады;

  • Хатты жазуда өзіндік көзқарасы мен дәлелді ұсынысын береді.

ҚБ «5-5-1» әдісі


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды талқылайды.

1.Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

2.Кеңгірбайдың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер?

3.Егер автор орнында болсаңдар шығарманы қалай аяқтаған болар едіңдер?

4.Не себепті оқиға трагедиямен аяқталды деп ойлайсыңдар?


Бағалау дескрипторы:

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Жұппен талқылап, пікірлерімен бөліседі;

ҚБ «Үш шапалақ»


Мұғалімнің сындарлы кері байланысы:

Орындалған барлық жұмыстардың деңгейіне баға беру



Маркер, флипчарт












































Сабақтың

соңы

5 мин

Кері байланыс «Бағалау сэндвичі»

Дескрипторлар бойынша қорытынды бағалау

Үйге тапсырма беру




Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Шығарма мәтінімен жұмыс істеу барысында саралау тапсырмасына «Автормен сырласу» әдісін ұсынамын. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға хат жазу барысы бойынша идеялар айтып қолдау көрсетемін. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға тек қана нұсқау беремін. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар хат жазуды жан-жақты ойларымен білдіре алады.

«Бес саусақ»,

«Табыс сатысы»,

«5+5+1»

«Үш шапалақ»

Сабақты қорытып бағалау.


«Еңлік –Кебек» дастанында Ақтабан шұбырынды сынды тарихи оқиғалар баяндалады, сол себепті тарихпен, оқиғалар өткен жерлерде географиямен байланыстырамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі