Алматы қаласы
_______ауданына қарасты
МКҚК №____б\б әдіскері:
________
Тақырыптық ұйымдастырылған
іс-әрекет
Тақырыбы: «С» дыбысы мен әріпі
Тобы:
Тәрбиеші:
2022-2023 оқу жылы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «С» дыбысы мен әріпі
Мақсаты: «С» дыбысының сөздегі орнын анықтау, сөздің мағынасын түсіну. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Міндеттері
Білімділік:
«С» дыбысынан басталатын және арасында «С» дыбысы
кездесетін сөздерді біледі.
Дамытушылық: Заттық суреттердің үстінен баса отырып,
«С» дыбысы мен әріпін жазуға дағдыланып
дамиды.
Тәрбиелік: Оқу қызметі кезінде өзін дұрыс ұстауға, әріпті жазу кезінде денені тік ұстап отыруға дағдыландырып, тәрбиелеу.
Қолданылған құралдар: көрнекілік суреттер, үлестірмелі материалдар, үнтаспа
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: «С» дыбысынан басталатын сөздерді еске түсіріп, өз ойымен жаңғыртады;
Түсінеді: «С» дыбысының айтылу кезіндегі кедергілерге байланысты, дауыссыз дыбыс екенін түсінеді;
Қолданады: «С» дыбысынан келетін сөздерді күнделікті қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Күннің нұры арайлы,
Тереземнен тарайды.
Достарыммен шеңберге,
Тұрғанымды қалайды.
Күн нұрын шашады,
Сағанда, мағанда (Қолдарындағы күндерін бір-біріне береді)
Күн нұрын шашады ғаламға. (Қолдарын жоғары көтеріп тұрады)
Тәрбиеші:- жарайсыңдар балалар
Балалар бүгінгі біздің оқу іс- әрекетіміз күндегіден ерекше. Бүгін біздің тапқырлығымызды, білімімізді бақылауға, көруге бірнеше апайлар қонаққа келіпті, қанекей балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: - Сәлеметсіздерме!
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар
- Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс- әрекеті. Бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын өткен оқу іс- әрекетімізді «Доп лақтыру» әдісі арқылы қайталап алайық.
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар қаншаға бөлінеді?
-Оларды ата?
-Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
-Осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық?
- А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш
- жарайсыңдар балалар өткен оқу іс- әрекетімізді жақсы меңгерген екенсіңдер. Ендеше балалар мына жерде бізге түрлі түсті қиынды пазылдар берілген, осы пазылдардан бір – біреу алып төрт топқа бөлініп отырайық.
-
қызыл түсті алғандар бірінші партаған
-
көк түсті алғандар екінші партаға
-
сары түсті алғандар үшінші партаға
-
жасыл түсті алғандар төртінші партаға отырамыз.
Ал, балалар жайғасып алсақ бүгін біз қандай жаңа әріппен дыбыспен танысады екенбіз, оны білу үшін қолымыздағы пазыл бөліктерін достарымызбен бірге құрастырайық, қандай суреттер шығады екен.
Балалар: балалардың жауаптары,сиыр, сәбіз, сағат, сандық
Тәрбиеші:- жарайсыңдар балалар дұрыс таптыңдар. Ендеше балалар осы сиыр, сәбіз, сағат, сандық сөздерін қайталап айтайықшы, қандай дыбыстан басталып тұр?
Балалар: - С дыбысынан басталып тұр
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Балалар осы сөздерінен басқа, тағыда «С» дыбысынана басталатын қандай сөздерді немесе заттарды білеміз айтайықшы. Айналамызға қарайық «С» дыбысынан басталатын қандай заттарды көріп тұрмыз атап айтайық.
Балалар:- Сабын, сүт, сақина, сызғыш өздері білетін сөздерді айтады.
Тәрбиеші: - жарайсыңдар. Ал енді балалар барлығымыз мына суретке назар аударайықшы «С» дыбысынан тағыда қандай сөздер келеді екен, бірге қайталайық.
-Сандық,сурет,сырға, сақина,сабын,сақал т.б
- жарайсыңдар. Балалар енді осы айтылған сөзді буынға бөлейікші,қанша буындардан тұрады екен.
Балалар: - Су – рет, сыр – ға, са – қи – на, сыз – ғыш.
Тәрбиеші: - жарайсыңдар өте тамаша. Балалар енді алдымызда тұрған айнаны алып «С» дыбысын айтып көрейкші, қандай дыбыс екен?
Балалар: - дауссыз дыбыс
Тәрбиеші: - не себепті дауыссыз дыбыс?
Балалар: - тістеріміз бір-біріне тиіп кедергіге ұшырап жатыр.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар «С» дыбысын айтқанда тістеріміз бір-біріне тиіп кедергіге ұшырап жатыр екен. Балалар «С» дыбысы мен әріпі сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі. Мысалыға: -Сандық, Астана,Дос
Дыбыстық талдау жасау
« Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Бір бала тақтада, қалған балалар орындарында дыбыстық талдау жасайды.
Тәрбиеші: Ал балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Шеңберге тұрып, әсем әуен ырғағымен би билеу.
Тәрбиеші: жарайсыңдар орындарыңа отырыңдар. Балалар енді мен сендерге топтық тапсырма бергім келіп тұр. Бұл тапсырманы барлығымыз бірге бірігіп орындайтын боламыз.
1-топтың балалары: «Т» дыбысынан басталатын суреттерді жапсырады.
2-топтың балалары: Жаңбырдың тамшыларынан сөз құрайды. Буындардан сөз құрайды
3–топтың балалары: Дыбыстық талдау жасайды.
4–топтың балалары: Шарлардағы дыбыстарды ажыратып бояу
Әр топ жұмыстарын жасап болған соң ортаға шығып қорғайды.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, ал енді барлығымыз бірге бір қызықты ойын ойнайық.
- мынау кім балалар?
Балалар: Алдар көсе
Тәрбиеші: -дұрыс айтасыңдар бұл Алдар көсе екен. Қазір біз осы «Алдар көсені тамақтандыр » деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты:Бауырсақтарда түрлі буындар мен сөздер жазылған, сол суындармен сөздерді оқу арқылы Алдар көсені тамақтандырамыз.
Тәрбиеші: өте тамаша жарайсыңдар. Ал енді балалар енді тағыда бір қызықты ойын ойнаймыз. Алдымызда тұрған қалташаның ішінде пазыл түріндегі бірнеше суреттер мен әріптер бар , сендерге берілген әріпке байланысты осы суреттерге қарап әріпті балмұздақтарды құрастырасыңдар.
Балалар тапсырманы ойлана, қызыға орындайды.
Тәрбиеші: Балалар енді барлығымыз қолымызға қаламдарымызды алып, «Сс» дыбысы мен әріпін жазып үйренейік. Тапсырманы орындай отырып менімен бірге қайталап мына жұмбақты жаттап алайық.
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
«Сс әріпі»
Қорытынды:
Тақырыпты балалармен «Бес саусақ» әдісімен қорытындылау.
Бас бармақ: Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық ?
Балан үйрек: «С» дыбысы қандай дыбыс екен ?
Ортан терек: «С» дыбысынан басталатын қандай сөздерді айттық?
Шылдыр шүмек: Бүгінгі оқу іс- әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Кішкентай бөбек: Бүгінгі көңіл күйіміз қандай?
- Балаларды бүгінгі оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқандары үшін мақтап, мадақтап әсем жұлдызшалар таратып беру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
СС әріпі

шағым қалдыра аласыз