400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сс дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД топтары үшін сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАД "Ғ"тобы

Пәні: Сауат ашу

Пән мұғалімі:Буранбаева Ж.С

Уақыты:24.01.2018ж

Кабинет:104

Тақырыбы

Сс дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2.Жаңа с дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

«Жүректен жүрекке» шеңбері

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       




 


Жаңа сабақ

 

 

 

 


Топқа бөлу.Төрт түрлі фигуралар арқылы төрт топқа бөлдім.

1.Шеңбер 2.Үш бұрыш

3.Төрт бұрыш 5.Жұлдызша

"Ыстық орындық" әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.
- Буындар: ба, бо, бу, би т.б.
- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т.б.
- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан.


- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Аптаның қай күні? (Сәрсенбі).
- Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Жұмбақ шешу.
Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп?
Сәукелені, садақты. Сансыз орақ тәрізді. /С/
Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды. /Сандық/
Сандық - сөзін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату.

Дәптермен жұмыс
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты, ұшты – торғай ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – балық ұшты!
(ұшпайды).

Оқушылар ойын ойнайды

Қорытындылау

«Талдау- жинақтау» әдісін пайдаланып, мәтінді сөйлемге,сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау жұмыстары ұйымдастырылады.

«Кім жылдам?» әдісін пайдаланып әр топтан балалар кезек кезек оқып шықты.



 Рефлексивті — түзетушілік 

Сұрақ-жауап арқылы.
Қыздар құлағына тағады- Сырға.
Қыздар басына киеді- Сәукеле.
Қыздар қолына тағады- Сақина.
Уақытты көрсетеді- Сағат.
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын- Сүт.
Сызуға арналған құрал- Сызғыш.
Мектепте не оқимыз- Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз- Сөмкеге.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

С дыбысы мен әрпін оқып біледі.

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі