жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сс дыбысы мен әрпі
Күні: Сынып: 1 Ж Мұғалім: Жақсыбаева Салтанат |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
|||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
С дыбысы мен әрпі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Сансызбай
деген бала болыпты. Оның Сандуғаш
деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір
күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал
түбінде өсіп тұрған нені көріпті?
Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа
қараса сауысқан екен. Алға қарай
жүріңкірегенде ағаш кесушілерге
кездеседі. Сансызбай олардың сүргі
деген құралына қызыға қарады. Ұстап
қарап бір ағашты жонып қалып еді.
алдынан сылдырап су аға жөнелді.
Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина,
сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға
сол бойда су жағасынан бір ғажайып
сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны
алып, соған сала қойды. Ішінен бір
бүктелген қағаз алды. Оның сыртында
мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай
деді, біреу орақ деді. Мына заттардың
атын қайта - қайта айта береді. Қандай
дыбыс шықты? С
С С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз
дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды
жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен
оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке
сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі.
Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі.
Ауаға жазылады. Сс ауызша айту Сс баспа және жазба түрін ажырату СсСс Сс ауада жазу Ұжымдық жұмыс С дыбысынан басталатын сөз тауып айту Сағат, сырға, сақина, сегіз, сиыр, сызғыш. Топтық жұмыс Әр топқа сурет беру оқушы сөйлем құрау №1 Тыңдалым. Жылан қандай дыбыс шығарады? Ол қандай дыбыс. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
№2 Оқылым. СОЛ САНАТ №3 тапсырма Сызбаның және сөздердің көмегімен мәтінді оқы. Су Сау сан су Асу асау сана суат
|
Түрлі тапсырмалар |
|
Аяқталуы
16 минут
|
№4 Ойлан,тап. «Ребус» Сиыр Сағат Сызғыш Саусақ Сауысқан Тез ойлан Түсіп қалған әріпті қой ...иыр, ...ағат, ....аусақ, ...ызғыш.
|
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
|
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген