400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шш" дыбысын қою.Үй жануарлары мен жабайы жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары.Дыбыс қою.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

___________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Ш» дыбысын қою .Үй жануарлары мен жабайы жануарлар


Кезеңі:

Дыбысты қою

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Дарғалиева Назерке Мақсотқызы

Күні:

28.01.2025 ж

Сынып:1 сынып,жұптық сабақ

Қатысушылар саны: 2

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Ш» дыбысын қою .

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар

Сабақтың мақсаты:

Ш» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру;

-Жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру;

-Фонематикалық қабылдауын дамыту;

-«Үй жануарлары мен жабайы жануарлар» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;



      Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Логопедтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Кіріспе кезеңі

5 мин




















Сабақтың басы 20 минут













Сәлемдесу

.-Күн шықты, жерді жылытты

- Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

- Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

- Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

- Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

- Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкиміз

- Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.



Логопед: - өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.



-Кәне, балалар, суретке қарайық! (Орман суреті,жайлау суреті)

-Орманда нелер тұрады? Үйде қандай жануарлар болады?

-Орманда не өседі? Үй жануарлары не жиді?

-Қандай ағаштар өседі?

-Шыршаның түсі қандай?

- Жапырақтардың түсі қандай?



Артикуляциялық жаттығулар

-Кәнекі, біз тілімізді жаттықтырып алайық.

«Түтікше» жаттығуы.

Орындалуы: пілдің тұмсығы секілді ерінді алға созып. 2-3 секунд ұстап тұру.

«Күрек» жаттығуы

Орындалуы: езу тартып күліп, тілдің жалпақ ұшын төменгі ерінге салып қою.

«Қамыр» жаттығуы

Орындалуы: Ауыз сәл ашық, тілді бос қылып, алдыңғы ерінге салып, «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып, тілді соғу. Тілді дірілдетпей бос қылып, осы қалыпта 1-5 секунд ұстау.

«Тәтті тосап» жаттығуы

Орындалуы: ауызды сәл ашып, жалпақ тілдің алдыңғы шетімен жоғарғы ерінді жоғарыдан төменге қарай жалау.


«Кесе» жаттығуы

Орындалуы: ауызды кең ашып, тілді жалпақ етіп¸тілдің алдыңғы шеті мен бүйірлерін көтеріп, «кесе» жасау. Тілдің шеттері төмен түспей, жоғары көтерілген қалыпта тұруын қадағалау.

«Саңырауқұлақ» жаттығуы

Орындалуы: жымию, тістерді көрсету, ауызды сәл ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып, ауызды ашу (тіл- саңырауқұлақтың басы, ал тілдің сіңірі- саңырауқұлақтың аяғы болады).

«Гармон» жаттығуы

Орындалуы: жымию, ауызды сәл ашып, тілді таңдацға жапсырып, тілді төмен түсірмей ауызды ашып жабу. Ерін жымиған қалыпта. Жаттығуды қайталағандаауызды кеңірек ашып, тілді жоғарыда ұзақ уақыт ұстауға тырысу керек.


«Ш» дыбысын қою

«Ш» дыбысының артикуляциялық профилі

- Балалар, біз «ш» дыбысын айтқан кезде ерін аздап дөңгеленеді, тістер жақындаған, арасында жіңішке саңылау (1-1,5 мм) болады. Тіл таңдайға қарай ожау тәрізді көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиеді. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітеді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өтеді. Ауыз қуысынан шыққан ауа ағымы жылы.


Тыныс алу жаттығуы

«Қатты жел» жаттығуы

Шарты: Жел қалай соғады? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ ұшу керек).

-Орманда қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды.

қолдарды жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш)

-Балалар қандай дыбыс естіп тұрмыз?

Picture 1

-Сәлемдеседі,назарын сабаққа аудару.

Балалар ақырындап тұрады.

Қолдарды тербетеміз.

Аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету.

Қолымызды жоғарыға көтереміз.

Саусақты сілкиміз.

Жан-жақты көрсетеміз.


-«Ш» дыбысын еліктеу тәсілі арқылы қайталау.

-«Дыбыстық жолдар» жаттығун қайталау







-Орманда түлкі, аю, қасқыр, қоян.

-Түйе,ит,ешкі,қой,жылқы,сиыр

-Ағаштар, саңырауқұлақтар.

-Шөп

-Шырша, қайың т.б.

-Шыршаның түсі жасыл.

-Жапырақтардың түсі жасыл.







Логопед нұсқаулығымен балалар артикуляциялық жаттығуларды орындайды.



-Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын қайталау.
























































«Ш» дыбысының профилімен танысады.


Еліктеу тәсілі арқылы қайталайды








Буын сөздерді қайталау








Логопед нұсқаулығымен тыныс алу жаттығуын орындау.



-ш-ш-ш




































































































































































Picture 1

Сабақтың ортасы

10 минут


Фонематикалық естуін қалыптастыру

« Сөзді тап» жаттығуы.

Шарты: Суретке қарай отырып «ш» дыбысы сөздің басында,ортасында және аяғында кездесетін суретті тауып, сызбаға сәйкес орналастыр.

ш...

...ш...

...ш

Берілген суреттер:

Сергіту сәті

Дауыс ырғағымен жұмыс



Дыбыс пен таңбаны сәйкестендіру

«Ш» дыбысы мен әріпі

Сипаттамасы:ш дыбысы дауыссыз дыбыс. Ол созылтып, әндетіп айтылмайды. Ш әріпі көк текшемен белгіленеді. Ш әріпі сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Дәптермен жұмыс. «Ш» әріпінің жазба түрін жазып үйрену.





ш...

...ш...

...ш









Логопед нұсқаулығымен сергіту сәтін орындау.

















































Сабақтың соңы

- Бүгін біз қай дыбысты айтып үйрендік?

-«Ш» дыбысын сипаттап бер.







-Қандай тақырыпта әңгіме құрадық?

-«Ш» дыбысы

-«ш» дыбысы дауыссыз дыбыс. Ол созылтып, әндетіп айтылмайды. Ш әріпі көк текшемен белгіленеді. Ш әріпі сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

-Біз үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы мағлұмат алдық.



Үйге тапсырма

«Көлеңкесін тап» ойыны

Шарты: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суретін көлеңкесін тауып, сәйкестендіру.


Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.







Кері байланыс

Кері байланыс

Алманың түстерін тандау арқылы сабақтан түсінгенін айту






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі