400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Шаймердинов "Қар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қыс қызығы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ашық сабақ: С. Шаймерденов. Қар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: автор жайлы мағлұмат беру; мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру;мәтіндіоқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық « Тамаша» ойыны.

Мұғалім сөйлемдер айтады, оқушылар: " Тамаша" деп жауап береді, жұдырықтарын түйіп бас бармақтарын көтереді.. Ұнамаған сөйлемдер болған жағдайларда бас бармақтарын төмен түсіреді

Ақ көңілді жүректіміз-

Ақ ниетті тілектіміз-

Амандасып алайық

Қонақтарға ізетпен біз-

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

Қыста ғана болады

Ұстасан қолын тонады. Қар

Топқа бөліну , топ ережелерін қайталау

1 Ақша қар

2 Жапалақ қар

3 Омбы қар

Топ басшыларын сайлау

Ақша қар- жаңа туған таза қар

Жапалақ қар- ірі түіршікті жапырақтап жауған қар

Қырбық қар- жұқа жауған қар

Омбы қар- ат бауырлайтын қалың қар

Сонар қар- алғаш жауған қалың қар

Ұлпа қар- түйіршітері үлбіреген, жеңіл үлпек қар

Күртік қар- беті қатқан, қалың қар

Үймен қар- боран жердегі қарды сырғытып, бір жерге үйілген қар....

Үй тапсырмасын қайталау С. Сейфуллин. «Қызыл шұнақ»

Үй тапсырмасын бекіту:

«Тосын сый» арқылы бекіту.

1.1.Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айларын ата?

Қыс мезгілі.

2.Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім? Сәкен Сейфулин

1. «1.Қызыл шұнақ аяз»  деп қандай аязды айтады екен ?

(Қызыл шұнақ — бет қаратпайтын аяз, үскірік).



2. 2.Қыстыгүні ауа райы қандай болады?

1. 1.Қазіргі сәт туралы 2-3 сөйлем құрау.

2 . 2.Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады? (қар)

Автор жайлы мәлімет беру

Сафуан Шаймерденов- 1922 жылы 15 сәуірде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді аулынды дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды. 1950 жылы ҚазМУ- дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашақ жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. «Құрмет белгі» орденімен және бірнеше медальдармен тарапатталған. 23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болды.

Сергіту сәті

Али мен Аянын әнін айту.

Ой сергітеді,шашағандары басылады

Ой толғаныс

Таймер- 5 минут- мәтінді өздігінен оқу



-балалар, біз қар туралы не білеміз?

Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?

— Қар қандай екен?

-Сонда, қар туралы не біледі екенбіз? (балалардың жауабын тыңдау)

— Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.

— Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Қар-түсі ақ,дыбыссыз,салмағы тым жеңіл, дене түршіктірерлік суық болады,жылудың әсерінен суға айналады.Қардың көлбемей,тік , баяу жаууы желдің болмауына байланысты, ал қардың жапалақтап, қиыршық болып ери жаууы даладағы ауа райының сууы мен жылуына , желдің болу-болмауына байланысты.

Демек күздегі жауын, жаздағы жаңбыр және қыс мезгіліндегі қар –бұлар жауын-шашынға жатады

Топтық шығармашылық тапсырмалар

1 топ-Қар суретін салып, қию

2 топ- Қар туралы шағын әнгіме құрау

3 топ- Қар образына ену. «Қар» сөзіне өлең жазу


Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топ басшылары бағалайды

2. Мұғалімнің бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Қар қызы бар қолымда соған шырша ойышықтарын

Сары ойыншық- сабақ ұнады,

Жасыл тақырыпты түсіндім

Қызыл- сабақ ұнамады, тақырыпты түсінбедім.


Шырша ойыншықтарын орналастыру












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі