Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтыңтақырыбы:

Сәкен Сейфуллин АҚСАҚ КИІК

Сабақтыңмақсаты:

Білімділік:Сәкен Сейфуллин жайлымәліметтерді тыңдай отырып, жаң амағлұматтар алуына жағдай туғызу, мәтінніңтақырыбы мен идеясы нашу, мазмұнынм еңгереотырып автор шеберлігінтануынакөмектесу, талдайбілугеүйрету.

Дамытушылық:Шығармашылықжұмыстарарқылыойлауқабілетініңдамуына,тілбайлығыныңартуынаықпалжасау, өзбетіншезерттеу, талдаужұмыстарынамашықтанып, түйінді ой, өзіндікпікірқалыптастыруынажолашу.

Тәрбиелік: Болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік дағдысы жоғары, шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыс жасай алатын , біліктілігі, танымы, мәдениеті, төзімділігі жоғары, табиғаттың жанашыры болатын жас жеткіншекті тәрбиелеу.

Міндеті: оқушылар мәтінді талдайды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой

қосады.

Өзекті мәселе: оқушылардың мәдениетті тілмен нақты, дәлелді сөйлеуін

қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақ.

Түрі: іздендіру.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, ақындардың суреттері,үнтаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралықбайланыс:дүниетану, музыка.

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастырукезеңі

Слайд 1.

1. Оқушылардыңназарынсабаққааудару.

-Балалар, бүгінбіздеерекшесабақ, өйткенібіздіңсабағымызғакөпқонақтаркеліпотыр. Ендешеөзіміздіңбіліміміздіжақсыжақтарынанкөрсетебілейік.

2. Кезекшініңжауабынтыңдау.

ІІ. Үйтапсырмасынтексеру

Көкшенің көрнісі туралы әңгімелеу

Шығармашылық жұмыстарымен таныстыр

Ү й тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар Сәбит Мұханов өмірі



Озат оқушыларымыздың дайындап келген шығармашылық жұмыстарына назар аударайық: Бурабай

Ертеде қос өркешті аппақ әдемі түйе болыпты. Өзі жуас болған екен, тек жұт немесе соғыс бола қалса, бура өзгеріп шыға келеді екен. Күндей күркіреп буырқанғанда, тау сілкініп, дала сілтідей тына қалады екен. Мұны естіген жұрт жедел жиналып, жаудың бетін қайтаруға, туған жерін қасіреттен аман сақтап қалуға аттанады екен. Бір күні Қасым хан осы түйені кезіктіріп садақпен атып салады екен. Бура шипалы судан бір ұрттау үшін көлге қарай ыңырана жөнеледі. Бірақ әл-дәрмені жетпей, тасқа айналып, сол жерде тау болып қалады деседі.

.

Жеке батыр

Алыстан көз салсаң, қалың тоғай арасында ұйықтап жатқан алыпты көргендей боласың. Иә, бұл ұйқы құшағындағы алып батыр тауы.Аңыз бойынша, баяғы заманда атақты Жеке батыр күзетте тұрып қалғып кеткен екен. Оны таң шапағы да, шыңдардың тарс-күрс еткен қопарылысы да оята алмаған.Күні бүгінге дейін сол алып тау болып ұйықтаған қалпы жатыр.

Оқжетпес

17 ғасырда осы өңірде жүрген кезінде Абылаймен рулас қазақтар қалмақтарды жеңіп, мол олжаға ие болған екен. Қалмақтың ару қызын бөлісе алмапты. Сонда қыз кімнің жебесі орамалымды тесіп өтеді, сол менің ерім болады деген екен. Ешкімнің оғы ол таудың басында тұрған қызға жетпеген екен.

Жұмбақтас

Пішіні пирамидатәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда:17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.

-Жарайсыңдар балалар өте жақсы дайындалыпсыңдар

-Ал енді балалар сендермен жұмбақ әріп ойынын ойнайық

1. Китте бар итте жоқ қандай әріп? К

2. Итте бар мысықта жоқ қандай әріп? И

3. Ірімшікте бар құртта жоқ қандай әріп? І

4. Көкте бар ақта жоқ қандай әріп? К

-Дұрыс айтасыңдар балалар біз киік жайлы қай мәтінде айттық?

-Ол мәтінде киік жайлы не айтылды?

-Киіктің қаруы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар балалар біз бүгінгі жаңа сабағымызда да киік жайлы айтатын боламыз.

Жаңа сабақ: Сейфуллиннің өмірі жайлы мәлімет, кітаптарымен таныстыру.

Музыка баяу естіліп тұрады мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Өлеңнің мазмұнын талдау,

Броконерлер жайлы түсінік айту.

Ой қозғау.

1.Өлеңде қандай жерді суреттеген? (Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.)

2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)

3. Киікті неге теңейді? (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )

4. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,

«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдарда нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем , ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).

5. Өлең саған несімен әсерлі болды? (Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

6. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит – құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар тізбектеп оқып шығады.

Дәптермен жұмыс:1.Кластер құру

Shape1 сұлу



Shape3 Shape4 Shape2 момын Киік табиғат көркі



жүйрік

2.Қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тйым сөздерін жазу.

3.Суретпен жұмыс.

-Суретте не бейнеленген?

-Суреттегі киіктің халі туралы не айтасыңдар?

-Сурет сенде қандай көңіл-күйді туғызады?

-Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

Қорытынды

-Сәкен Сейфуллин кім?

-Киік жайлы түсінік?

Бағалау: өте жақсы қатысқандарға қызыл гул, жақсы қатысқандарға көк гүл, қанағаттандырарлық сары гүл.

Үй жұмысы: Өлеңді жаттау, киіктің суретін салу, табиғатты қорғайық тақырыбына шағын шығарма жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
812
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12