400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Станокты реттеу және баптау

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге фрезерлік станоктарды жұмысқа дайындау әдіс амалдарын түсіндіріп,техникалардық қауіпсіздікті сақтау ережесін орындай отырып. Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топ № 124ФКС


Сабақ жоспары

План урока


Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Станокты реттеу және баптау ______________

Сабақтың мақсаты: Студенттерге фрезерлік станоктарды жұмысқа дайындау әдіс амалдарын түсіндіріп,техникалардық қауіпсіздікті сақтау ережесін орындай отырып.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: аралас________________________________________________

Сабақтың көрнекілігі: _ түсіндіру,конспекті ________________________

Пәнаралық байланыс: _математик арнайы технология,еңбек қорғау,өндірістік оқыту__

Сабақтың барысы:

Ход урока:

І. Ұйымдастыру бөлімі: _амандасу,студенттерді түгендеу_______

Организационный момент _____ Сабақ барысын түсіндіру _____________

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау: студенттерден қткен тақырыпты сұрау,___________________

Опрос домашнего задания:___________________

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Станокты реттеу және баптау

Объяснение новой темы: Фрезерлеудің негізгі түрлері мен сұлбалары. Фрезерлік станоктың баптау ерекшеліктеріне өңдеу әдістерін таңдау, кесу режиміне реттеу, кескіш аспаптарын баптау, дайындаманы бекәтуге арналған икемқұралдарды баптау жатады.

Фрезерлік станокты баптаудың алдында оның жұмысқа дайындығын, яғни ақаусыздығын және фрезерлеудің түрліше операцияларын атқаруға дайындығын тексереді. Бос жүрісте станоктың электрқозғалтқышын, шпиндель айналысы мен столдың механикалық берілісін іске қосу мен ажырату командаларын орындауын байқап тексереді.

Станоктың ақаусыздығына көз жеткен соң, оны баптауды орындайды. Фрезерлік топ станоктарын баптаудың әдістерін қолмен басқарылатын әмбебап консольді фрезерлік станок мысалында қарастырылады.

Кесу режимдеріне баптау. Шпиндель айналысы жиілігін (6) баптау кезінде жылдамдықтар қорабындағы (5) ауыстырып қосқыш тұтқасын өзіне қарай тарту керек (2-сурет) . Сосын оны осьті айналдыра оңға қарай, тұтқа лимбісіндегі белгіленген жиіліктің қорап (5) корпусындағы нұсқағыш-көрсеткішпен сәйкес келгенше бұрайды. Осыдан соң тұтқаны кері (өзіне қарай) тартады.

Лимбісін (16) бар тұтқаны (15) қозғалту кезінде қораптағы (13) берісті баптауды шпиндель айналысы жиілігіне ұқсас жүргізеді. Әмбебап консольді фрезерлік станоктарда беріс қозғалысы үш бағытта - бойлық, көлденең және тік бағытта қозғалатын столмен жүзеге асырылады. Кесу режимдері элементтерін есептеу станоктың кинематикалық сұлбасы бойынша жүреді.

Кескіш аспаптарын баптау. Цилиндірлік және дискілі фрезерлерді ұстауышқа бекітеді, ал оның конустық құйрықшасын шпиндель конусына шомпольмен тартып бекітеді. Фрезерлік ұстауыштар ұзын немесе қысқа болуы мүмкін. Горизонталь шпинделі бар әмбебап консольді-фрезерлік станоктарда ұзын ұстауыштың бос ұшын тұмсық кронштейні ұстап тұрады.

Горизонталь шпиндельдің (11) ұзын ұстауышына (6) фрезаны (9) аралық төлкелердің көмегімен орнатады (3,1 сурет). Бұл жағдайда фрезаны аспа (8) сауытының (7) шет жағына мүмкіндігінше жақын орналастырады. Дірілді болдырмас үшін, фрезаның (9) сомынмен (5) ұстауышқа(6) тікелей немесе шомполь (1) арқылы, сондай-ақ аспаның (8) сомынмен (4) тұмсыққа (3) және тұмсықтың (3) сомынмен (2) тіреуге (12) сенімді бекітілуіне аса көңіл аудару қажет.

Жазық беттерді цилиндрлік немесе шетжақтық фрезарлармен өңдейді. Цилиндрлік фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке параллель болады; жұмыс фрезаның цилиндрлік бетіне орналасқан тістері арқылы жүргізіледі. Ал шетжақтық фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке перпендикуляр болады; жұмыс фрезаның цилиндрлік және шетжақтық бетіне орналасқан тістерімен орындалады.



Цилиндрлік және шетжақтық фрезерлеу екі тәсілмен жүргізіледі: беріліске қарсы-қарсылай фрезерлеу – бұл беріліс бағыты фрезаның айналу бағытына қарама-қарсы болған жағдайда (2.15-сурет а) және жолай фрезерлеу (2.15-сурет ә) – бұл беріліс бағыты фрезаның айналу бағытына сәйкес болған жағдайда.



ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

  1. Закрепление новой темы: 1. Фрезерлік станокты баптау дегеніміз?


  1. Станок жабдықтарын ретке келтіру?

  2. Жұмыс орнындағы жабдықтар

V. Үйге тапсырма. Сабақты қорытындылау.

Домашнее задание. Подведение итогов.

1, 16-18стр., рефлексия _________________________________________

Жеке сұрақтар ,жаңа тақырып бойынша_______________________________________

Студенттерді бағалау___________________________________________


Пәні мұғалімі: _____________________

Преподаватель: қолы/роспись .


Зам. Директора по УР М.Т Сисенгалиева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.04.2019
1082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі