Материалдар / “Star Fest" өнерлілер сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Star Fest" өнерлілер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
249
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ орталығы

МИНИСТРЛІГІ ОҚУ БӨЛІМ



Білім кешені


2022 жылдың «Болашақ ұрпақтары» тәрбие құндылықтары акциясы атты 1 ауысым “Star Fest" өнерлілер сайысы

СЦЕНАРИЙІ

Жауапты мұғалімдер: Оразтаева Х. А. - математика пәнінің мұғалімі

Давыдов У.М. – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қамбарова Г.М. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Тасжанова Т.А. - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы, АКТ залы

Өтетін күні: 02.02.2022 жыл

Өткізілу уақыты: сағат 20.00

Қатысушылар: ауысым демалушылары, қонақтар, мұғалімдер

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Міндеттері: Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл – қыздарын тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: моноблок, микрофон.
Түрі: Сайыс.
Жүргізушілер: 1 Қамбарова Г. М. 2 Тасжанова Т. А.

I жүргізуші:

Армысыздар, құрметті, өнер сүйер қауым. Ұлағатты ұстаздар, қымбатты достар. “Star Fest" атты өнерлілер сайысына қош келдіңіздер!


II жүргізуші:
Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
"Өнерлі өрге озар", - дейді халқым -
Бұл кеште бар өнерді ұсынамыз.
Қазақтың қайтпас қайсар қыранымыз,
Болашаққа жол бастар ұланымыз.

Олай болса, жас өрендеріміздің өнерлерін тамашалап, балауса қанат жас өнерпаздарымызды қолдап, қошеметтеп отырайық, қадірменді балдәурендіктер!

I жүргізуші:

Сәлем бердік баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамыз да. Алдымызда – арман көп, таудай талап,
Өздеріңе арналар жыр - әніміз. – дей келе бүгінгі өнерлілер сайысының қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Орталығымыздың әдіскері және ауысым кураторы: Аманжолова Айгүл Бахадырқызы.

2. Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
II жүргізуші:
Олай болса, барлық өнерлі өрендерімізге сәттілік тілей отырып, өнерлеріңіз биікке өрлей берсін деген тілекпен, сайысымызды бастаймыз.

I жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым! Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер Бүгінгі күн сіздерге арналады.

II жүргізуші: Ал енді, ортаға барлық сайыскер ұл – қыздарымызды шақырамыз.
Ал
ғашқы болып өнер көрсететін 7 «А» сыныбымен 8 «В» сыныбы. Келесі 7 «Ә» сыныбымен 8 «Г» сыныбы. Келесі 7 «Б» сыныбымен 9 «А» сыныбы. Келесі 7 «В» сыныбымен 9 «Ә» сыныбы. Келесі 8 «А» сыныбымен 9 «Б» сыныбы. Келесі 8 «Ә» сыныбымен 9 «В» сыныбы. Келесі 8 «Б» сыныбымен 9 «Г» сыныбы.

I жүргізуші:

Сіздер үшін осы кеш ашылады Сіздер үшін өнерпаздар сайысады. Өнер қуған жасынан Өнері судай тасыған, Келесі біздің бишілер Көрінген көштің басынан – деп, сахна төріне алғашқы болып өнер көрсететін 7 «А» сыныбымен 8 «В» сыныбын қарсы алыңыздар.

Ой бәрекелді, өнерлеріңіз өрге жүзсін.

II жүргізуші: «Алау болып жанамыз, Жеңісті біз аламыз» Деп келіпті шабытпен Қуана қарсы аламыз!

Келесі болып өнер көрсететін 7 «Ә» сыныбымен 8 «Г» сыныбын сахна төріне шақырымыз, қарсы алыңыздар.

I жүргізуші: Өнерпаздарымызға тағы бір қошемет көрсетіп жіберейік.

Біздің мектептің қыздары өнері асқан, Билейді мың бұралып бала жастан. Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз? Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық.

Келесі сайыскерлеріміз 7 «Б» сыныбымен 9 «А» сыныбын өз өнерлерімен қарсы алайық.

7 «Б» сыныбымен 9 «А» сыныбына тағы бір қошемет көрсетіп жіберейік.

II жүргізуші: «Сыған» биі тегеурінді тамаша Біздің қыздар билейді оны жаңаша. Байқаудың қызығын бір сәт арттырар Биші қыздар сахнада жараса – дей отырып, келесі кезекте 7 «В» сыныбымен 9 «Ә» сыныбын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Тамаша! Бұданда үлкен сахнада өнер көрсете беріңіздер.

I жүргізуші: Ақыл тастан, өнер – жастан Шығады деп дарынды. Халық айтса, халық сөзі Әрқашанда нанымды. Ендеше 8 «А» сыныбымен 9 «Б» сыныбын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз

Жарайсыздар! Үлкен рахмет.

II жүргізуші: Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген. Күміс көмей аруға Кімдер басын имеген – дей отырып, 8 «Ә» сыныбымен 9 «В» сыныбын заманауи биімен сахна төріне шақырамыз.

Бәрекелді! Қошеметімізді аямайық.

I жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй – деп Абай атамыз жырлап кеткендей, алдарыңызда өнер көрсететін 8 «Б» сыныбымен 9 «Г» сыныбын қошеметпен қарсы алайық.

Сайыстың нүктесін қойған сыныптарға қошемет білдіріп, сахна сыртына шығарып салайық.

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен-үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
I жүргізуші:
Құрметті көрермендер, әділ – қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша ағылшын пәні мұғалімі Тасжанова Тұрсынай Алижанқызын "Попурри" әнімен ортаға шақырамыз.
I жүргізуші: Ортаға сайыс қорытындысын жариялауға және марапат жүргізу үшін әділ – қазылар алқасын шақырамыз.
II - жүргізуші:
«Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, бүгінгі сайысымызды осымен аяқтаймыз.

Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!