400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Стартаптар және шағын бизнес

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлер өз құқықтары туралы біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы



2.3 бөлім. Стартап-мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Стартаптар және шағын бизнес

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.2 Стартап пен шағын бизнестің айырмашылығын біледі

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Стартап пен шағын бизнестің айырмашылығын білуіне;

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

  1. меңгеру деңгейі. Барлық оқушылар Стартап пен шағын бизнестің айырмашылығын біледі.(өнімсіз деңгей)

  2. меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі: Оқушылар алған білімін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей);

  3. меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімінің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнімді деңгей). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттыр

Лексика және терминология: стартап мәдениеті –стартап-культура-start-up culture, тарату арнасы – канал распространения-distribution channel, прототип-прототип-prototype.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін айтуға дағдыланады.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Қолданып көрейік» дағдысы. «Ой бөлісейік» дағдысы

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, флипчарт, стикерлер

Алдыңғы бөлім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен лоикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:Стартап дегеніміз не? Қазіргі Қазақстандағытстартап-мәдениеті қандай кезеңде?

Сабақтың барысы, кезеңдері және оқушы мен мұғалімнің әрекеттері

Сабақ басы (5 минут)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғаліп сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі!» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.

  2. Оқулық және дидактикалық материалдармен танысу: олардың мақсаты, мазмұн, ерекшеліктері.

  3. Сыныпты топтарға бөлу. Сынып қыздар мен ұлдар топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.

  4. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру.

Қолайлы психологиялық ахуалдықұру үшін оқушыларды «Досыңды сезін» ойынына шақырады. Оқушылар әр шеңберде тұр. Мұғалім әр оыншыға кезек-кезек оның ішкі сезімін білдіретін іс-қимылдар жасауын сұрайды. Қалған оқушылар олардың көрсеткен қимылдарын қайталап, не сезгенін айтады.Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.

Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (30 минут)


  1. «Қолданып көрейік» дағдысы.

  1. Стартап құрастырыңыздар, Өздеріңіздің бизнес-идеяларыңызды сипаттаңыздар.

  2. Кестені толтырыңыздар.

№

Қызмет

Бизнестің түрі

1

Талғат роботехника құрастыруға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеу үшін компания ашты

Стартап

2

Марлен түшпара жасау үшін цех ашып, ет өнімдерінің ауқымын кеңейтті

Ағымдағы бизнес

3

Бағлан көтерме сату өкілдерінен өзінің дүкенінде бөлшек сауда жасау үшін смартфондардың жаңа үлгілеріне тапсырыс берді

Ағымдағы бизнес

4

Дәулет балаларды дамыту орталығының ғимаратында балаларға отбасылық кафе ашты

Ағымдағы сауда

5

Мирас бензин стансысынан автокөліктен шықпай-ақ жанармай құйып алуға арналған мобильді қосымша әзірледі

Стартап



  1. «Ой бөлісейік» дағдысы. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісі арқылы пікір алмасу:

  1. Сіз қандай стартап ашар едіңіз? Бизнес-идеяңызды жазыңыз.

  2. Қалай ойлайсыз, біздің елде стартаптың қажеттілігі неде?

3.Рефлексивті ринг.

Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

Бүгін мен ... білдім. Мен ... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. Менде .. жақсы шықты. Маған ... қиын болды. Мен ... жасай алар едім. Енді мен ... түсіндім. Мен ... жасап көремін. Енді мен ... жасай аламын. Менің ... жасағым келеді. Маған ... қызық болды.


«Жеті шырақ» жаттығуы (жақсы баяу музыкамен орындалады). Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмып, терең демалыңыз. Сізден шамамен бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырақ бар екенін елестетіп көріңіз... Мүмкіндігінше баяу, терең дем алыңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді... Сіз қайтадан баяу тыныс алып қалған шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.


Сабақтың соңы. Кері байланыс (5 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды.

Ауызша бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасы

«Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи алады. Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

65-67 беттегі мәтінді оқу.

Рефлекция











Қорытынды бағалау

  1. Қандай екі нәрсе табысты болды?




  1. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?(оқытуды да, оқуда да ескеріңіз)?




  1. Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі