400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Статистикалық мәліметтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен 8 сыныпқа беретін жас мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Келісемін»

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

______________Г.Думшебаева


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

______________Е.Рахымберді




















АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Статистикалық мәліметтер


















Информатика пәні мұғалімі: Серікова С.







Қаратау 2018ж



Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Серікова Салтанат Төреқожақызы


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзакмерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп:Александр Сергеевич Пушкин

Сыныбы: 8Б

Күні: 8.11.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Серікова Салтанат Төреқожақызы




Сабақ тақырыбы

Статистикалық мәліметтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.2.2-абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану.

8.2.2.1-электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:Статистикалық мәліметтер анықтамасын білу.

Көпшілік оқушылар: Электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану.

Кейбір оқушылар: Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикада қолдану.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі


Абсолютті және салыстырмалы сілтемелердін анықтамасын біледі.

Электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін пайдаланады.

Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Абсолютті сілтеме, салыстырмалы сілтеме, аралас сілтеме сөз тіркестерін пайдалану

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу – тапсырмаларды орындағанда есептеулерді жүргізу негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі

Алдыңғы білім


Электрондық кестеде деректердің типін жіктей алады.(7 сынып)

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары

Кіріспе бөлім

0-8 мин

Оқушыларды амандасқаннан кейін психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жеміс-жидектер себеттен тарқатылып, суреттері арқылы топқа бөлінеді және әр жеміске психологиялық сипаттама беріледі.

Алма – ақылды жандар, қарапайым жандар

Алмұрт – жан-жақты, батыл жандар

Апельсин – мейірімді, көңілді жандар

Кейбір жемістің артында миға шабуыл сұрақтары орналасады

Алдыңғы білімдерін еске түсіру.

1. Электрондық кесте деген не?

2. Электрондық кесте неден құралады?

3. Электрондық кестенің минималды элементы не?

4. Мәлеметтердің қандай пішімдерін білесіңдер?

5. Ұяшық дегеніміз не?

6.Электрондық кесте қанша жол мен бағаннан тұрады?

7.Электрондық кестеде мәліметтердің қандай типтері болады?

8. Белсенді ұяшық дегеніміз не?

9. Электронды кестені ашу командасы қандай?

Слайдтар

Оқулық, компьютер
жұмыс дәптері,
постер, маркер, стикер.














Негізгі бөлім

8-30 мин

Жаңа тақырыпқа шығу (проблемалық сұрақ қою арқылы).

  • Әртүрлі типтегі мәліметтерді қайда қолдануға болады?

Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.

Статистикалық функциялар электронды кестелерде жиі қолданады.

Статистикалық мәліметтер дегеніміз статистикалық зерттеулер (бақылау және ғылыми өңдеу) негізінде алынған сандық сипаттамалардың жиынтығы

Мұғалім оқушыларды электрондық кестедегі статистикалық функциялармен таныстырады.













  1. Тапсырма. Сілтеме түрлерін және ережесін анықтау. (Т) (А деңгейі)

«Кластер» әдісі



Критерий

Дискриптор

Сілтеме түрлерін және ережесін анықтау

- Сілтеме түрлерін анықтады;

- ережелерін сәйкестендіреді







2.(Т,Ж) Есептер шығарады


Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

  1. Тапсырма. Еуромен берілген туристік жолдамалардың теңгедегі бағамын есептеңдер.

Мемлекет

Бағасы

Бағасы (теңге)

Франция

536


Ұлибритания

678


Беларусь

385


Бразилия

659




  1. Тапсырма. Күнделікті газет сатылымынан алынған түсім мен бір аптада әр газеттен алынған түсімді есептедер. Қай жерде абсолютті, кай жерде салыстырмалы сілтеме қолданылатынын атаңыз.

Апта күндері

Алаш айнасы

Егемен Қазақстан

Айқын

Балдаурен

Бір күндік түсім

Дүйсенбі

300

240

390

450


Сейсенбі

500

480

910

600


Сәрсенбі

800

360

650

900


Бейсенбі

900

360

520

750


Жұма

400

480

910

600


Сенбі

500

600

780

900


Жексенбі

600

600

130

450


1 дана бағасы

100

120

130

150


Әр газеттің апталык түсімі








Таратпа материал №1











Таратпа материал






























































































Бірін-бірі оқыту және есепті талдау

Оқушылар жұмыстарымен ауысады. Тапсырманы орындау барысында кездескен қиындықтарды талдайды, пайдаланған формулалар жайында айтып береді.

ДЕСКРИПТОР: Оқушы пайдаланған формулалары жайында сыныптасына түсіндіреді және талдайды.


Сабақтың соңы

10 мин

  1. Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі.



Рефлексия слайды

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқудың әртүрлі түрлері іске асырылады: жұптық жұмыс, практикалық жұмыс.

Барлық оқушы ұсынылған статистикалық функциялардың қолданылу аймағын біледі

Кейбір оқушылар өз мысалдарын келтіру арқылы басқа да функциялардың қызметін сипаттай алады

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып бағалайды

Дағдылар: Білу және түсіну, сыни ойлау

Компьютермен жұмыс жасау барысында, оқушылар компьютерді пайдаланудағы эргономика талаптары және компьютердің зиянды әсерінен қорғану тәсілдерімен танысады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сл жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі