400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Статья, тақырыбы "Бастауыш сыныптарда АКТ сабағын оқыту", 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда 3-сыныптарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұнына тоқталады. Бұл курста қандай компьютерлік бағдарламалар қолданылатыны жайында толығымен айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні

ХХІ ғасыр талабы – бұл адамзаттың компьютерлік сауатты болуы. Бұл өз кезегінде білім беру саласында білім мазмұнын жаңартып, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүйелі түрде қолдануды талап етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам қызметінің барлық салаларын қамтып қана қоймай, күнделікті өмірде де өз орнын тапты. Заманауи ақпараттық – коммуникациялық технологияның болашақ ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына, сондай-ақ қоғамда өз орнын табуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы ерекше екені белгілі. Күнділікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану ақпарат алмасу, оларды өңдеу сияқты жұмыстарды жылдамдатып қана қоймай, оның сапасын да арттырары сөзсіз.

2018-2019 оқу жылынан бастап 3-сынып бағдарламасына "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді. Бұл пән  компьютер мен жаңа технологияларды игерудiң бағыты ретiнде оқытылуда. Аталған пән бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларды нақты объектілер мен үрдістердің ақпараттық моделдерін түрлендіру, құру және оларды қолдану болып табылады. Сондай-ақ, басқа да оқу пәндерін игеру үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету.

Оқу бағдарламасы бойынша бірнеше компьютерлік бағдарламалар енгізілген. Ақпарат ұғымы және оларды өңдеуге арналған бағдарламалармен, компьютер құрылғыларымен танысып, күнделікті өмірде қолдануға бағытталған. «Компьютер және программалар» тарауы «Компьютердің құрылғылары», «Файлдар мен бумалар» және «Программалар терезесі» тақырыптарын қамтиды. «Компьютердің құрылғылары» тақырыбында оқушылар компьютер құрылғылары аттарымен және олардың жұмыс істеу тәртібімен танысады. Ал, «Файлдар мен бумалар» тақырыбында оқушыларды осы ұғымдармен таныстырып, файлдар, бумалар, таңбашалар құру және олармен жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады.  «Программалар терезесінде» тереземен жұмыс, жұмыс аймағында орналасқан объектілер, ақпарат және басқару элементтерімен жұмыс жасау қарастырылған.

Ал, келесі тарау мәтіндермен жұмыс жасауға арналған. Атап айтсақ, мәтінді пішімдеу, мәтінді теру және өңдеу, сақтау жұмыстары қамтылған. Бұл тарауда оқушылардың алғашқы мәтінді өңдеу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен қатар, пернетақтаны мәтінмен жұмыс жасау барысында тиімді пайдалану үлгілері берілген.

«Компьютер және дыбыстар» тарауында оқушылар цифрлық құрылғылар көмегімен дыбысты жазу және ойнату, дыбыстық эффектілер мен дыбысты өңдеу жұмыстарымен айналысады. Бұл үшін арнайы дыбыстармен жұмыс жасауға арналған «WavePad» бағдарламасы қолданылады. Мұнда оқушылар дыбыстарды тыңдап, жазып қана қоймай оларды өңдеуді де үйренеді.

Келесі тарау компьютерлік графикаға арналған. Бұл тарауда оқушылар Tux Paint графикалық редакторымен жұмыс жасауға дағдыланады. Tux Paint графикалық редакторының құралдарымен танысып, осы құралдарды қолдана отырып суреттер салуды және оларды өңдеуді игереді. Tux Paint редакторы қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген Photo Shop, Corel Draw графикалық редакторларын келешекте игеруіне өз септігін тигізеді.

Shape1











«Әлемнің барлығы Интернетте» тарауында оқушылар Интернеттен нақты сұрақтарға жауап табу үшін Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, желіде ақпарат алмасу жолдарын игеріп, Интернеттен ақпараттарды алып, оларды қажетінше өңдеуге үйренеді. Сондай-ақ, Интернет желісіндегі байланыстың қаупіне де ерекше көңіл бөлінген. Бұл жерде оқушыларға үлкендердің рұқсатынсыз таныс емес сайттарға кіруге, таныс емес адамдармен желі арқылы байланыс орнатуға және Интернет желісін үздіксіз ұзақ уақыт пайдалануға болмайтындығына ерекше тоқталып өткен. Болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі үшін Интернет желілерін тиімді пайдалану керек екенін оқушылардың санасына сіңіріп өсіру керек.

3-сынып бағдарламасы бойынша оқушылар Power Point бағдарламасымен танысып, мәтін мен видеолардан тұратын қарапайым презентациялар жасайды. Мұнда слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану, презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды қолдану сияқты бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып қызықты презентациялар жасауды игереді. Power Point бағдарламасы, Интернет желісі, аудио-видео құралдарын қолдана білу басқа да оқу пәндерін игеру үшін оқушыларға да, оқытушыларға да тиімді.

Жыл бойы оқушылар осындай бағдарламалармен жұмыс істетей отырып олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Сонымен қатар, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтары артып, алғашқы компьютерде жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің теориялық және практикалық базасы өз үйлесін тапқан. Себебі, оқулықтағы тақырыпқа сәйкес жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар берілген. Оқулықта әр-бір тақырыпқа сай практикалық жұмыс жасауға арналған тапсырмалар бар. Оқушылар осы тапсырмаларды орындай отырып теория мен практиканы еш кедергісіз үйлестіре алады.

Оқулықтағы тапсырмалар жеке және топтық жұмыстарға да арналған. Жобамен жұмыс барысында оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топтық жұмыс кезінде оқушының пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі арта түседі. Әрбір оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алуы керек. Оқушылар арасындағы ынтымақтастық нығаяды. Топта әр оқушы нақты бір іс-әрекет орындап, оны топта талқылап, белгілі бір нәтиже шығаруға үйренеді. Топтық жұмыстың негізгі бағыты әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқа топ мүшелерінің ойын тыңдап, талқылап, белгілі бір шешім қабылдауға мүмкіндік беру.

Өз басым «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін бастауыш сыныптардан бастап оқу бағдарламасына қосқанын дұрыс бағалаймын. Қазақстанның ілгерілеп дамуына келешек ұрпақтың қосар үлесі мол. Сондықтан да заман талабына сай білім беру ұстаздардың еншісінде. Болашақ ұрпағымыз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, дұрыс, сауатты қолдана алса нұр үстіне нұр болар еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі