400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

STEAM технологиясы бойынша кіріктірілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті Тақырыбы: “Бауырсақ” ертегісі .

Материал туралы қысқаша түсінік
STEAM технологиясы бойынша кіріктірілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің ҚМКҚ «Балауса» балабақшасы









STEAM технологиясы бойынша кіріктірілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті







Тақырыбы: “Бауырсақ” ертегісі .



















Битимбаева Раушан Кабдыловна









«Көбелек» аралас тобы



2024-2025 о.ж

STEAM технологиясы бойынша кіріктірілген

ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті



Тақырыбы: “Бауырсақ” ертегісі .

Мақсат, міндеттері: ертегі бойынша балалардың танымдық қасиеттерін арттыру

Белсенділік орталықтар: сөйлеу дамыту , көркем әдебиет , құрастыру , сурет, қоршаған ортамен таныстыру, денсаулық .

Көрнекілік құралдар: ертегі пейзажы бейнеленген пано, ертегі кейіпкерлердің суреттері , зип пакет , сенсорлық қалташа, ғажайып жұмыртқа , түлкі бейнеленген пазл

Кіріспе бөлім:

-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

-Керемет!

-Керемет көңіл- күймен қызықты ойындар ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма ?

Ия

-Жарайсыңдар! Ендеше біз қонақтарымызға “Бауырсақ” ертегісін көрсетіп берейік. Бірақ алдымен келген қонақтармен музыкалық сәлемдесу арқылы амандасып алайық.

(BilimKids дамытушы мультфильмді қосып қарсы алу.“Сәлем, сәлем” https://cdn.onlinebalabaqsha.kz/inside2020/storage/media/videos/video_file/9/privet.mp4)



Изображение 1 Изображение 2

Негізгі бөлім: ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде ата мен апа турыпты. Бір күні ата ападан бауырсақ пісіріп беруің сурапты.апа көп ойланып қамбаларды сыпырып , қаптарды қағып , бір уыс ұн жинап алып атаға бауырсақ пісіріп беріпті . Бауырсақты суып тұрсын деп , терезеге қойыпты. Бауырсақ терезеде отыра жалығып , орманға қашып кетеді.


1-тапсырма

«Ғажайып жұмыртқа »

Әр баланың алдына ғажайып жұмыртқа және киіз үйдің суреті берілген. Балалар жұмырқаны жыртып , ішінен бауырсақтын суретін шығарады , суретті киіз үйдің үстіне орналастырады .

-Жарайсыңдар! Барлығың дұрыс орындап шықтыңдар.


Изображение 3 Изображение 6

Бауырсақ орманда домалап келеді , домалап келеді алдынан не шығады ?

-Қоян


2 тапсырма :

“Зип пакет”

Әр баланың алдында жасыл түсті зип пакет беріледі . балалар саусақ арқылы бояудың астында жасырылған қоянның суретін табады. Суретті паноға апарып жапсырады

Изображение 7 Изображение 8

- Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!

-Жемеші мені Қоянжан , мен саған өлең айтып беремін.

Мен Бауырсақ , бауырсақ мен апамнан қаштым , мен атамнан қаштым сенен де қашамын
” - деп қашып кетеді Домалап келеді , домалап келеді алдынан не шығады ?


3 тапсырма :

“ Сенсорлық қалташа”

Балалар қалташаны ашу арқылы , ішінде жасырылған қасқырдық суретін алып шығады.


Изображение 9 Изображение 10

- Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!

-Жемеші мені Қасқырау , мен саған өлең айтып беремін.

Мен Бауырсақ , бауырсақ мен апамнан қаштым , мен атамнан қаштым мен Қояннан қаштым сенен де қашамын”- деп қашып кетеді . Домалап келеді , домалап келеді алдынан не шығады ?


-Аю .

4 тапсырма : “ Маймақ аю”

-Жарайсындар балалар . Ал кәзір дала қандай , кім біледі ?

-Суық .

-Дұрыс айтасныдар . дала суық . Өйткені қазір далада қыс мезгілі.

--Ал аю қыста не істейді ?

-Ұйықтайды .

-Ия , аю қыста ұйықтайды . Аюмен бірге жаттығу жасап жіберейік

(“ Маймақ аю “ тақпағын қайталап , балалармен бірге жаттығу жасайды)



Изображение 11 Изображение 12


- Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!

-Жемеші мені Аю аға , мен саған өлең айтып беремін.

Мен Бауырсақ , бауырсақ мен апамнан қаштым , мен атамнан қаштым , Қояннан қаштым , Қасқырдан қаштым , сенен де қашамын “-

деп бауырсақ қашып кетеді Домалап келеді , домалап келеді алдынан не шығады ?

- түлкі шығады


5 тапсырма : түлкі бейнеленген пазл

-Ал балалар айтындаршы түлкі қандай ?

-Қу .

-Дұрыс айтасындар , түлкі өте қу , айлакер . ертегіде ол бауырсақты жеп қояды. Ал біздің түлкіміз мейірімді , ол бауырсақты жемей , атасы мен апасына апарып береді. Сол үшін біз түлкімізге өзінің суретін құрастырып берейік .

Әр балаланың жас ерекшеліктерін ескере отырып қиылған суреттер берілген . Томирис және Эльханға екіге бөлінген , ал қалған балаларға үшке бөлінген суреттерді құрастыру үшін берілді . Балалар суреттерді құрастырып , түлкінің бейнесін тапты.


Қорытынды бөлім:

-Жарайсыңдар!

-Ертегі соңы қалай аяқталды?

- Түлкі бауырсақты жемей , атасы мен апасына қайтарып береді .

-Бүгінгі ертегі желісі бойынша тапсырмалар сендерге ұнады ма?

-Ұнады, қызықты болды. .

-Жарайсыңдар!Мен сендерді мақтан тұтамын! Рахмет сендерге .

-Ал енді келген қонақтармен қоштасып алайық

-Сау болыңыз!



«Көбелек» аралас тобында 2024 жылы 20 желтоқсанда өткізілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекетіне талдау .



Тақырыбы: “Бауырсақ” ертегісі .

Мақсат, міндеттері: ертегі бойынша балалардың танымдық қасиеттерін арттыру

Белсенділік орталықтар: сөйлеу дамыту , көркем әдебиет , құрастыру , сурет, қоршаған ортамен таныстыру, денсаулық .

Көрнекілік құралдар: ертегі пейзажы бейнеленген пано, ертегі кейіпкерлердің суреттері , зип пакет , сенсорлық қалташа, ғажайып жұмыртқа , түлкі бейнеленген пазл

Бұл ашық іс- әрекет 6 баладан тұратын , аралас топ балалармен өткізілді. Ұзақтығы 15 минут,санитарлық –гигиеналық жағдайлар талаптарға сай болды .Іс -әрекет өзара байланысты үш кезеңнен тұрды, оның барысында балалар кезең-кезеңімен әртүрлі әрекеттерді орындады. Іс -әрекет жоспарлау кезінде 1-2 жастағы балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескерілді.

Ұйымдастырылған іс- әрекет STEAM - технологиясын пайдалана отырып өткізілді . Іс- әрекеттің әр кезеніңде мен балалардың қиял және ойлау қабілеттерін , зейіндерін, ұсақ қол моторикаларын дамытуға тырыстым . Сонымен бірге балалармен үш дағдыны қамти алдым .

Біріншіден : Ғажайып жұмыртқа Сенсорика , яғни таным дағдысы . Бұл жерде балалар жұмыртұаны аша отырып , ұсақ қол моторикасын , қиял және ойлау қабілеттерін дамытты.

Екіншіден: “Зип пакет” бұл әдіс шығармашылық дағдысына , әғни балалар саусақ арқылы қоянның суретін тауып берді . бұл дәстүрден тыс сурет салу әдісіне сай .

Үшіншіден “ Қиылған суреттер” , құрастыру , яғни таным дағдысы . Балалр өздерінің жастарына сай қиылған суреттерден түлкінің бейнесін құрастырды .

Төртіншіден , музыкалық қимылды қозғалыстарды пайдалана отырып , шығармашылық және физикалық дағдыларын дамыттым.

Әр кезеннің тапсырмалары балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып алынды .

Ұйымдастырылған іс - әрекетте алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын .






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі