STEM - білім беру бағдарламасының жаңа тренді

Тақырып бойынша 14 материал табылды

STEM - білім беру бағдарламасының жаңа тренді

Материал туралы қысқаша түсінік
STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады.STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достлеуова Лаззат Биекеновна

«Опорный жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің

физика пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылы


STEM - білім беру бағдарламасының жаңа тренді


Қоғамның қай саласының да дамуы да білім мен ғылымға тікелей байланысты. Ғылыми - технологиялық революцияның бүгінгі қарқыны тым тез һәм тым өзгермелі. Бүгінде әлем елдері ғылыми технологиялық революцияның төртінші толқынына куә болып отыр. Ол дегеніңіз — жоғары технологиялық инновациялар, таңғаларлық өнертабыстар, ақпараттардың жылдам әрі толассыз ағыны, күн сайын жетілдіріліп отырған автоматтық жүйелер, робототехника, т.б.

Дамудың жедел қарқыны білім беру жүйесіне де жаңаша талап қоятыны айқын. Талап бар, ол — қазіргі техниканың озық дамыған ғасырында жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыра отырып, жан-жақты, заманауи әдістер мен технологияларды білетін, терең білімді, өз білімін кез-келген салада қолдана алатын тұлға тәрбиелеу.Осы мақсатта елімізде қазір бірқатар білім бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соның  бірі, білім берудің жаңа бағыты — STEM бағыты.

Ең алдымен STEM ұғымын түсініп алайық. STEM деген не? Оның қандай мақсаты бар? Қашан пайда болды?

STEM аббревиатурасы ағылшын тіліндегі «science, technology, engineering, mathematics» деген сөздерден алынған. Яғни, бұл бағыт бір мезгілде ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіре отырып, академиялық бағытта дамыту дегенді білдіреді.

«STEM» ұғымын ең алғаш 1990 жылы америкалық бактериолог Р.Колвэлл ұсынған.Тоқсаныншы жылдары Америкада жоғары технологиялық компанияларда осы инновациялық технологияның тілін білетін жоғары білікті кадрларға тапшылық байқалды. Сондықтан білім беру саласында жаратылыстану және нақты ғылымды бір бүтін етіп қарастыратын STEM - тәсіл деген пайда болды. Бүгінде  өзінің ғылыми - техникалық элитасын дамытуға бағыт алған елдерде STEM - тәсілі мемлекеттік деңгейде енгізіліп жатыр.

Мәселен, Канада, Финляндия, Гонконг, Германия, Австралия, Қытай, Ұлыбритания, Израиль, Корея, Сингапур, Швеция, АҚШ-та осы STEM - білім беру бағыты мемлекеттік деңгейде жүргізіледі екен. Цифрлық экономикасы жоғары дамыған АҚШ - та STEM - білім беруді дамыту бойынша 2015 - 2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспар қабылданған.

Бүгінде тек АҚШ ғана емес, әлем әлдерінде цифрлық технология мен цифрландыру  қарқынды дамып келеді. Алыс-жақын болашақта әлемде ІТ-мамандарға, бағдарламашыларға, инженерлерге, жоғары технологиялық өндірістерде жұмыс істейтін білікті мамандарға, био - және нано-технологияларға сұраныс жоғары болады.  Сондықтан, STEM - білім беру бағытын уақыттың өзі қажет етіп отырғаны айқын.

STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. Қазақстанға енді келіп жатыр. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Кез – келген мұғалім кез - келген технологияны, әдіс - тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. Оқушы 
жаратылыстану,  физика география т. б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды. Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді. Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды. Бізден сұрайды? біз ертең үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз. Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді. Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады. 
Яғни, сол затты жасап шығарғанда мысалы; ол кішкентай бір конструктор, кішкентай бір гидровликалық кран болсын соны жасағанда 
химия физика,  математика, геометрияны да қолданып есептей алған білімдерін біріктіре отырып жасайды. Сол арқылы оқушы ойлайды, мен білімді қолданып жатырмын деп. Міне осылай, STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді? Ал, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. Оқушыларға арналған инновациялық құрал - саймандар, 3D принтрлар бар. Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады. STEM орталық болып басталған, қазіргі таңда бірнеше жобалар STEM зертханасы, STEM кітапханасы, ойыншық конструкциялар Қазақстанда жасалуда жоба жетекшісі Залқарбек Мұраталиұлы.

STEM арқылы оқушы не үйренеді:
Мотивация алады.
Теорияға деген қызығушылығы артады, оның маңызын түсінеді.
Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Жоба жасай алады.
Идея ойлап табады алады.
Жан - жақты болады.
Дарынды оқушы анықталады.
Бәсекеге қабілетті болады.
Сын тұрғысынан ойлай алады.
Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады.

XI ғасыр - ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Осыған орай әр мұғалім білімді ұрпақ тәрбиелеуде жан - жақты ізденімпаз болуы керек. Қазіргі заманауи мұғалім оқушыларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді.

Қазіргі заманда адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне байланысты "STEM" әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Сол себепті мен "STEAM білім беру негіздері" курсын оқып алдым. Бұл курстан қолданыстағы пәндерді біріктіре отырып, жоба жасау негізінде білім беру екенін түсіндім.

Елбасының "Іс-қимыл кезеңі" жолдауында,

"Жаңа жағдайдағы Қазақстанды" дамытуда,

Цифрлық технологияны қажет етті,

Ұлттық бәсекеге қабілетті ел болуда.

Білім беру саласында жаңаша,

"STEAM негіздері" курсы тамаша.

Пәнаралық сипаты бірлескен,

Оқушыға жеткізу тәсілі де айрықша.

Ғылым мен технология,

Математика мен инженерия,

Салаларды бір арнаға тоғыстырған.

Виртуалды шындық, дизайн мен анимация,

Оқушыға креативті индустрияны ұқтырған.

STEM-нің артықшылығы - сапада,

Бірігіп ұжыммен немесе тұлғалық дамуда.

Уақыттың талабына сай болып,

Әлемдік үдерістерді игеріп озуда.

STEM жобасы негізінде физика сабағында демонстрациялық және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті қондырғылар мен бағдарламалармен қамтамасыз етсе, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, 21- ғасырдың дарынды, қабілетті тұлғасы қалыптасар еді. Әрине, STEM - білім беру бағдарламасынын жүзеге асыру қаржылай мәселелерге алып келеді. Бірақ, білімге салынған инвистиция, ең тиімді инвестиция. Бұл бағдарлама әрбір баланың өсіп, өнуіне өз септігін тигізеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі