400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбектен беретін ұстаздарға керек, бұл арқылы көркем еңбек сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді

STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы.Олар: ғылым, технология, инженерия және математика.Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзлік білім саласындағы жаңа тренд.Қазақстанға енді келіп жатыр.STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады.Өйтені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр.Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр.Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті.Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Кез – келген мұғалім кез-келген технологияны, әдіс-тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді.Оқушы жаратылыстану, физика , география т.б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды.Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді.Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды.Бізден сұрайды? біз ертен үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз.Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді.Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі- бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.Яғни, сол затты жасап шығарғанда мысалы; ол кішентай бір конструктор, кішкентай бір гидровликалық кран болсын соны жасағанда химия, физика, математика, геометрияны да қолданып есептей алған білімдерін біріктіре отырып жасайды.Сол арқылы оқушы ойлайды, мен білімді қолданып жатырмын деп.Міне осылай, STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды.Бала өзінің жасаған бұйымын , өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады.Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді? Ал, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді.Оқушыларға арналған инновациялық құрал-саймандар, 3D принтрлар бар.Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады. STEM орталық болып басталған, қазіргі таңда бірнеше жобалар STEM зертханасы, STEM кітапханасы, ойыншық конструкциялар Қазақстанда жасалуда жоба жетекшісі Залқарбек Мұраталиұлы. Нақтылай келгенде, STEM мен функционалдық сауаттылықтың айырмашылықтары мен ұқсастықтары:


Функционалдық сауаттылық

STEM

Мақсаты- сабақта алған білімін өмірде қолдана алу.Бірақ бір бағыт бойынша жүреді.Мыс: математика пәні бойынша математикалық сауаттылық , сауат ашу пәні бойынша оқу сауаттылығы дамиды.

Мақсаты- сабақта алған білімін өмірде қолдана алу.Бірақ алған білімін басқа пәндермен байланыстырып, бірнеше бағыт бойынша жүреді.Олар: ғылым, технология, инженерия және математиканың бірлескен түрі.


STEM-ді бөлек пәндерден таңдау курсы ретінде жүргізуге болады.Қазіргі таңда технология сабағында ұлдар мен қыздар жұмыс жасайды.Бірақ ол жеткіліксіз. STEM арқылы оқушы не үйренеді:

  • Мотивация алады.

  • Теорияға деген қызығушылығы артады, оның маңызын түсінеді.

  • Сабаққа деген қызығушылығы артады.

  • Жоба жасай алады.

  • Идея ойлап табады алады.

  • Жан- жақты болады.

  • Дарынды оқушы анықталады.

  • Бәсекеге қабілетті болады.

  • Сын тұрғысынан ойлай алады.

  • Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады.

Ұсыныс: Көркем еңбек сабағын жан-жақты түсіндіріп, сабақта алған білімін өмірде қолдана алу үшін 7 сыныптарда  «Тігін бұйымдарының сызбасын құрастыру және модельдеу» бойынша тақырып өтеміз.Сол сабақта, SAPR грация-330 бағдарламасы арқылы жүзеге асыру бала үшін тиімді деп ойлаймын. Жалпы бұл бағдарламада дизайн, құрастыру және модельдеу, үлгілерді  орналастыру, қажетті материал шығынын есептеу,  бір  киім үлгісін бірнеше үлгіде ,әр түрлі өлшемдерге өзгерту қарастырылған.


Бағдарламаның мақсаты: SAPR грация-330 бағдарламасы қолдану арқылы оқушыларды компьютерлік жобалау, модельдеу және дизайн қабілеттерін дамытуға ықпал ету.


Даму міндеттері

- Өлшем  бойынша бұйым сызбасын  құрастыру және модельдеуге үйрету.

- Модельдеу арқылы есте сақтау, ойлау және, шығармашылық қиялын дамыту.

- АКТ тиімді қолдана білу мүмкіндігі артады.

- Технологиялық сауаттылықты қалыптастыру.

- Стратегиялық ойлауды дамыту.


Күтілетін нәтижелер

- SAPR  грация бағдарламасында өлшем бойынша бұйым сызбасын дайындайды.

- Бұйым сызбасына өзгеріс енгізіп, модельдейді.

- Бұйым үлгілерін көлемді пішінде шығара біліді.

- Бұйым бөлшектерін өңдейді.


Көркем еңбек  пәнінде тігін бұйымдарының сызбасын  құрастыруда SAPR  грация бағдарламасында оқытуды қолдану оң нәтиже береді.Әсіресе тігін бұйымдардың сызбасын жобалау, құрастыру, модельдеу  бағытында заманауи  технологияларды  қолдану, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы орындауға мүмкіншілік береді. Мысалы оқушылар бұрын тігін бұйымының сызбасын   құрастыруда көп уақыт жоғалтса, қазіргі кезде  «Сапр Грация» 330 бағдарламасы негізінде алгоритм бойынша қажетті өлшемдерді нақтылай отырып, сызба құрастыруды және модельдеуді  үйренеді. Бұл оқушыға болашақта алған білімін өмірде қолдануына үлкен мүмкіншілік береді.

Қазіргі заманауи мұғалім оқушыларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Әрине, STEM- білім беру бағдарламасынын жүзеге асыру қаржылай мәселелерге алып келеді.Бірақ, білімге салынған инвистиция, ең тиімді инвестиция. Бұл бағдарлама әрбір баланың өсіп, өнуіне өз септігін тигізеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
1363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі