400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Step by step» технологиясын ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Step by step» технологиясын қолдана отырып, баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, сыни ойлауға, заман талабына сай қажетті дағдыларды қалыптастыруда педагогтерге әдістемелік көмек беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Step by step» технологиясын ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдану»

/Шебер сынып/

Дарибаева Д.Ж. Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, «Жұлдыз» бөбекжай –балабақшасының әдіскері

Мақсаты: «Step by step» технологиясын қолдана отырып, баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, сыни ойлауға, заман талабына сай қажетті дағдыларды қалыптастыруда педагогтерге әдістемелік көмек беру

Міндеті: «Step by step» технологиясы бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асыруды үйрету

Күтілетін нәтиже: Педагогтардың білімдері жинақталады, қызығушылығы, ынтасы артады, ұйымдастырылған іс -әрекетті жаңаша жоспарлай алады.

Жүргізілу барысы:

- Құрметті әріптестер, жұмысымызды бастамас бұрын өздеріңізге ұнаған смайликті таңдап вербальді емес түрде амандасайық. /смайликті таңдап әдіскер бастап сағат тілімен шеңбер бойында бір бірімен амандасып шығады/

-Рахмет! Балабақшамызда ««Step by step» технологиясын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқаны бәрімізге мәлім. Бүгінгі шебер сыныпта «Step by step» технологиясы бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асыруды үйренетін боламыз. Алдымен «Step by step»бағдарламасының ережесін есімізге түсіріп алайық. Мен допты бірінші адамға лақтырамын, қағып алып бірінші ережесін атайды, солай жалғасып кете береді.

  1. Доп лақтырылады:/допты қағып алған тәрбиешілер ретімен ережені айтады/

1.Таңертеңгілік жиын өткізу

2.Белсенділік орталықтарына бөлініп, шағын топтармен жұмыс істеу. Балаларға еркіндік беру, өз таңдауы бойынша орталық

3.Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу

4.Әр баланың жеке даму портфолиосының болуы

5.Ата-аналармен тығыз байланыста болу.

-Қазір сіздер үш топқа бөлініп «Жемістер мен көкөністер» тақырыбымен көркем әдебиет, өнер, ғылым белсенділік орталықтарында жоспар құратын боласыздар. Алдарыңызға қажетті құрал жабдықтар берілген, ұжыммен жұмыс жасайсыздар. Ережені ескереміз , яғни белсенділік орталықтарына бару өздеріңіздің таңдауыңыз бойынша. Іске сәт әріптестер!

1. Көркем әдебиет орталығы: «Көкөністер дауы» ертегісін сахналау

2. Өнер орталығы: «Менің сүйікті жемісім, көкөнісім» бейнелеу

3.Ғылым орталығы: «Көкөністер мен жемістер туралы не білемін» тәжірибе жұмысы: шырын жасау, дәмінен ажырату, шырын жасау арқылы адам ағзасына пайдасы.

Педагогтар жұмыс жасайды.

-Дайын болған топтар қол шапалақтап белгі берсеңіздер болады. Стикермен бірге топтар қорғауға шақырайық. Дайын болған топ ортаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.

Көркем әдебиет орталығы: «Көкөністер дауы» ертегісін сахналайды. Стикер қорғайды: Айгерім апай: Біз көркем әдебиет орталығында «Көкөністер мен жемістер дауы» ертегісін сахналадық. Орталықта балалардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі дамиды. Кітапқа деген құрмет пен қызығушылығы артады.Сөздік қорлары молаяды. Рольдерді бірлесіп бөліп алу арқылы командалық дағдылары дамиды.

Өнер орталығы: Стикер Тамара апай: Біз өнер орталығында сүйікті көкөністер мен жемістерді бейнеледік. Қызығушылығымыз бойынша таңдап алған сурет салу, жапсыру, мүсіндеу іс-әрекеттерінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдандық. Өнер орталығында балалардың креативтілігі дамиды, яғни педагог берген бір үлгі бойынша емес, қалағанын салуға мүмкіндік беріліп отыр.

Ғылым орталығы: стикер Жұлдыз апай: Ғылым орталығында «Көкөністер мен жемістер туралы не білемін» тақырыбында зерттеу жүргіздік. Алдымыздағы көкөністер мен жемістерден шырын, тосап жасадық. Мұнда балалар заттарды зерттеп, дәмін, иісін ажырату, олардың адам ағзасына қандай пайдасы бар екені туралы мағлұматты игереді.

-Рахмет, барлықтарыңыз белсенділік таныттыңыздар. Олай болса, біраз сергіп алайық.

Бүгінгі жұмысымызға кері байланыс «Білім гүлі» әдісі арқылы жасап жіберейік: Өте жақсы түсіндім, түсіндім, әлі де ізденіс қажет етеді.

Муканова Ш.Д. «Қызғалдақ» ортаңғы тобының тәрбиешісі:Бүгінгі шебер сыныпта степ бай степ технологиясы бойынша тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыруды өте жақсы түсіндім. Өзімнің әдістемелік қоржынымды тағы бір біліммен толықтырдым деп санаймын.

Абылбекова Г.М. «Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиешісі: Бүгінгі шебер жұмыста алған әсерім мол, жас маман ретінде мен келесі шебер сыныпта степ бай степ технологиясының ережесіне сәйкес ата-ананы білім беру процесіне қатыстыруды үйренгім келеді.

-Ұсынысыңыз ескеретін боламын.

- Құрметті әріптестер, степ бай степ технологиясы бойынша ұйымдастырылған іс әрекетті белсенді орталықтарда жоспарлауды үйрендік. Барлықтарыңызға рахмет, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15.05.2023
323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі