400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасында курс жасақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасында курс жасақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі

Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасында курс жасақтау

Абдыр Индира Қуанышбекқызы

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы

Аннотация

Рассмотрено развитие познавательных способностей учащихся посредством педагогического проектирования и создание курса по алгоритмам программирования на языке Python для развития познавательных способностей учащихся посредством педагогического проектирования на интерактивной образовательной платформе современного онлайн-образования Stepik.

Annotation

The development of students' cognitive abilities through pedagogical design and the creation of a course on programming algorithms in Python for the development of students' cognitive abilities through pedagogical design on the interactive educational platform of modern online education Stepik are considered.

Қазіргі білім беру парадигмасы білім беру процесінің мәнін білім алушыға оқытушының білімін, дағдысын жай ғана беру емес, оқытушы көмегімен оқытуда, өзара әрекеттесу мен қарым-қатынаста білімді «алу» процесі ретінде анықтайды. Қазіргі таңда мұғалімнің міндеті – бір нәрсені үйрету емес, қажетті ақпаратты ізденіп, меңгеруді сүйемелдеу. Қай уақытта да оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен дидактикалық материалдар оқытушының негізгі көмекшісі болды, олардың тиімділігі заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында айтарлықтай артады. Электрондық оқулықтар, онлайн оқу ресурстары, компьютерлік оқыту бағдарламалары, әртүрлі тест кешендері және т.б. оқытушының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Дегенмен, қазіргі жағдайда оқушылардың танымдық қабілетін табысты және тиімді дамыту үшін білім алушыларды белсенді танымдық әрекетке баулудың жаңа құралдары қажет.

Педагогикалық дизайн арқылы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыған заманында қашықтықтан оқытуға арналған онлайн курстар, контенттер ұйымдастырылып жатыр. Осы заманауи курстарды жасап шығару үшін онлайн курстың мақсатын, құзыреттілігі мен күтілетін нәтижелерін алдын ала айқындап, жобалау талап етіледі. Осылайша курсты жан-жақты, көркем түрде жобалап алу қажет. Ол үшін курстың педагогикалық сценарийін жасап шығу қажет.

Педагогикалық дизайн – қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қашықтықтан оқыту әдістемесін дамыту ең маңызды міндеті болып табылатын ғылыми пән. Peddesign мақсаттардың, оқу материалының және білімді тасымалдауға арналған қолжетімді құралдардың интегралды жүйесін құрайды

Оқытушы курстың дизайнын алдын-ала жасайды. Дизайнда курстың құрылымы, құрылатын курстың элементтері көрсетіледі.

Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру және білім алаушының танымдық қабілеттерін дамыту үшін кез келген оқытушы өз іс-әрекетін мұқият ойластырып, жоспарлауы қажет. Сондықтан олардың әрқайсысы қандай да бір жолмен педагогикалық жобалауды жүзеге асырады және сабақтың технологиясын анықтайды, оқу дизайнын әзірлейді.

Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасы қазіргі таңда онлайн курс ұйымдастырушылардың арасында ең танымал көмекші құралға айналып отыр. Бұл платформа кез келген құрылғыда қолдануға ыңғайлы, кез келген операциялық жүйеде қолдау тапқан. Оқытушы үшін де, білім алушы үшін де өте ыңғайлы. Stepik платформасы App Store және Google play мобильді қосымшалар дүкендеріне негізделіп жасалған.

Платформада теориялық және практикалық материалдар мен тапсырмалар бар 4 модуль, 6 сабақтар қамтылған.

Курс модульдері:

  • Тармақталған алгоритмдерді программалау

  • Практикум. Тармақталған алгоритмдерді программалау

  • Кірістірілген шарттарды программалау

  • Практикум. Кірістірілген шарттарды программалау

  • Күрделі шарттарды программалау

  • Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Әр модуль теориялық материалдардан және практикалық сабақтар тізімінен тұрады. Соның ішінен теориялық материалдарды таңдау арқылы теориялық сабақ мәтіні орналасқан бетке өтуге болады. Ол жерде бет екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде теориялық материалдар мен практикалық сабақтардың тізбесі орналасқан, ал оң жақ бөлігінде теориялық материалдар орналасқан

Білім алушылар теориялық материалдар қарап шығып және практикалық сабақтарды орындап болған соң, игерілген білімді тексеру мақсатымен интерактивті тапсырмаларды орындауға болады. Оның ішінде Бағдарламалау тапсырмалары қадамы арқылы жасалған есептің шарты берілген есепті шығарып, программа құрып, программа кодын # put your python code here терезесіне енгізіп Python3 трансляторын таңдап, Жіберу(Отправить) батырмасын басу арқылы тапсырманы тексеруге жіберу қажет. Жіберіп болған соң нәтижесі бірден білім алушыға көрінеді және оқытушының жеке кәбинетіне барып түседі

Әр сабақтың тақырыбы теориялық мәліметтер негізінде теориялық мәліметтерден, нинтерактивті тапсырмалардан, бақылауға арналған тапсырмалардан, видео жазбалардан, білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмаларда және білімді бақылауға арналған тестілерден тұрады.

Ұсынылып οтырған педагогикалық дизайн арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін Stepik интерактивті платформасында интерактивті онлайн оқыту ортасы мектеп мұғалімдері, білім алушылар және болашақ мұғалімдерге, онлайн курс ұйымдастырушыларға арналған. Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасы жұмысының сапасы, жылдамдығы, әмбебаптығы және сенімділігі бοйынша барлық қοйылған талаптарды қанағаттандырады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогикалық дизайн: теориясы мен практикасы. Астана: Орташа мектеп жасөспірімдеуішілік орталығы. Тұсаупбекова, Қ. Ә., & Мырзабекова, Ж. Ә. (2018).

  2. Педагогикалық дизайн арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту. Алматы: Білім. Ермекбаева, Г. Ж., & Шарипова, Б. Ж. (2015).

  3. Педагогикалық дизайн арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту: оқу әдістері мен құралдары. Алматы: Аруна. Мейірбекова, Ш. (2016).

  4. https://welcome.stepik.org Stepik платформасы, 2016 жылы құрылған

  5. Рефлексия. Педагогическая рефлексия: Лекции и практикум по психоло¬гии [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://www.vashpsixolog.ru/lectures-on-the-psychology/134-other-psychology/792-reflection-teacher-reflection

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі