400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

А.С.Елдашбаева математика және информатика пәндер оқытушысы.

Күні: 09.10.2020 жылы

Математика

Курс: ІI

Тобы: ДТА-19-2

Сабақтың тақырыбы

Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету.

Сабақ мақсаттары

Студенттер:

- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын білу;

-стереометрияның аксиомаларын сызбада бейнелеп, математикалық символдармен жазу;

-аксиомалардан шығатын кейбір қарапайым салдарларды дәлелдеп,оларды есептер шығаруда қолдану.

Бағалау

критерийлері

Студенттер:

- стереометрияның аксиомаларын сызбада кескіндейді және математикалық символдарды қолданып дұрыс жазады;

- аксиомалардан шығатын кейбір қарапайым салдарларды дәлелдеп,оларды есептер шығаруда қолданады.

- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын тұжырымдайды.

-Аксиомаларға сүйеніп теоремаларды дәледейді, жауаптарын негіздейді.

Тілдік

мақсаттар


Студенттер:

  • стереометрия аксиомалары мен олардан шығатын салдарларды тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • стереометрия;

  • жазықтық;

  • кеңістік;

  • аксиома;

  • салдар.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

  • Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі - ..... ;

  • бір түзуде жатпайтын үш нүкте арқылы ... жүргізуге болады;

  • егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі болса, онда ... ;

  • егер түзудің ..... жазықтыққа тиісті болса, онда түзу толығымен осы жазықтықта жатады;

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуге дағдыландыру. Жұптық жұмыс барысында табандылықпен ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастыру. Азаматтық жауапкершілік пен адалдықты студент бойына сіңіру.

АКТ қолдану дағдылары

Active Inspire, Power Point таныстырылым дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Планиметрия аксиомаларын біледі, нүктелердің түзуге тиістілігін математикалық символдармен жаза алады. Жазықтықта сызбаларды салады.

Дереккөздер, көрнекі құралдар

Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, үш тілде сөздіктер, фигуралар.

Әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» сұрақ – жауап, «Джигсо» ой қозғау, постер қорғау, топтық жұмыс, «Бағдаршам» әдісі.

Пәнаралық байланыс

Графика және жобалау

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақы ты


Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттің

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

1 мин

Топ студенттерімен сәлемдесіп,студенттер-дің назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат –міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сәлемдеседі. Назарларын сабаққа аударып,сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.

«Геометрия-10»

Авторлары: Ж.Қайдасов, И.Бекбаев, Ә.Қағазбаева, В.Гусев

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

1 мин

Студенттердің фигураларды құрастыру арқылы топқа бөлуін қадағалайды.

Студенттер геометриялық фигураларды құрастыра отырып топқа бөлінеді.

Фигуралар аттары жазылған қима қағаздар

«Миға шабуыл» әдісі

7 мин

Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Студенттер сұрақтарға шапшаң жауап береді, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.


Слайдтар, фишкалар

«Джигсо» әдісі

Элиот Аронсон бойынша

20 мин

Студенттердің берілген тақырыпты өздігінен оқып, талдап, бірігіп ынтымақтаса, топ ішінде талқылап жұмыс жасауына жол ашу мақсатында топтарға тақырыпшаларды бөліп береді.

Әр топ өз тақырыптарына ой жүгіртеді, оқыған, көрген, білгендерін топтасып талдау жасайды. Талдау нәтижелерін ортаға салып, ойларын айқын тұжырымдайды. Жинақталған ақпараттар бойынша әр топ постер жасайды және қорғайды.

Үлестірмелі материалдар, флипчарт, маркер, т.б.

«Ойлан, жұптас, пікірлес»


10 мин.

Өтілген тақырып бойынша практикалық тапсырмалар тарату.

Тапсырма таратылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен жазғанын (3-4 минут) талқылайды, пікірлеседі, топқа баяндайды.

Үлестірмелі материалдар, тапсырмалар

«Есте сақта»

2 мин.

Жаңа тақырыпқа қатысты математикалық терминдерді 3 тілде тақтада көрсетіп, үйге жаттау үшін үлестірме материалдар береді.

  1. Жаңа терминдермен 3 тілде танысады.

Слайд, үлестірме материалдар

Кері байланыс

«Бағдаршам»


2 мин.

«Бағдаршам» әдісі арқылы студенттерден кері байланыс алады.


Студенттер бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды. (Қызыл-түсінген жоқпын. Сары - жартылай түсіндім. Жасыл-түсіндім)

3 түсті дөңгелек фигуралар

Бағалау

1 мин.

Критерийлер бойынша студенттердің жинаған фишкалары арқылы топты және жеке студенттерді бағалайды.

Студенттер бағаланады.

Топ тізімі мен әр түрлі фишкалар

Үйге берілетін тапсырма

1 мин.

1.«Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар» тақырыбын оқу.

2.Тақырыпқа байланысты тарихи мағлұматтар жинау.


«Геометрия-10»

Авторлары: Ж.Қайдасов, И.Бекбаев, Ә.Қағазбаева, В.Гусев



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі