Гүлмира Серіққалиевна
Брашева
Орал «Сервис» технологиялық
колледжі,
өндірістік оқыту шебері, Орал
қаласы.
Киімнің сәні мен стилі: декоративтік әрлеу- моншақ, түйме,
гүлдер.
(шеберлік-
класс)
Мақсаты:
«Сән» деген түсінікке анықтама
беріп сәннің даму заңдылықтары және оның стильдік түрлері,
кезеңдері туралы хабардар ету.
Міндеттері:
-сән теориясының негізгі мәселелерімен
таныстыру;
-киімнің декоративтік
бөлшектерін матадан, жібек ленталар мен моншақтардан дайындауды
үйрету.
Сабақтың мазмұндық негізі:
«Сән» жарқыраған көбелектер
сияқты бір сәт қана өмір сүреді деген түсінік қалыптасқан. Пайда
болды да, басты айналдырып, жоқ болып кетті. Алайда, бұл қарапайым
ғана түсінік, ал сән дегеніміз қарапайым біріңғайлылықты
мойындайды...»
Сабақтың кіріспесі:
«Сән - уақыт
айнасы».
Сән
дегеніміз – адамзаттың тарихи жаңаруы
және өзгеруімен тығыз байланыста түрленіп отыратын талғампаз киім
үлгілері. Адамның дене бітімі сәнді стильдің негізі, киім - адам
денесінің пішімін, кескінің кейбір дене бөлшектерінің артық-кемін
түзетіп, үйлестіріп тұрады. Адамды уақыт талабына сай, жас
ерекшелігіне қарай әрлеп те, сәндеп тұратын киім. Олай болса, сол
киім сәнге қарай үлгіленеді.
Сабақтың барысы:
Сән циклының
кезеңдері:
1.Үлгілеудің түпнұсқасының пайда
болуы.
2.Жаңа үлгінің алғашқы көрінісі.
3.Үлгі нұсқасының бұқаралық таралуы.
4.Сәннен жалығу, мезі
болу
5.Оған деген қызығушылықтың жойылуы.
Мезгілдік ауысым сәнінің
кезеңдерімен танылатын көктем - жаз, күз-қыс – сән дамуы үдерісінің
белгілері болып табылады.
Кейбір сәндік жаңа үлгілер
танымал болғаннан кейін стандартты дәрежеге ауысады. Сән туралы
кейінірек қана жазыла бастады, әйтсе біз әлі оның қозғалысын
реттейтін заңдылықтар туралы аз білеміз. Бірақ сән төңірегінде
әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық маңызды үдерістің
топтасқаны зиялы қауымды жайбарақат қалдыра алмайды, сән үлгісінде
қазіргі өмірдің қайшылықтары айнадағыдай көрініс беретіні тағы
бар.
Қазір сән үлгісі туралы
журналистер де, философтар да, психологтар да, социологтар да,
саясаткерлер де, кәсіпткерлер де айтқанды жөн
көреді.
Сәннің міндетті қызметі:
-ынталандыру, жаңарту, адамның
сыртқы түрін жаңарту арқылы оны моральдік жағынан қолдау, көңіл
күйіне әсер ету;
-әлеуметтік міндетті қызметі. Сән арқылы қоғамның
идеологиялық, әлеуметтік бағдары айқындалады. Сәннің әлеуметтік
қызметінің жеті қыры белгілі:
1.Адамдардың талғамындағы қиял ойын
сияқты.
2.Салттық мәжбүрлеуден сырт
кетуге мүмкіндік
3.Маңызды жаңалықтармен
байланысты тәуекелге бел буғызу.
4.Өзіндік «менін» көрсетуге
мүмкіндік беру.
5.Шынайы бет пердені
жасыру.
6.Көшбасшы топты көп ішінде
үнемі бөліп көрсету.
7.Адамдар тобы ішінде жоғары
талғамды ерекшелеп таныту.
Сабақтың түйіні:
Сән
дегеніміз- екі нышанның ескі мен
жаңаның, ұмыт болған мен жаңа өңге енген ескінің арасындағы
шығармашылық байланыс. Сәннің кезкелген нысанының нарықтық құны
оның заман талғамына жарасымдылығы мен өзіндік ерекшелігі
бар.
Заманауи сәннің кешкі
салтанатқа арналған үлгісінің ерекшелігі - бұрыңғы ақсүйектер
қауымында атаулы балл кештерінде пайдаланған жарқырауық әшекейлер
мен зерлер, моншақтар мен айшықты түсті ленталардан жасалған
гүлдер, көз шағылысатын атластар. Яғни, бүгінгі сән үлгісі халықтың
бай мұрасын негізге алады.
Сабақтың практикалық бөлігі:
Бүгінгі жастардың кешкі
салтанат көйлегінің әр бөлігі күрделі пішімделіп, сәнді
бөлшектермен безендіріліп, әртүрлі үлгідегі қосалқы әрлеу заттары
жапсырылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қазіргі киімдерде
ансамбль жасақтау үдерісі соны сипат алады. Әсіресе, аксессуарларға
- белбеу, қолғап, бессаусақ, бас киім, сөмке, моншақ, гүлді
жапсырмалар.
Оларды қолда бар
материалдардан қолеңбегі дағдысымен қиялдағы дүниелерді сәндеп
жасақтауға болады. Бұл мақсат үшін ғажайып әшекейлерді іске
асырудың нұсқаулық карталарын дайындап алу қажет.
Мысалы: 1-қосымшаны
қараңыз
Интерактивті тақтада:
2- қосымша
Лентадан дайындалатын гүлдердің нұсқаулық
картасы.
Бірнеше гүл үлгілерін
бейнетаспадан көрсетіп, олардың жинақталу жолдарын айтып тұрып,
оқушыларға жасату:
Лентадан дайындалатын
раушан гүлдері:
-атлас лента ені 0,5 см бір
ұшын бұрымдап оң қолдың саусақтарымен ұстап
тұрамыз
-сол қолмен лентаны спираль үлгісімен бұрай
береміз
-бір ұшын инемен тігіп
бекітеміз де, бұрандалған лентаны сағаттың бағытымен орай
тастаймыз, сөйтіп өзімізге керекті мөлшерде ораймыз да, жіпті
бекітеміз
-енді жапырақтарын жасауға
кірісеміз, ол үшін жасыл лентаны аламыз, онымен сегіздік жасап
раушан гүлінің астынан тігеміз.
Назарларыңызға матадан
жинақталған георгин гүлін ұсынамыз. Оның нұсқаулық
картасы.
Сабақтың қорытындысында:
қолдарыңызда бірнеше гүлдер үлгілері қалады және оларды жасақтаудың
нұсқаулық картасы бар. Іске сәт!
Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Заттар әлемі» қазіргі заманғы энциклопедия.
Т.Евсеева. Москва,
2005
ж.
-
«Костюмдер тарихы» элективті
курс. Жобалау негіздері. Л.А.Овчаренко, Волгоград, «Корифей»
баспасы, 2006 ж.
-
«Қазақстан кәсіпкері» журналы. А.Н.Лук «Ойлау мен
шығармашылық».