С.Торайғыров "Алаш ұраны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Торайғыров "Алаш ұраны"

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Торайғыров "Алаш ұраны"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылардың Ахмет Яссауи кесенесінің тарихы туралы білімдерін кеңейте түсу.

Бағалау критерийлері

  • тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады.


Тілдік дағдылар

Ақсақ Темірдің беделі, ұлы қолбасшы, мемориалдық кешен, Түркістанға ат басын тіреген саяхатшы.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

10 минут











Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай тапсырманы орындауға шақырады:

  • Орта ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы не білесіңдер?

  • Өзің білетін ақпаратыңмен топта бөліс.

  • Қалай ойлайсыздар, мұндай ескерткіштер, кесенелер рухани орталық бола ала ма?

  • Қазақ жеріндегі сәулет өнері жайында түсірілген қандай бағдарламаларды білесіңдер?



Слайд




Сабақтың ортасы


5 минут











5 минут










10 минут













7 минут

Мұғалім оқушыларды мәтінге зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мұғалім мәтіндегі ақпараттарға байланысты сұрақтар қойылатындығын айтып, мұқият назар аударуларын сұрайды. Оқушылар мәтінді екі қайтара тыңдайды.

Тыңдалым мәтіні «Сәулет өнері №2 ҰлыӘмір Темірдің басты туындысы» бағдарламасынан алынды. Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=Bp2xCRT8IcM, 0,43-2,43 мин.)


Мәтінді түсініп тыңдағаннан кейінгі тапсырма ретінде мынадай тапсырма ұсынылады:

а) Мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтар:

  • Мәтін мазмұны кім/не туралы?

  • Кесененің сәулет өнері тарихындағы алатын орны қандай?

  • Түркістан жеріне ат басын тіреушілердің мақсаттары қандай?

ә) Мәтін мазмұны бойынша қойылатын нақты сұрақтар:

  • Түркістан қаласының ежелгі атауы?

  • Қожа Ахмет Яссауи кешенінде қандай қосалқы орындар бар?

  • Қожа Ахмет Яссауи кім болған?

  • Аустралияның солтүстігінде орналасқан Кэрнс қаласынан келген туристің есімі кім?

  • Гарридің Қазақстанға келгеніне қанша уақыт болды?

  • Аңыз бойынша, қай жылы Әмір Темір мемориалдық кешен салмақшы болады?

  • Ақсақ Темірдің сәулетті ғимаратты салудағы басты мақсаты не?

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру үшін берілетін сұрақтар:

  • ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген қандай ескерткіштерді білесіздер?

  • Қожа Ахмет Яссауи кешені не себепті осы тізімге енгізілген?

  • Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған қандай көркем шығармаларды, аңыз әңгімелерді, өнер туындыларын білесіңдер?

  • Жолың түсіп Түркістанға бара қалсаң, не істер едің?

  • Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы бағдарлама түсірушілерге қандай кеңес айтар едің?


ДЕСКРИПТОРЛАР

  • тыңдалым тақырыбына қатысты ақпараттарды есіне түсіреді;

  • мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтарға жауап береді;

  • мәтін мазмұны бойынша қойылатын нақты сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.



http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/ulyi-kolbasshyi-amr-temr-60462/




https://stud.kz/prezentatsiya/id/21527


Сабақтың соңы

3 мин






Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.


Мені ойландырғаны...

Менің пікірім...

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
2027
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі