Қазақ
әдебиеті 9-сынып
Сабақтың
тақырыбы:
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы
Қамар
бейнесі.
Күні:
Сабақтың
мақсаты:
Шығарманың табиғатын таныту,идеясын
ұғындыру.
Білімділік:
Романдағы жазушы көтерген көкейкесті
өзекті
мәселе, әйел бостандығын еркіндік
тұрғыдан ғана емес, азаматтық, адамгершілік
тұрғыдан қарастыру.
Тәрбиелік:
Қамар бойындағы қазақ қыздарына
тән табиғи
қасиеттерді үлгі-өнеге ету.
Дамытушылық:
Шығарманы талдау барысында Қамардың
көркем
бейнесін
жасауда штрих-детальдарды іздестіру,
ой
елегінен
өткізу,жүйелі ойды дамыту.
Сабақтың
түрі:
Жаңа технологиямен жүргізілетін
сабақ.
Сабақтың
тұрпаты: Практикалық
сабақ.
Сабақта
қолданылатын
тәсілдер:
СТО стратегиялары:
«Топтастыру», «Ой қозғау»,
«Блумның сұрақ қою», «талқылау қартасы»,
элементтер»
«Даралық және ұқсастық».
Пәнаралық
байланыс:
Тіл, тарих пәндері.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
құралдары»,
«Дауыс пен көрініс» журналы, Қ.
Бітібаева
«Әдебиетті
оқыту әдістемесі», Т.Ақшолақов
«Көркем шығарма айшықтары».
Сабақтың
көрнекілігі:
С.Торайғыров шығармалар жинағы, «Қамар
сұлу» романы, үлестірмелі қағаздар,
бағалау парағы,
үнтаспа.
I
Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ой
қозғау» стратегиясы арқылы ой ашар
жасау.
Жауап:
Қызға
Кіріспе
сөз.
Әрине, сұлулық жайында әр адамның өз
түсінік-талғамы бар.
Әр
елдің,әр халықтың өз сұлуы, өз аруы бар.
Сұлу табиғаттың бітіміндей келісті,
келбетті, Шолпан жұлдызындай, ай
сәулесіндей, қалықтап жүзген аққудай
ел аузында аңыз болып кеткен талай
айтулы сұлулары болған.
Сол
көздің жауын алған арулар өнер өрнегінде,
яғни сүйіспеншілік жырларында,
қисса-дастандарда кестелі сөзбен
жырланған.Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақжүніс,
Құртқалар әсемдіктің, нәзіктіктің,
адалдықтың үлгісі болса,
бертіндегі
әнші Майра, Күләш, ақын – Сара көркімен
де, асқақ өнерімен де халқының жүрегінде
мәңгі қалды. Сөйтіп, ұрпаққа жетті. Олар
туралы өнер өрнегі үзілмеген, қайта
жалғасын тапты, Қазақтың ақын – жазушылары
солар туралы өлеңмен өріп, сөзбен
кестелеп көркем шығармалар тудырды.
Сондай шығарманың бірі – «Қамар Сұлу».
Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы - қазақ әдебиетінде
шоқтығы биік, классикалық кесек туынды
қалдырған С.Торайғыровтың «Қамар Сұлу»
романындағы Қамар бейнесі.
II
Мағынаны тану сатысы.
Үнтаспадан
«Қамар сұлу» жырының басталуы мәнерлеп
оқылады
.
«Топтастыру»
стратегиясы арқылы Қамардың портретін
жасайтын, қыз сұлулығын суреттйтін
айшықты сөздерді іздестіріп тізу (әр
топқа тапсырылады)
«Талқылау
картасы» стратегиясы арқылы Қамардың
болмысы, мінез бітімі бойындағы түрлі
қасиеттерін тауып, көркем бейнені
даралау.(топтық жұмыс)
Талқылау
картасы
Қамар
|
Басты
кейіпкер.
Дәулетті
Омардың жалғыз қызы.
Бұлғақтап
өскен бұлаң қыз.
Сол
ауылдағы бозбала жігіттердің аузынан
тастамайтын тасбиғы.
Жігіттерге
Қамардың жай көзі түссе де мақтанады.
Өзі
– ақын, талайларды суырып, жанынан
өлең шығарып,бас көтертпеген.
|
Өзі
теңін іздеген Қамар
|
Теңін
тапқан.
Теңі
– Жәуке баласы, 21 жасар, оқыған Ахмет
|
Ағаға
қарындас болып жүреді
|
Бірін-бірі
ұнатады
Құда
болар малы жоқ.
Құмартып
тұрса да, ақылға жеңдіреді.
|
Шын
сүюдің қадірін тартқан
|
Күннен
- күнге сабыры қалмайды.Көрер таңды
көзімен атқызды.
|
Соры
қалың Қамар
|
Әкесінің
ағалары Оспан би, Қалтан қажы Жорға
Нұрымға әйел орнына бермекші болды.
|
Тағдыр
тәлкегіне түскен Қамар
|
Қайғыдан
әбден жүдеп, қалжырап солды.
Ауруға
шалдықты. Көрмегені жоқ. Молда,
бақсыларға емдетті.
|
Теңсіздік
құрбаны болған Қамар
|
Ақыры
әділетсіз заман, ескілік Қамардың
түбіне жетті.
|
«Семантикалық
карта» стратегиясы арқылы қазақ
әдебиеттіндегі көтерген мәселесінің
өзекті тұсын салыстыру.
Ақын
– жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
Қамар бейнесін жасаудағы идеясын ұқтыру.
Семантикалық
карта
Қ
амар
Шұға Б.Майлин «Шұғаның белгіс»
Қамар
Жамал М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»
Қамар Ғайша
С.Көбеев «Қалың мал»
III
Ой
толғаныс сатысы
заман
Ескілік
IV
Үйге тапсырма Шығарма
жазу
V
Бағалау