БЕКІТЕМІН
№34 «Ақ-желкен»
бөбекжай
балабақшасының
меңгерушісі
__________Н.Ш.Камбарова.
№34
«Ақ-желкен»
бөбекжай
балабақшасының
2020-2025 жылдарға
арналған
стратегиялық даму
жоспары
Шымкент қаласы МКҚК №34 «Ақ
желкен» бөбекжай-бақшасының 2020-2025 жылдарға арналған
стратегиялық даму жоспары балабақшаның №2 жоспардан тыс
педагогикалық кеңесінің шешімі №3 хаттама 06.01.2019 жылы
қабылданды.
Стратегиялық жоспарды
әзірлеушісі: Шымкент қаласы №34 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасының
МКҚК меңгерушісі Камбарова Н.Ш. және шығармашылық топ,
педагогикалық ұжымы.
Бағдарламаның құқықтық
негіздері:
-
1989 жылғы
20 қарашасынан бастап Бала құқығы
туралы конвенция
-
ҚР
Конституциясы
-
ҚР «Білім беру туралы» Заңы
2007ж
-
Мемлекеттік білім беру
стандарты
-
Қазақстан Республикасының 2025
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
-
12 жылдық білім беруге көшу
кезіндегі білім беру жүйесінің даму
стратегиясы
-
№34 «Ақ желкен»
бөбекжай-балабақшасы МКҚК Жарғысы –
МЖМБС – 2009ж
-
1990 жылдың
30 қыркүйегінен бастап балалардың
дамуы және қорғауын, өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Дүниежүзілік декларациясы
-
Қазақстан Республикасының
«Бала құқығы туралы» заңы - Қазақстан Республикасының
президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан 2050»
стратегиясы «Мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы және «Қазақстан» жаңа
жаhандық нақты ахуалда «өсім,
реформалар, даму» бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі
мақсаттары:
-
№34 «Ақ
желкен» МКҚК
бөбекжай-бақшасының –
2020-2025
жылдарының аралығында жұмыс
бағыттарын айқындау.
-
Білім беру мекемесінде бала
өмірін сақтау, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту,
салауатты өмір салты құндылығын
қалыптастыру;
-
Адами капиталды дамыту
мақсатында оқу-тәрбие процесіне Step by
Step, замануи білім беру
технологияларын енгізу және мемлекеттік үлгілік оқу бағдарламасын
пайдалана отырып білім беру сапасын
арттыру.
Бағдарламаның негізгі
міндеттері:
-
Замануи технологияларды
пайдалана отырып, бөбекжай-балабақшасында білім беру қызметінің
тиімділігін арттыру негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім
берудің сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету және жағдай жасау:
Инновациялық тұтастық.
-
оқыту мен
тәрбиелеуде Step by
Step технологиясын пайдалану арқылы
балаларда 4к моделінде берілген көрсеткіштерді дамыту
-
Әр түрлі жағдайларда білім
беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету
-
Білім беру жүйесінің даму
стратегиясын жүзеге асыруда инновациялық қызметтік тиімділігін
арттыру негізінде бөбекжай-балабақшасының кадрлық потенциалын өмір
бойы білім алу жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз
ету;
-
Балалардың білім алуға деген
қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың
вариативті желісін жаңашыл ақпараттық-технологияларды
(робототехника, зерттеу құралдары) қолдану шеңберінде
ұлғайту;
-
Тәрбиеленушілердің психикалық
және физиологиялық денсаулығын күшейту және қорғау жөнінде жұмыс
жүйесін, салауатты өмір салтын жетілдіру,
отан сүйгіштікке
тәрбиелеу
-
Мектепке дейінгі ұйымда
тәрбиелеу және білім беру.
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың Step by
Step, заманауи технологияларды
дамытуын жетілдіру.
-
Мектепке дейінгі балалардың
денсаулығын нығайту және дамыту.
-
Материалдық-техникалық базасын
нығайту.
-
Бюджеттік және демеушілік
көмекпен қаржыландыру.
Бағдарламаның жүзеге асыру
мерзімі мен кезеңдері: 2020-2025 жылдар аралығында
жоспар үш кезеңмен жүзеге асырылады:
1 кезең - 2020-2022
ж.ж.
Енгізу – өзгеріске түскен және
жаңа әдістерді саралаудан өткізу, оларды бөбекжай-бақшасының ағымды
жұмысына енгізу.
2 кезең - 2022-2024
ж.ж.
Енгізу – ендірілген әдістердің
сапасын арттыру, саралаудан өткізу,
3 кезең – 2024-2025
ж. Қорытыныдылау - нәтиже шығару
– қорытынды шығарып, алынған нәтижені даму жоспары көздеген
мақсаттарымен және міндеттерімен
салыстыру.
Бағдарламаның қаржылау
деректері (бюджеттік қаржыландыру, демеушілік көмек): Берілген
бюджетті қолдану, демеуші көмек, қайырымдылық, гранттық байқауларға
қатысу арқылы.
Бағдарламаның орындалу
барысында күтілетін шекті нәтижелері:
Бағдарламаның іске асыру
соңында күтілетін келесі нәтиже
жоспарланады:
Бөбекжай-бақшасы жұмысы
нәтижесінің сапасын стратегиялық даму жоспарына сәйкес
арттыру.
МДҰ шығармашылық бағытының
негізінде, білім сапасын арттыру.
Білім беру мекемесіндегі
қызметкерлер жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде өз
білімдерін жетілдіру.
Бөбекжай-балабақшасында білім
мен тәрбие беру процесінде заманауи технологияларды толық түрде
қамту. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық құралдармен
қамтамасыз етілуіне барлық жағдай жасау.
Бағдарламаның сарапшылық
механизмі:
Даму бағдарламасының орындалу
барысына бөбекжай-бақшасының әкімшілігі бақылау жасайды. 2020-2025
жылдар аралығында қарастырылатын: іс-шаралар тізбесі, мақсатты
көрсеткіштер және іс-шара бағдарламаларының шығындары, іс-шара
өткізу механизмі, орындаушылар құрамы; қажеттілігіне байланысты
толықтырулар енгізіледі.
Бағдарламаның түзету тәртібі
мен кезеңдерінің дәлелденуі: Жыл сайын анықтау: іс-шаралардың
тізбесін, бағдарламаның іс-шараларының шығыны мен мақсаттық
көрсеткіштерін, іс-шаралардың іске асуын орындаушылар құрамы, қажет
жағдайда өзгерістер енгізіледі.