Стресс-менеджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Стресс-менеджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы


СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ӨЗІН РЕТТЕУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚазҰУ еліміздің жетекші университеті ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбев алға қойған әлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену бойынша маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асыру үшін мақсатты түрде жұмыс істеуде. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингінде 400 сатыдан астам белеске көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір ЖОО мұндай өсу қарқынына кол жеткізген емес! QS сарапшыларыныңң ұсынысы бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі жетекші университеттерде зерттелуде. Мұндай көрсеткіш білім беру мен ғылымның әлемдік нарығындағы университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің дәлелді айғағы.

Айта кету керек, «QS WUR by Subject» пәндік рейтингінің нәтижесінде ҚазҰУ ТМД елдері жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып әлемдегі ең үздік 51-100 топқа енген. Жалпы аталмыш рейтингіге жетекші қазақстандық университеттің алты мамандығы кірді.

Ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ рөлінің артуын ескере отырып QS Қазақстанда халықаралық форум өткізуді шешті. Университеттің ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл жоғары білім беру жүйесінің әлемдік биік беделінің көрсеткіші болып табылатын «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты әлемдік деңгейдегі шара 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде өтеді.

ҚазҰУ өзге де беделді халықаралық рейтингілерде қарқынды серпіліспен алға жылжуда. «Times Higher Education» Британдық агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азияда алғаш болып әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тобына кірді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінде ҚазҰУ 172 орын алды, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасына иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының тобына енді. Танымал халықаралық «Great Value Colleges» (АҚШ) ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған университетінің ішінде 31-ші орынды бағындырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз орнын сақтап келеді. Оның белсенді ғылыми білім беру қызметі, халықаралық ынтымақтастық және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі оны Қазақстанда және одан тыс жерлерде жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытудың маңызды факторына айналдырады.

Осы тұрғыда біз психология пәнінен стресс-менеджмент тақырыбын өтіп, жан-жақты саралап, талдадық. Психология пәнінің барлық салада өз орны бар. Яғни, осы семестр бойы өткен барлық тақырыптар біздің мамандығымызға да тікелей қатысы бар және болашақта өз көмегін тигізеді. Солардың бірі стресс-менеджмент тақырыбын айтсақ болады. Стресс-менеджмент - бұл стрессті жеңудің көмекші әдісі, оны кез келген өмірлік жағдайларда басқару мүмкіндігі. Көптеген табысты адамдарда стрессті басқару дағдылары бар. Мұндай тәжірибелерді меңгеру арқылы адамдар жағдайлардың күрделілігіне қарамастан абсолютті тыныштық жағдайына қол жеткізе алады. Біз әдетте қандай да бір міндеттеменің астында сезінген кезде стрессті сезінеміз. Дегенмен, ол толығымен бейсаналық болуы мүмкін. Стресс-менеджмент екі негізгі бағытты қамтиды: эмоцияны басқару әдістерімен байланысты қысқа мерзімді стрессті басқару және эмоционалды құзыреттілікті дамытуға, қисынсыз сенімдер жүйесін өзгертуге және оң көзқарасты қалыптастыруға негізделген ұзақ мерзімді (немесе стратегиялық) стрессті басқару.

Менің ойымша, стресс-менеджменттің негізі-бұл өмірлік мақсаттарды, құндылықтарды, көзқарастарды және мінез-құлық стереотиптерін білуге байланысты өте маңызды ішкі жұмыс. Әрі стресс-менеджмент мақсат қою және уақытты басқару процестерімен тығыз байланысты болады.

Қорытындылай келе, Стресс деген сөз күнделікті өмірімізде үйреншікті болып кеткенімен ғылыми әлемде оған қатысты мәселелер өте көп. Бұл күндері стресс қоғамдық өмірдің бір ажырамас бөлігіне айналды, қандай оқиға өтсе де осы стреспен байланыстырады. Ғылыми әлемде стресс туралы 600-ге жуық анықтамалар мен көптеген теориялар бар. Қазір көп айтылып жүрген психологиядағы жаңа бағыт когнитивті процестер, психоиммунология сияқты зерттеулерде стрестік жағдайға ойлау іс-әрекеті қарсыласа алады деген түсінік қалыптасқан.







Педогогика ғылымдарының кандидаты: Тленчиева Н.С.

Клиникалық психологиямамандығының 1 курс магистранты: Жусупекова Ә.Ж.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

Бүркіт Шапағат

Менеджмент мамандығының 1курс студенті;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2024
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі