400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Стресспен күресудің тиімді тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерді стресспен күресудің тиімді тәсілдерімен үйрету. Стресс жайлы мағұлмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы” КМҚК










АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: “Стресспен күресудің тиімді тәсілдері”





















Әлеуметтік педагог:

Мұхаметжанова Әйгерім Қайратбекқызы





Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы” КМҚК

(ұйымның атауы)


Сабақтың тықырыбы :

Стресспен күресудің тиімді тәсілдері”


БӨЛІМ


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Мұхаметжанова Әйгерім Қайратбекқызы



Күні

11.11.2025

Тобы

2 топ

Сабақтың тақырыбы

Стресспен күресудің тиімді тәсілдері”


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға стресс ұғымын түсіндіру, оның себептері мен салдарын анықтау;

Стрессті жеңудің тиімді жолдарын үйрету;

Өзін - өзі реттеу, тыныштық сақтау, эмоцияны басқару дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жаттығу: «Күн мен бұлт»

Әр қатысушы қағазға күн немесе бұлт суретін салады.

Егер көңіл - күйі жақсы болса — күн, ал егер шаршаңқы болса — бұлт.


Педагог:

«Біздің өмірімізде күн мен бұлт сияқты, стресс пен қуаныш кезектесіп отырады.

Бүгін біз сол бұлттарды сейілтуді үйренеміз!»

Әрбір қатысушы күн мен бұлттың суретін салады.


Күн мен бұлт суреттері,

2. Кіріспе бөлім


Әңгіме:

«Стресс» сөзі латын тілінен аударғанда қысым, шиеленіс дегенді білдіреді.

Күнделікті өмірде біз уайым, қорқыныш, шаршау, сынақ кезінде стресс жағдайын бастан кешіреміз.

Талқылау сұрақтары:

Стрессті сендер қандай жағдайларда сезінесіңдер?

Ол сенің мінез -құлқыңа, көңіл - күйіңе қалай әсер етеді?

Балалар сұрақтарға жауап береді.



  1. Негізгі бөлім

1-тапсырма: «Стресстің себептері мен белгілері» (топтық жұмыс)

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді:

1-топ: Стресстің себептері

2-топ: Стресстің белгілері

3-топ: Стресстің салдары

Әр топ өз ойларын плакатқа жазып, қысқаша таныстырады.

Педагог қорытындылайды:

«Стресстің басты себебі — уайым мен эмоцияны басқара алмау. Бірақ оны жеңудің жолдары бар.»

2-тапсырма: «Стресспен күресудің тиімді тәсілдері»


Педагог қатысушыларға әдістерді ұсынады, бірге талқылайды:


Тиімді тәсілдер Мысал

1 Терең тыныс алу 3 рет терең дем алып, жай шығару

2 Серуендеу, табиғатқа шығу Күнделікті 15 минут таза ауада жүру

3 Достармен әңгімелесу Ішіңдегі эмоцияны бөлісу

4 Музыка тыңдау, сурет салу Эмоцияны шығармашылыққа бағыттау

5 Спорт, йога, би Энергияны позитивке айналдыру

6 Ойды жақсы нәрсеге бұру «Менің қолымнан келеді!» деген сенім


3-тапсырма: «Стресті ұшырып жібер!» (практикалық ойын)

Әр бала стресс тудыратын бір жағдайды қағазға жазып, оны қағаз ұшаққа айналдырады.

Барлығы бірге терезе жаққа барып, ұшақтарын «ұшырады».

Педагог:

«Міне, біз өз уайымымызды артта қалдырдық! Енді тек жақсы ойлар мен эмоциялармен жүреміз!»


Балалар топқа бөлініп отырады.

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.




















Балалар бірге стресстің тәсілдерін талқыға салады.


Плакаттар, қағаз ұшақтар

  1. Қорытынды бөлім

Рефлексия: «Бүгін мен білдім...»

Оқушылар сөйлемді аяқтайды:

«Бүгін мен білдім, стресс...»

«Маған көмектесетін тәсіл — ...»

«Өзімді жақсы сезіну үшін мен ... жасаймын.»


Педагогтың қорытынды сөзі:

«Стрессті жеңу — бұл өзіңді түсінуден басталады.

Әр күніңіз жылы сөзге, жақсы ойға және мейірімге толы болсын!»

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20.11.2025
30
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12