Студентке (оқушыға) сауалнама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студентке (оқушыға) сауалнама

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауалнамада 40 сұрақ қамтылған, сол арқылы студенттің өмірге деген көзқарасын, отбасындағы жағдайын және қоғамдағы орнын бақлауға болады. Сауалнама оқушыны жақын тануға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

С

ТУДЕНТКЕ 45 САУАЛ

Студенттің аты-жөні: ________________________________

  1. Сенің ойыңша отбасыңдағы қазіргі хал-ахуал қандай?

а/ жақсы ә/ бірқалыпты г/ кейде айқай-шу болып тұрады

  1. С

    аған үнемі отбасыңмен бірге болу ұнай ма?

а/ ия, онсыз мүмкін емес ә/ кейде оңаша қалғым келеді

г/ одан да сыртта достарыммен жүрген қызық

  1. Отбасының тұрмыстық жағдайы көңіліңнен шыға ма?

а/ жоқ, кейда ақша жетпей қалады ә/ әркезде әртүрлі

г/ барлық жағдайым жасалған

  1. Ата-анаңнан көп нәрсе талап ете аласың ба?

а/ ия, олар мені бағуға міндетті ғой

ә/ жоқ, жағдайға қараймын г/ жауап бере алмаймын

  1. Отбасында кім қатал?

а/ әкем ә/ анам г/ әжем в/ атам

  1. Отбасыңда сен жақтырмайтын адам бар ма?

а/ ия ә/ жоқ г/ айта алмаймын

  1. Ата-анаңа көмектесуге уақытың бола ма?

а/ ия ә/ жоқ г/ кейде уақыт болмай қалады

  1. Болашақта өз мамандығыңның иесі бола алатыныңа сенесің бе?

а/ ия, сенемін ә/ уақыт көрсетеді г/ ол туралы ойламаппын

  1. Арақ ішетін жігіттерге көзқарасың?

а/ бір қалыпты ә/ ондайларды ұнатпаймын г/ маған бәрібір

  1. Бір рет болса да әкеңнің қатты сөзін естідің бе?

а/ ия, оған өзім кінәлі едім ә/ үнемі сөз естимін де жүремін

г/ жылына бір рет болып тұрады

  1. Достарыңмен бірге қыдыруға барғанда кімнен сұранасың?

а/ анамнан ә/ әкемнен г/ анам арқылы әкемнен д/ өзім білемін

  1. Еркіндікті қалайсың ба, яғни қалаған жеріңе беруды..

а/ ия ә/ жоқ, ол мүмкін емес, бәрібір жібермейді г/ мен онсыз да еркінмін

  1. Достарыңның ішінде темекі шегіп, арақ ішетіндер бар ма?

а/ жоқ ә/ темекі шегеді, арақ ішпейді г/ білмеймін

  1. Сен бір жаққа кеткенде анаңның жаны шырқырап, сен үшін жүрегі ауырып, алаңдайтынын білесің бе?

а/ ия ә/ жоқ г/ маған бәрібір

  1. Ата-анаң, әпкең, ағаң саған жаны ашығандықтан ұрысады деп ойлайсың ба?

а/ жоқ, әншейін ұрса береді ә/ ия, олар маған жаны ашиды г/ ұрыстан шаршадым...

  1. Сен ғашық болып көрдің бе?

а/ ия ә/ жоқ г/ ғашық болу ақымақтық

  1. Темекі шегіп көрдің бе?

а/ ия ә/ жоқ г/ достарым шегеді

  1. Өзіне қол жұмсағандарға көзқарасың?

а/ ақымақтық ә/ оларды түсінемін г/ айта алмаймын

  1. Өмірден түңілген кезің болып па еді?

а/ ия, бірде болған ә/ жоқ, мүлдем болмаған

  1. Ашуыңды қалай басасың?

а/ біреумен сөйлесемін ә/ оңаша қаламын г/ ішімдік ішемін

  1. Адамдар темекіні не үшін шегеді деп ойлайсың?

а/ жүйкесі жұқарғаннан ә/ қызығушылықтан

г/ біреу зорлаған соң

  1. Өзіңді қалай бағалайсың?

а/ ақылдымын ә/ әлі де өсуім керек г/ ақымақтығым бар

  1. Колледжде жақын дос/құрбы таптың ба?

а/ ия ә/ жоқ г/ енді болатын шығар д/ маған ешкім керек емес

  1. Кімнің қамқорлығын көбірек сезінесің?

а/ Бөлім меңгерушісінің ә/ куратордың г/ пән мұғалімінің

  1. Болашақта жақсы маман болып шығу өз қолыңда екенін сезінесің бе?

а/ ия, өзіме байланысты ә/ жоқ, маған байланысты емес г/ мүмкін

  1. Қай оқытушының сабағы ұнайды?

____________________________________________________

  1. Сабаққа келмеген күні қандай сезімде боласың?

а/ ештеңе ойламаймын ә/ бірқалыпты г/ қорқамын

  1. Денсаулығыңа көңіл бөлесің бе?

а/ ия, таңертең жаттығу жасаймын ә/ үйірмеге барамын

г/ көңіл бөлмеймін

  1. Құрдастарың анайы сөз айтса не істейсің?

а/ ескерту жасаймын ә/ сөйлеспей қоямын г/ көңіл аудармаймын

  1. Ата-анаңның жиі мақтау айтқанын қалайсың ба?

а/ уақыттары жоқ қой ә/ кейде қалайтыным рас

г/ күнде айтса қарсы емеспін

  1. Ата-анаң сен жақсы баға алғанда қандай сөз айтады?

_________________________________________


  1. Бойыңдағы қандай кемшіліктеріңді өзгерткің келеді?

__________________________________________


  1. Адам өзінің мінезін өзі өзгерте алатынына сенесің бе?

а/ жоқ, мүмкін емес ә/ сенемін г/ білмеймін

  1. Ақ халат киген ұнай ма?

а/ ия ә/ жоқ г/ амалсыз киемін

  1. Сен үшін колледждің ерекшелігі

а/ тәртібі қатал ә/ білімі сапалы г/ ерекшелігі жоқ

36. Асхананың тамағы қандай?

а/ дәмсіз ә/ дәмді г/ кейде дәмсіз

  1. Асханаға баруға қалтаң көтере ме?

а/ жоқ, мен үшін қымбат ә/ бағасы қымбат емес г/ ______________________

  1. Телефон арқылы «Тик-токқа» кіресің бе?

а/ ия, күнделікті ә/ кейде г/ телефонымда «Тик-ток» жоқ

  1. Әлеуметтік желі арқылы танысқан таныстарың көп пе?

а/ жоқ, аз ә/ ия, көп г/ ........................

  1. Ата-анаңмен түсініспей қалған кездерің болды ма?

а/ жоқ ә/ ия, болған г/ есімде жоқ

  1. Қандай қыз/жігіт ұнайды?

____________________________________________

  1. Адам өз мақсатына қалай да жете алады деп сенесің бе?

а/ жоқ, мүмкін емес ә/ сенемін г/ білмеймін

43. Қыз баланың ерте тұрмыс құрғанын дұрыс деп есептейсің бе?

а/ жоқ, әлі ерте... ә/ дұрыс, бәріне үлгеру керек г/ әркім өзі біледі

44. Құрбың кенеттен некесіз бала көтеріп қойса не ақыл айтасың?

а/ түсік жасатуды ұсынамын ә/ ата-анасына шындықты айтуды ұсынамын г/ қатынасымды үземін д/ ____________________________________

4

5. Сен үшін өмірдегі ең қымбат нәрсе не деп есептейсің?

________________________________________________________________


Өмірде тек жақсылық болсын. Сәттілік тілеймін!


Әзірлеген: Г.Алдабергенова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.07.2024
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі