400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СТУДЕНТТЕР, АЯУЛЫ АҚ АРМАНДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушыларына және мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Shape1

















СТУДЕНТТЕР, АЯУЛЫ АҚ АРМАНДАР

(1 курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау)



Өткізілген мерзімі: 18.11.2016ж

Жауапты топтар: 41 «м», 531

Жауапты оқытушылар: Оңғарова Б.К.

Турлыбаева Г.О.















Алматы, 2016


Студенттер, аяулы ақ армандар!


41 м топ білім алушыларының орындауында флешмоб.

1Picture 1 -жүргізуші: Армысыздар, колледжіміздің ұлағатты ұстаздары мен қымбатты қонақтары және 1 курс білім алушылары!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Студенттер, аяулы ақ армандар» атты кешімізге хош келдіңіздер! Мерекелеріңізбен, құрметті студенттер!

1-жүргізуші: Біздің колледжімізде бүгін ерекше күн! Сағыныш, сен бүгінгі күннің несімен ерекшеленетінін білесің бе?

2-жүргізуші: Әрине, білемін, Альбина. Бүгінгі күн біздің бірінші курс студенттері үшін айтулы мереке. Себебі, бүгін олар студенттер қатарына қабылданады.

1- жүргізуші: Дәл қазіргі сәтте олар толқып, қобалжып тұрған шығар иә ?

2-жүргізуші: Әрине! Осыдан үш жыл бұрын бізде дәл осындай күй кешіп едік қой!

1-жүргізуші: Ендеше, уақытты көп созбай кеш иелерін ортамызға шақырайық.

2-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын жүректен құрметімізді көрсетіп,

Студенттерді шақырайық ортаға.

1-жүргізуші: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алып жатқан 11 «м», 511 топтарды қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: «Бастауыш білім беру» мамандығының 11 «б», 12 «б», 13 «б», 111 топ білім алушыларын құрметпен ортаға шақырайық!

1-жүргізуші: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттерін, 11 «қ» тобын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: «Негізгі мектептің шетел тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 11 «ш», 12 «ш» топтарын және «Аударма ісі» мамандығы бойынша 11 «а» топ студенттерін қошеметтеп қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Қоғам сұранысына сай колледж тарихында алғаш рет ашылған жаңа мамандық иелері 11 «бш» топ студенттерін қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Уақыт деген зымыран! Кеше ғана мектеп партасында отырған шәкірттер бүгінгі күні таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып білімнің қарашаңырағы №1 АҚМГПК студентері болып отыр.

1-жүргізуші: Бұл жастар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, көк байрақты желбірететін, Әнұранды асқақтатын, егеменді еліміздің ертеңі мен келешегі. Білім іздеп, сапарға шыққан қадамдарың құтты болсын!

2-жүргізуші: Қарашы, біздің бірінші курс студенттеріміз қандай әдемі, колледжімізді нұрландырып тұрғандай.

1-жүргізуші: Иә, менің қатты қызыққаным сонша қайтадан бірінші курс студенті болғым келіп кетті.

2-жүргізуші: Өткен күндерді қайтара алмаймыз, одан да кеш иелеріне сәттілік тілейік. Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Сіздердің бұл мереке қатысып отырғандарыңыз біздің колледжді таңдағандарыңыздың дәлелі.

1-жүргізуші: Қымбатты, бірінші курс студенттері! Мұңсыз, қайғысыз балалық шақ артта қалды. Сіздер өз істеріңіздің нағыз маманы болу үшін қиын әрі дұрыс жолды таңдадыңыздар. Бүгін сіздер үшін ең тамаша күн студенттер қатарына

қабылдау күні. Дәл бүгінгі күннен бастап сіздер біздің тату, үлкен ордамыздың бір бөлігіне айналасыздар.

2 -жүргізуші: Ендігі кезекті топ кураторларын шақырсақ. Куратор - төрт жыл бойы сіздердің қызықтарыңызды бөлісіп, қиындықтарыңызды көтерісетін, ата-аналарыңызға сессия алдында және семестр соңында хабарласып, балаларының әлі студент екенін еске салып тұратын, сіздер мен колледж әкімшілігі арасындағы алтын көпір.

1-жүргізуші:

Колледждің әркез тірегі,

Шапағын шашып жүреді,

Салтанат апай біздерге,

«Адал бол!» дейді үнемі.

11 «м» тобының кураторы – Смагулова

С алтанат Калибековнаны қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Күллі өмірін студенттерге арнаған,

Мариямдай апайды ардақтамас бар ма жан?

Колледжден шықпаса да қыс-жазы

Шәкірттері оның биіктерге самғаған.

511 топ кураторы - Досмуханбетова Мариям

Ажибековнаны ортаға шақырайық!

1Picture 39 -жүргізуші:

Еңбегін колледж үшін аямаған

Еркін апай шәкірттерін аялаған

Қазақ тілі мен әдебиетін меңгерем деп,

ПPicture 44 анаңда барша студент саялаған.

11 «б» топ кураторы – Еңсенова Еркін Төлентаевнаны қошеметпен қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Келеді менің ұстазыма ұқсағым.

Гүлнұр апай жалықпайды ешқашан,

Құрметтейміз өзіңізді ұстазым.

1Picture 38 2 «б» топ кураторы – Каласова Гүлнұр Бекарыстанқызын қол соғып, ортаға шақырайық!

1-жүргізуші:

Білім десе бойымызда тұрар күш,

Ш әкірттері шеттерінен тіл алғыш.

Педагогиканың қыр-сырын үйреткен,
Эльвира апай өзіңізге мың алғыс!

13 «б» топ кураторы – Ташиева Эльвира Айтжановнаны қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын-ай

Көп студенттің досындай
Гулия апай осындай

111 топ кураторы - Жолдыаяқова Гулия Елубаевнаны құрметпен ортаға шақырайық!

1Picture 37 -жүргізуші:

Алабөтен, айрықша талабы,
Алғыс пенен абырой болды алғаны.
Барша студент еліктейді тек соған
Шақырайық, Гүлжанаттай апайды

11 «қ» топ кураторы – Тоқтыбаева Гүлжанат Бурахановнаны қарсы алыңыздар!

2Picture 36 -жүргізуші:

Теңейміз біз кейде оны жұлдызға,
Үлгі тұтып келешек жас ұл-қызға.

Шет тілінің сырларына қандырған,

Жан жете ме жайсаң апай Айнұрға

11 «ш» топ кураторы – Жолдыбаева Айнұр Сарқытбаевнаны қошеметтеп ортаға шақырайық!

1Picture 35 -жүргізуші:

Жас болса да дес бермейтін басқаға,
Колледж туын асқақтатар әлі алда.
Онымен қоса ағылшынды үйреткен
Тілегіміз шексіз Айнұр апайға

12 «ш» топ кураторы – Өмірбаева Айнұр Байсынқызы құрметпен қарсы алайық!

2Picture 34 -жүргізуші:

Біздер десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Мадина апай шын жүректен тілейді,

Шәкіртінің өзінен де озғанын.

11 «а» топ кураторы – Бегазова

МPicture 33 адина Жандаровна қошеметтеп қарсы алайық!

1-жүргізуші:

Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған Саниядай ұстаздан
Біздей шәкірт шынында да бақытты.

11 «бш» топ кураторы – Борасынбаева Сания Атаевнаны қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Куратор деген жай ғана топ жетекшісі емес, ол студентке деген шексіз махаббатты, шыдамдылықты талап ететін адам. Құрметті кураторлар, Сіздердің студенттеріңіз білімді, еңбекқор, шығармашыл, жан-жақты дамыған тұлға болатынына сенімдіміз. Білім майданында студенттердің тірегі болып жүре беріңіздер.

2 -жүргізуші: Бүгінгі мерекеміздің қатысушыларына өздерінің төрелігін айтып, оң бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болайық.

1.Әділқазы алқасының төрайымы, директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары – Байтекеева А.А.

2.Музыка пәнінің оқытушысы–ДосмуханбетоваМ.А.

3.Домбыра үйірмесінің жетекшісі – Рыспаева Г.Ж.

4.Директордың шаруашылық істер жөнінен орынбасары – Мнажанов Ж.А.

5.Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы - Сейтов М.А.

1-жүргізуші: Әділқазы алқаларымен танысып болсақ, мерекеміздің бағдарламасын естеріңізге салып өтейік.

1.Таныстыру (мамандық бойынша таныстырады)

2.Өнер көрсету (әр мамандықтан 1 топ кураторымен өнер көрсетуі тиіс)

3.Ант қабылдау (әр топ мамандығы бойынша ант қабылдайды)

2-жүргізуші: Айтулы студенттер мерекесінің тарихын

біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз аPicture 5 ртық болмас.

(Нурдавлет Аида слайд көрсетіп, студенттер күнінің тарихы туралы айтып береді)

1-жүргізуші:

Студенттер, аяулы ақ армандар,

Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар

Қыз қуып терезеге қарағандар,

Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

Студенттер, болашақ жас мамандар

Бастарына тек кітап жастағандар

2-жүргізуші: Студент деген кім? Ол туралы білесіздер ме? Мүмкін бұл жайында өздеріңіз айтып берерсіздер.

Студент деген кім? Жоғарғы курс студенттері мен 1 курс студенттерінің диалогы (әзіл-шыны аралас).

1 студент: Студенттің кім екенін білгілеріңіз келе ме?

2 студент: Қазір біз ол туралы айтып береміз.

1студент: Студенттер – бір стипендияға барынша өмір сүре алатын бірегей жандар.

2студент: Студент жағдайға қарай тамақтанып, кез келген жерде ұйықтай алады. Олар барлығы жұмыс жасап жүргенде демалып, барлығы демалғанда жұмыс істейтін халық. Шарикті қаламсап пен қалың дәптердің негізгі тұтынушылары.

2 студент: Студент бірінші курста әр түрлі пәндерге бірнеше қалың дәптер арнайды. Ал соңғы курста бір ғана жұқа дәптерді барлық пәнге арнайды.

3студент: Студент болу қиын ба?

1 студент: Алғашқы 4 жыл ғана қиын, сосын үйреніп кетесің.

4 студент: Емтихан кезінде жағдай қалай болады?

2 студент: Емтихан деген екі ақылды адамның диалогы

3 студент: Егер екеудің біреуі соншалық ақылды болмаса ше?

1 студент: Онда екіншісі емтиханды қайта тапсырады.

4 студент: Стипендия туралы айтып беріңіздерші?

2 студент: 1 семестрде стипендия алатыныңызға сенімдімін, қалғаны өз қолыңда.

1-жүргізуші: Сіздер осы диалог арқылы студенттік өмір туралы кішкене болса да елестеттіңіздер деп ойлаймыз. Студенттер жайлы және студенттер күнінің тарихы туралы біліп болсақ, ортаға топтарымызды шақырып таныстыруын тыңдайық.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, мамандықтар өздерін таныстырып біткен соң, бірден кураторларымен бірге көрсететін өнерлерін де тамашалайық!

1 -жүргізуші:

Тәрбиеші жолы қиынырақ басқадан,

Қызығы да мол, біле бермес басқа жан.

Балалалардың пәк көңілі мен күлкісінен

Тәрбиеші шын бақытын тапқан адам- демекші,

Ортаға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығын шақырамыз.

1.11м, 531 топ білім алушыларының таныстырылымы.

2.Куратормен көрсететін өнері

2- жүргізуші:

Тәрбиелеп барлық адамды

Ұстатқан қолға қаламды

Нұсқаған дұрыс қадамды

Бастауыш сынып маманы

Ортаға «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттерін шақырамыз

1.11б, 12б, 13б, 111 топ білім алушыларының таныстырылымы.

2.Куратормен көрсететін өнері











1-жүргізуші:

Қазақ тілі, өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Алдарыңызда болашақ тіл мамандары

Осы тілдің ұқтырар терең сырын

Ортамызға болашақ тіл жанашырлары, «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының студенттерін шақырамыз

1.11қ топ білім алушыларының таныстыруы.

3 .Куратормен көрсететін өнері












2 -жүргізуші:

Біздің заман білімдінің заманы

Шет тілін білу - бүгінгі заман талабы

Ағылшынша оқып, меңгерсең, білсең, үйретсең

Заманыңа қарай нық болар басар қадамың

1-жүргізуші:

Аударма қалған өнер ұлылардан

Аудармамен шығарманың бағы жанған

Әдебиет пен әдебиетті қауыштырар

Аудармашы қашан да керек маман

Олай болса, ортаға «Негізгі мектептің шетел тілі» мамандығының студенттері мен «Аударма ісі» мамандығының студенттерін шақырамыз.

1.11ш, 12ш, 11а топ білім алушыларының таныстыруы

2.Куратормен көрсететін өнері











1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім, жайқала өскен орман бол,
Өз тілің мен шетел тілін меңгертіп,
Елге тірек, ұлтын сүйген ұлан бол!

1.11 бш тобының білім алушыларының таныстыруы.

2.Куратормен көрсететін өнері

Picture 25











1 -жүргізуші:

Бір-екі ай сауық құрып күнде жай

Сессияда ұйықтамаған күндер-ай

Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той

Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой

Үлгеретін ал осының бәріңе,

Студенттер мықты халық екен ғой.

(531 топ білім алушыларының студенттер туралы көңілді әзілдері)

2-жүргізуші:

Өмірден енді дәріс ал,

Білім мен ойды қоса ұштап.

Самғауға, қане, барың сал

Антыңа берген бол адал

(Топ старосталарын ант қабылдау үшін шақыру)


Picture 19







Picture 17




1-жүргізуші: Сіздер жаңа ғана ант беріп, нағыз студент атандыңыздар. Әрдайым анттарыңызға берік болып, тәуелсіз еліміздің туын желбіретер, колледжіміздің атын асқақтатар азамат пен азаматшалар болыңыздар!

2-жүргізуші:

Жаса жарқын, жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі-бәрі саған ғана жарасар.
Ойын-сауық, әзіл-қалжың, береке.

1-жүргізуші: Студенттер туралы айтқанда Қадыр Мырза Әлінің суденттерге арналған өлеңі ойға оралады. Олай болса, бұл өлеңді оқып беру үшін 41 м топ білім алушысы Қадырбекова Айгерімді ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Шіркін, шіркін, қандай ғажап

СPicture 24 туденттік жылдарым...

Таусылмайтын дастандар көп

Жазылмаған жырларым...

Сен де сұлу, мен де сұлу,

Шақтар еді кешегі

Студент кез – сағындырар

Жұмақ күндер деседі.

1 курс студенттерінің құрметіне 41 «м» топ білім алушысы Дәулетова Гүлжанаттың орындауында испан биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Студенттер, ұстазға ұнағандар

Сүрінгендер, кей кезде құлағандар

Қайтадан тапсырам деп жылағандар

Ащыны да, тәттіні де татып тұрар

Сонда да жанарында бақыт тұрар

Студенттік шақ екі оралмайды,

Студенттер, студенттер бақыттылар

Біздің бірінші курс студенттеріміз студентке қажетті білім құжаттарымен таныс па екен?

2-жүргізуші: Ендеше, сол құжаттар туралы мағлұмат берейік.

1- жүргізуші: Бұл жерде сіздерге екі маңызды құжат беріледі. Олар студенттік билет пен сынақ кітапшасы. Олар не үшін керек екенін білесіздер ме?

2-жүргізуші: Студенттік билет – сіздердің студент екендіріңіздің бірден-бір дәлелі. Студенттік билетті мүлдем жоғалтуға болмайды. Өйткені, қолдарыңыздағы бұл билет сіздерге қоғамдық көлікке, мұражайға, киноға, театрға жеңілдікпен кіруге мүмкіндік береді!

1-жүргізуші: Студенттік билет туралы түсінікті болды. Ал сынақ кітапшасы не үшін керек ?

2-жүргізуші: Сынақ кітапшасына жылына екі рет баға қойылады. Оқуды аяқтаған соң бұл кітапшаны дипломға айырбастайсыздар. Ал дипломмен үлкен өмірге аттанасыздар.

1-жүргізуші: Кешіміздің ең керемет сәтіне келген сияқтымыз. Бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдануымен құттықтау үшін және сынақ кітапшалары мен білім кілтін табыстау үшін ортамызға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байтекеева А.А. және әділқазы алқаларын шақырамыз.

(Мамандықтарын жақсы таныстырған, өнері асып түскен, анттары көңілден шыққан топтар мен кураторлар грамоталармен марапатталады)


Picture 30





2-жүргізуші:

Студенттер саралап ой қуғандар,

Қарынды қанағатқа тойдырғандар

Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,

Күн сайын, апта сайын той қылғандар.

531 топ білім алушысы Нұрқасымбай Нәзипаның орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

К ездеседі дауыл да, дабыл да көп

Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп

Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан

Болашақтың тағдыры қолымда деп

2-жүргізуші:

Б ізге берілген уақыттың тез бітіп кеткенін қарашы. Біз сіздерге қызықты сабақтардың көп болуын, тамаша оқытушыларға шәкірт болуды және емтихандардан сүрінбей өтуге тілектеспіз. Қиындығы мен қызығы мол студенттік өмірде тек қана сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші:

Студенттік өмірлерің мәнді болсын,

Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын.

Қайда жүрсең жолдарың ашық болып,

Біліміңе бар әлем тәнті болсын!

2-жүргізуші:

Осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Мереке соңында колледж гимні айтылды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.06.2019
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі