400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттер қатарына қабылдау кешінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
17 қараша халықаралық студенттер күніне орай «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты І курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау салтанатты кешінің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы









17 қараша халықаралық студенттер күніне орай

«ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ»

І курс білім алушыларын

«Студенттер қатарына қабылдау»

салтанатты кешінің СЦЕНАРИЙІ











Дайындаған: педагог-зерттеуші, ғылым магистрі Смаилова А.Е.





















Қызылорда- 2026

17 қараша халықаралық студенттер күніне орай

«ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ»

І курс білім алушыларын

cтуденттер қатарына қабылдау

салтанатты кешінің СЦЕНАРИЙІ


LED-экраннан пойыздың видеосы көрсетіледі.

Пойыздың келіп тоқтаған, вокзал дыбыстары.

Сахнаға екі жолсерік шығады. (ұл, қыз)


Жолсерік қыз: Құрметті жолаушылар, сіздер Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университеті колледжінің аялдамасына келдіңіздер.

Жолсерік ұл: Колледж жайлы толық мағлұмат беретін 17 қараша халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылып отырған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты І курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кешке қош келдіңіздер!

Жолсерік қыз: Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарға «Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады. «Жаңа адамдар» – жаңа қоғамның айнасы. «Жаңа адамдар» – жаңа болмыс!» деп сенім артқан болатын.


Жолсерік ұл: Ырысты, күрішті, Алаштың анасы- Сыр елінің жастары- осы үдеден қалай шығып жүргенін білгіңіз келсе, бізбен бірге болыңыздар!


Жолсерік қыз: Алдымен шырайлы Қызылордамыз жайлы біліңіздер! Ән. «Қызылордам- туған жерім».


Ән. «Қызылордам туған жерім». Видео «Қызылорда»


Жолсерік ұл: Осындай шырайлы әсем қалада орналасқан оқу орнымыз 32 мамандық, 34 біліктілік бойынша білім береді. Ендеше, осы мамандықтар бойынша жол көрсетуге рұқсат етіңіздер!


Жолсерік қыз: Білім; экономика, құқық және басқару; өнер және мәдениет; қызмет көрсету, мұнай бағыттарына мына мамандықтар жатады.

LED-экраннан №1 слайд көрсетіледі.

Жолсерік ұл: Көлік және өндіріс, ақпараттық технология, құрылыс, метрология және экология, энергетика бағыттарына мына мамандықтар жатады.

LED-экраннан №2 слайд көрсетіледі.


Би. «Қамажай» «Кербез» би ансамблі.


Жолсерік қыз: Оқу орнымыздың оқытушылар аялдамасына тоқталық. Әдістемелік, өндірістік оқыту және тәрбие жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру үшін екі пәндік циклдік комиссия жұмыс істейді.


Жолсерік ұл: Олар «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар пәндері» циклдік комиссиясы. Аталмыш циклда 18 оқытушы жұмыс істейді.


LED-экраннан №3 слайд көрсетіледі.


Жолсерік қыз: «Техникалық мамандықтар пәндері» циклдік комиссиясында 13 оқытушы жұмыс істейді.


LED-экраннан №4 слайд көрсетіледі.


Жолсерік ұл: Аталмыш ұжымды басқарып отырған колледж директорын 1-курс білім алушыларын құттықтап, сынақ кітапшасы мен студенттік билетті тапсыру үшін қошеметпен ортаға шақырамыз.


ДИРЕКТОР СӨЙЛЕЙДІ. СЫНАҚ КІТАПШАСЫ МЕН СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ТАПСЫРАДЫ.


Жолсерік қыз: Бүгінгі кештің жұлдыздары 1-курс білім алушыларына арнап «Жұлдызым» әнін орындайды. Қабыл алыңыздар!


«ЖҰЛДЫЗЫМ» ӘНІ.


Жолсерік ұл: Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері-студенттер осы өмірдегі ең көңілді, ақылды, алғыр жандар.


Жолсерік қыз: «Студент» сөзі латын тілінен аударғанда бір нәрсеге ұмтылушы, қызығушы деген мағынаны білдіреді. Демек, студенттер – білімге құштар, қандай да жаңалықты білуге талпынушылар.


Жолсерік ұл: Осы орайда 1-курс білім алушыларын колледжіміздің қоғамдық өміріне көрік беріп жүрген, аймақтық, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысып, оқу орнымыздың атын сыртта танытып жүрген белсенді студенттермен таныстырғымыз келеді.


Жолсерік қыз: Ендеше ортаға белсенді студенттерімізді марапаттау үшін қадірлі қонағымыз _______________________________________________________________________________________________________________________ шақырамыз!


МАРАПАТТАУ СӘТІ.


Жолсерік ұл: Алдарыңызда «Студенттік өмір» қойылымы.


Жолсерік қыз: Қарсы алыңыздар!


«Кербез» би ансамблі. Заманауи би.


Жолсерік ұл: Құрметті жолаушылар, сіздер «Әр чемпионның артында анасы тұратынын» жақсы білесіздер. Сол сияқты әр белсенді студенттің артында ата-анасы барын тағы білесіздер.


Жолсерік қыз: Ендеше біздер ата –аналар аялдамасына келіп тоқталық. Сөз _______________________ ата-анасы _________________________ беріледі.


АТА-АНА СӨЙЛЕЙДІ.


Жолсерік ұл: Әр бала-өз ата-анасының айнасы. Себебі, ата-ана- баланың басты ұстазы. Өз отбасы бала үшін- бақыт мекені.


Жолсерік қыз: Ендеше, «Кербез» би ансамблінің жаңа «Айна» қойылымын қарсы алыңыздар!


«КЕРБЕЗ» БИ АНСАМБЛІ. «АЙНА БИІ»


Жолсерік қыз: Ортада облыстық лиганың ширек финал жеңімпазы 3х4 КВН командасы! Қарсы алыңыздар!


КВН. 3Х4 ҚҰРАМАСЫ.


Жолсерік ұл: Біз «СТУДЕНТТЕР» аялдамасына да келіп жеттік. 1-курс білім алушылары, сіздерге таныстыру үшін ортаға Жастар ісі жөніндегі комитет жастарын шақырамыз.


Жолсерік қыз: «Үкілі үміт» қыздар клубының мүшелерін шақырамыз.


Жолсерік ұл: «Кербез» би ансамблінің мүшелерін шақырамыз.


Жолсерік қыз: «Фемида» заң клубының мүшелерін шақырамыз.


Жолсерік ұл: 3 жыл бойы жеңісті қолдан бермей келе жатқан қалалық «Күзгі бал» сайысының жеңімпаздарын шақырамыз.


Жолсерік қыз: «Руханият» шығармашыл жастар клубының мүшелерін шақырамыз.


Жолсерік ұл: «Қылқалам» суретшілер клубының мүшелерін шақырамыз.


Жолсерік қыз: Оқу орнымыздың спортшыларын шақырамыз!


Жолсерік ұл: Міне, алдарыңызда –еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстан жастары!

Жолсерік қыз: Сен де осы қатарға қосыл, болашақтың өркендеуіне, қазақ елінің дамуына өз үлесіңді қос! ӨЙТКЕНІ:


БӘРІ БІРДЕЙ: БОЛАШАҚ- БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ!


БІРДЕН ӘН БАСТАЛАДЫ. «АҒАЙЫНБЫЗ БӘРІМІЗ» .


Жолсерік қыз: Сіздерге біздің оқу орнымыздың аялдамасында болу ұнады деген ойдамыз.


Жолсерік ұл: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз.


ЕКЕУІ БІРДЕЙ: САУ-САЛАМАТТА БОЛЫҢЫЗДАР!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қазан
164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі