Алматы облысы Талғар
ауданы
Талғар медициналық колледжі
математика және информатика пәндерінің оқытушысы
Мынбаева Айнур Болысовна
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-
рейтингтік жүйесін Excel бағдарламасымен есептеу тәсілі
Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса.
Үйреткеннен не пайда, қайырымды болмаса (халық даналығы) айтқандай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану жүйесі үлкен жаңалықпен салмақты жауапкершілікке жүктеліп отыр.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары үшін үлкен өзгеріс, тиімді бағалау тәсілі болды.
Әр оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік берді.
Енді осы оқу пәні бойынша білім алушының рейтингін қоюды Excel
бағдарламасымен өте оңай автоматты түрде есептеп алуға болады және оқытушының жұмысын жеңілдетеді.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады құрылымы кестенің құрылымындай Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.
Енді осы электрондық кестеде
Оқу пәні/модулі бойынша білім алушының рейтингін қою кестесін құрастырамыз:
Қорытынды баға (рейтинг) пән/модуль бойынша мына формула бойынша есептеледі:
Қ = 0,6 х (ОН 1+…+ОН N)/N+ 0,4 х Е, мұнда:
ОН-оқыту нәтижесі;
N-оқыту нәтижелерінің саны;
Е-емтихан бағасы немесе сараланған тест.
Білім алушының рейтингін қою мысалы
Excel бағдарламасын іске қосып, электрондық кестеге мәліметтерді енгіземіз
Кестенің бірінші жолына:
103 ТОП ИНФОРМАТИКА пәні бойынша білім алушылардың рейтингі
Кестенің екінші жолына:
Сабақ өтілген күні, айы толық енгіземіз.
А бағанына нөмірлер жазылады, А3 ұяшығында №1 білім алушы
В бағанына білім алушылардың аты –жөнін енгізіп шығамыз.

Енді Абдухаликова Диана Женгисбайқызының 2.09.24 күнгі сабақтағы оқу нәтижесі 89 балл, ол С3 ұяшығында тұр. Осылай барлық оқушының оқу нәтижесін енгізіп аласыз.
Бізде 1 семестрде 18 сабақ өтілді, орта балл U3 ұяшығында есептеледі. Демек U3 ұяшығына мына төмендегі формуланы енгіземіз.
Ескеретін жағыдай формула міндетті түрде = теңдік таңбасымен басталады, ұяшық адрестері ағылшынша бас әріптермен жазылуы керек.
=(C3+D3+E3+F3+G3+H3+I3+J3+K3+L3+M3+N3+O3+P3+Q3+R3+S3+T3)/18
Осы формула қатесіз енгізілсе, Enter пернесін басқанда U3 ұяшығында 91,66 Диананың оқу нәтижелерінің орта балы шығады
V3 ұяшығында 88 балл білім алушының онлайн тест тапсырып алған балы.
Онлайн тест жасауға https://onlinetestpad.com/ru бағдарламасын қолдансаңыздар болады. Өте ыңғайлы, Блумға сәйкес балл қойып, деңгейлік сұрақтар арқылы, картина енгізіп қызықты тест жасауға болады.

Осы формуланы электрондық кестенің W3 ұяшығына мына түрде енгіземіз
=0,6*U3+0,4*V3
Осы формула қатесіз енгізілсе, Enter пернесін басқанда W3 ұяшығында 90,2 Диананың қортынды балы шығады.
Қалған топтағы барлық білім алушылардың қортынды рейтингін бірден шығару үшін сандарды автолтыруды қолданамыз. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.
Күнделікті сабақта оқыту нәтижелерін қоюда чек парақтарын әзірлейміз. Чек парағы білім алушылардың білім деңгейін нақты, дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Бір сабағыма жасалған үлгісін ұсынып отырмын.
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жасанды интеллекті қолдану аясы |
|
|
Сабақ критерийі: |
Білім алушылардың жоспарланған іс-әрекеттері |
Баллдық жүйемен бағалау |
|
Білу: (D) Түсіну: (D+, C, C -) |
Тапсырма. 1 1. «Машиналық оқыту» терминіне түсінік беріңіз. ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ 2. Нейрондық желінің жұмыс принципіне сипаттама беріңіз. _____________________________________________________ Дескриптор Білім алушы - «Машиналық оқыту» терминін сипаттайды; - Нейрондық желінің жұмыс принципін түсіндіреді. |
55-64 65-69 |
|
Қолдану: (C+, B-) |
Тапсырма 2. Төмендегі Яндекс компаниясының жасанды интеллектерінің қолдану саласын сипаттаңыз.
______________________________________________________ ________________________________________________________ Дескриптор Білім алушы - берілген суреттер бойынша жасанды интеллектердің қолданысын түсіндіреді. |
70-79 |
|
Талдау: Синтез: (B) (B+) |
Тапсырма 3.
Математикалық моделдеуде нейрондық желіні қолданудың маңыздылығын талдайды. ____________________________________ Дескриптор Білім алушы - нейрондық желінің қолдану маңыздылығын талдап береді . |
80-89 |
|
Бағалау: (A) (A+) |
Тапсырма 4. электрондық кестелердегі/математикалық модельдеу бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалауды түсінеді
Жасанды нейронды желінің негізгі компоненттерін түсіндіріңіз. Тақырып бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, шешім шығарыңыз: |
90-100 |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық- рейтингтік жүйесін Excel бағдарламасымен есептеу тәсілі

шағым қалдыра аласыз