Материалдар / Студенттердің танымдық қабілетін арттыруда өздік жұмыстың ролі

Студенттердің танымдық қабілетін арттыруда өздік жұмыстың ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2021
297
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Студенттердің танымдық қабілетін арттыруда өздік жұмыстың ролі.

География пәнінің оқытушысы Амирова К.Б.


География сабағындағы сарамандық жұмыс жүргізу үстінде өз тәжірибемнен байқағаным-шығармашылық дегеніміз танымдық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі болып табылады.Таным-белсенділіктің, баланың оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтар жауабын іздестіруге, өз бетімен жұмыс орындауға жетелейді. Бала өзі ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңітсе, парталасымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны деп білемін. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқытушыға басымдылық берілсе, қазіргі оқу үрдісінде студент белсенділік көрсетуі керек. Яғни оқытушының оқытуы, студенттің оқуы тұйық шеңбер түзуі керек. Оқытудың негізгі мотиві-таным мотиві, өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығушылық әкеледі. Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады: - оқытушы өз мүмкіндігіне қарай, тақырыпқа сәйкес жоспар құрастырады. - алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады. -қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін өзі таңдайды, яғни мақсаттарға жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан, біз мақсатқа жетудің әдістерінің көп нұсқалылығы туралы айтуға болады. Адамзаттың бүкіл өмір бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін балаға жеткізу қиын болып барады. Тіпті мүмкін емес десе де болады.Ендеше баланың танымдық қасиетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек. Мұны шешу үшін бала кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.

Академик Ю.Н.Баранский өзінің (Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру) деген еңбегінде (1982) танымдық әдістерді мынадай топтарға жинақтайды.

1.Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.

2.Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.

1.Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, лекция). Сабақты түсіндіргенде Шаталов әдісімен тірек сызбаларды сызу. Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері, тақырыптағы негізі ойды білдіретін сөздерді тауып , сараптама жасауға дағдыланады.

2. Көрнекілік әдісін (табиғат құбылыстарын тікелей бақылау, көрнекі құралдар мен иллюстрациялармен, картамен жұмыс). Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп, әр сабақтағы картамен жұмыс баланың карта бетіндегі географиялық нысандарды есте сақтауына ықпал етеді. «Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткеніңді ата» деген географиялық ереже бекер айтылмаған. Номенклатура жаттау үшін «Орныңды тап» ,«Тізбекпен жүр», т.б. танымдық ойындар ойнату. Студенттің танымдық қызығушылығын табиғат құбылыстарына тікелей бақылау жасау арқылы арттыру маңызды.

3.Сарамандық жұмыстар әдісі. «Тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен жұмыс». Оқу материалын оқып-үйрену кезінде баланың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткіші бола алады. Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдердің ішінен таным қабілетін күшейтетін түрі таңдалып алынады. Негізгі көңіл бөлінетін жағдайлар: материалдардың мазмұны қолдағы құрал-жабдықтар, географиялық білімнің жүйелілігі.

Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындауда оқудың орны орасан зор. Географиялық білім берудің басты құралы -сабақтың мазмұны ешуақытта төмендемек емес, керісінше, баланың өз бетімен білім алу мүмкіншілігін жүйелі әрі сапалы деңгейге көтерудегі рөлі күннен-күнге жоғарылауда.

Қазіргі сабақтың ең басты көрсеткіштері ретінде төмендегі педагогикалық шарттардың орындалуын атауға болады.

1.Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастың өзара түсінушілікке негізделуі.

2.Студенттердің таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салу.

3.Студенттердің пәнге деген шығармашылық қызығушылығын, ойын элементтерін т.б. енгізу арқылы. Бір сарында өткен сабақ түрлері, ең алдымен, баланың ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсенділігін, танымын тежейді.Оқытушы шығармашылығының арқасында сабағын түрлендіріп өткізу арқылы шәкіртінің алдындағы беделі артады. Осы жылдар ішіндегі педагогикалық тәжірибемде алдымда отырған әрбір шәкіртке «жаман, жақсы» деп бөле қарамай, тарыдай болса да білім сәулесін құюға тырыстым.Үлкен өмір жолына қадам басқан шәкіртімнен және олардың ата-аналарынан алған алғысым менің еңбегіме берілген зор баға деп білемін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ