"Асуларды алады жастар әлі,
зор болашақ бүгіннен басталады" атты студенттермен кездесу кешінің
жүру бағдарламасы.
Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен
қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру.
Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы
туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер
мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы
білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда
студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық
қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі
оқу орындары туралы жарнамалар жасау;
Көрнекілігі: Кештің
тақырыбы
Кешке
қатысушылар: - әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни
студенттер, 9-11-сынып оқушылары,
ұстаздар.
Жүру
барысы:
І-
жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары-
мектебіміздің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан
-дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп
жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші:
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана
бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып
кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып
сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып
үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын
желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен
келешегі.
Кешегі мектебіміздің
түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға
шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға
шығады).
Олар:
1.Қайратұлы Темірлан Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ II курс студенті.
2.Советбеков Санжар Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ II курс студенті.
3.Бақытжанқызы Еңлік Алматы қаласы Ж.Елебеков атындағы
Республикалық эстрада цирк колледжінің II курс
студенті.
4.Шағыманов Дарын Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ I курс студенті.
5.Идрисова Жансая Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
II курс студенті.
6.Калимова Қарлығаш Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ II курс студенті.
7.Тоқанова Назерке Семей қаласы медициналық колледждің
IV курс студенті.
8.Сағындықова Назерке Алматы қаласы Шет тілдер және
іскерлік қатынастар университетінің I курс
студенті.
9.Арманқызы Аружан Өскемен қаласы медициналық колледждің I
курс студенті.
10.Каспиева Нұрай Семей қаласы медициналық университетінің
I курс студенті.
11.Қинаятбекова Қарақат Өскемен қаласы медициналық
колледждің I курс студенті.
12.Аманжолова Айгерім Алматы қаласы. Алматы техникалық
университетінің I курс студенті.
13.Әримбекова Айгерім Өскемен қаласы медициналық колледждің
I курс студенті.
14.Зейнелбекова Айғаным Өскемен қаласы Д. Серікбаев
атындағы ШҚМТУ I курс студенті.
15.Балтабаева Зарина Өскемен қаласы медициналық колледждің
I курс студенті.
16.Ақанов Әли Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
колледждің II курс студенті.
17.Есімқалиев Әли Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ I курс студенті.
18.Бекетов Әкежан Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ I курс студенті.
19.Советханов Төлеген Өскемен қаласы КТБЖ III курс
студенті
20.Нұрсағиев Мәди Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы
колледждің I курс студенті.
21.Айтмұқашов Берік I курс
студенті.
І-
жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана
құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол
студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар
дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас
балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы
күндерің.
ІІ-
жүргізуші: Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе
«таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны
анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар
беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі
түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой
бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер
үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін
жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс,
үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.
Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы
қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?»,
«Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де
кем.
І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде
мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы –
адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі
өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне
сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен
қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты
арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне
жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам
өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Ән: 7
сынып оқушыларының орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ- жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,
деп
кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу
ісінің меңгерушісі Шалкенова Айгул Ғаббасқызына
беріледі.
I-жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті
жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін- деп келесі сөз
кезегін
мектебіміздің биология пәнінің
мұғалімі,сынып жетекшісі Барақбаева Алтынай Әлимбековнаға
береміз.
Алдымен, бір сәтке кейін
шегініп, студенттеріміздің мектеп өміріне шолу жасасақ. Экранға
назар аударайық.
/Экраннан студенттердің мектеп
кезіндегі фотоларынан слайд көрсетіледі./
ІІ -
жүргізуші:
Студент
ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,
деп
бүгінгі студент, ертеңгі маман
иелері сіздерге сөз кезегін
берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз,
мамандықтарыңыз жөнінде айтып
берсеңіздер.
(студенттерге сөз кезегі
барлығына)
-Назерке,Айгерім,Нұрай! Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны
туралы оқушыларға мәлімет беріп, өз мамандығыңыз туралы айта
кетсеңіз.
-
Темірлан,Жансая,Аружан,Анар !
Сіздер оқитын оқу орнының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап
берсеңіз.
I-жүргізуші: Жалпы сұрақ! Сіздер елден жырақ –
тәуелсіз қазақ елінің бірің оңтүстік,бірің шығысында оқисыздар.
Шындарыңызды айтыңыздаршы,мектептегі өмірді, ауылды сағындыңыздар
ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені
сағындыңыздар?
Оқушылардың студенттерге қоятын
сұрақтары
Қойылатын
сұрақтар:
1. Қандай мамандықты таңдадың? Таңдаған
мамандығың өмірде қажет мамандық деп есептейсің
бе?
2. Таңдаған мамандығың қандай? Оны қай
сыныпта оқып жүргенде таңдадың? Жүрек қалауыңмен таңдадың
ба?
3. Қазіргі заманда ауадай қажет мамандықтар
қай мамандықтар деп ойлайсың? Өзің таңдаған мамандықты соның
қатарына жатқыза аласың ба?
4. Қай мамандықта оқып жүрсің? Бұл мамандықты
таңдауыңа кім себепші болды?
5. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп,
нені үйренуі керек деп
ойлайсың?
Видеоролик
көрсету
6. Студенттік шағыңда әттеген-ай деген кездер
болды ма? Мысалы: мен бұл мамандықты бекер таңдаппын деген
өкініштер сияқты.
7. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан,
қалай дайындауы керек деп
ойлайсың?
8. Адам мамандықты қалай таңдағаны дұрыс деп
есептейсің? Жүрек қалауымен бе әлде үлкендердің нұсқауы бойынша
ма?
9. Бойыңда мектепте оқып жүргенде мына
пәндерді тереңірек оқымаған екенмін деген өкініш бар
ма?
10. Мектептегі қай пәндер өмірде маңызды екен
деген ой туды?
11. Куратор мен сынып жетекшісінің
айырмашылығы неде деп
ойлайсың?
12. Таңдаған мамандығыңның қорқыныш тудыратын
кездері болады деп ойлайсың
ба?
Жүргізуші:
Жауаптарыңызға
рахмет.
1I-жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе
сен,
Қос қолыңмен істеген ісіңе
сен.
Алысыңда сыйлайды, жақының
да,
Өзіңді өзің төменге
түсірмесең.
I-жүргізуші: Өз қайығың бар болса, өз
ескегің,
Өмірде мен сені осал демес
едім.
Қимылдай бер, тарта бер
ескегіңді,
Шығады алдан жап-жарық
келешегің.
Әр
адамның басынан қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе
студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап
келесің. Ал, сол кезде сендер не істер
едіңдер?
1I -
жүргізуші:
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің
керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске
сәт.
Оқушыларға берілетін
жағдай.
-
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім
сабақ түсіндіріп тұр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият
тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі
келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала
осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер
мұғалім болсаң не істер едің?
I -
жүргізуші: Студенттерге берілетін
оқиға.
-
Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым
қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін
ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа
қалай көмек берер едің?
-
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың
саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы.
Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір
талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және
күрделі кешенді мәселе. Сіздер қалай
ойлайсыздар?
Ән : «Ұстазым» Бақытжанқызы
Еңліктің орындауында .
II-Жүргізуші:
Еңбек етсең, ертеңгі- бақытыңа
сенемін.
Масқатыңа жеткізер- уақытыңа
сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріңе
сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріңе
сенемін.
Арың- таза, ақ көңіл- адалдыққа
сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа
сенемін!
- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті
мамандық иесі бола отырып, ілім- білім алуға барлық күш
жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман
иелері болуларыңызға тілектестік
білдіремін!
Ал, оқушыларға айтарым: Әр адам болашағы үшін
өзіне тиісті мамандығын алып, еңбек етуі керек. Мамандықты мектеп
қабырғасында жүріп, таңдау жасағаны әбден дұрыс. Сондықтан,
оқушылар, мамандықты дұрыс таңдай білуден кеш
қалмайық.
I-Жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе
достар,
Қатарыңның алды бол көшті
бастар
Биіктерден әрдайым көріне
бер.
Иесі болашақтың - сендер
жастар!
Өмірлерің студенттік мәнді
болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді
болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық
болып,
Біліміңе бар әлем тәнті
болсын!
Самғаңдар бейбіт елдің
аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас -
қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын
қазық,
Тілейді сәтті қадам
жастарына. – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу
кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
көп-көп рахмет! Жарқын күндерде кездескенше аман сау
болыңыздар!