Материалдар / Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттары.

Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбір оқушыны адамгершілікке тірбиелеу құқық бұзушылықтың алдын алу адамгершіліктің өзіміз білетініміз бар,білмейтініміз бар қаншама қағидаларын қарастырдық. Олай болса, өз бойымызда осы адамгершіліктің қасиеттері бар ма? Соған бір ойланып қорытынды жасайық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2021
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Адамгершіліктің қарапайым қағидалары.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың адамгершілік туралы білімдерін жан-жақты кеңейту. Білім алушыларды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, патриот болуға, яғни Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер.

  1. Тәрбие тал бесіктен.

  2. Асы адал болмаған адамның ісі адал болуы екіталай

  3. Отаннан асқан бақ жоқ, азаматтықтан асқан тақ жоқ!

  4. Отан оттан ыстық.

  5. Отан үшін отқа түс,күймейсің!

  6. Ата-анасын сыйлаған,иман-нұрдан нәр алған,

  7. Ана-асыл жан,әке-өр тұлғаң.

  8. Қарттығыңда мейірімге бөленемін десең, ата-анаңа сондай мейіріміңді аямай төк.

  9. Қайырымдылық қайырлы адамдардың ғана қолынан келеді.

  10. Ізетті болу тәрбиенің жемісі.

  11. Уәдеде тұру-жігіттіктің белгісі

  12. Иманды адамның жүзі әрлі, сөзі нәрлі болады.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

  2. Тәрбиешінің жөн сілтеуімен адамгершіліктің қағидаларына тоқталу,білім алушылардың ойын тыңдау.

«Тәрбие-тал бесіктен» деп бекер айтылмаған.Қазақ қоғамның қол жеткен табыстары ұшан теңіз.Қазақстанның экономикасы өсті. Тарихымызды түгендеп,мәдени мұраларымызды жинастырудамыз. Бізде нақты пәндермен бірге,тарихымыз,әдебиетіміз,тіліміз де оқытылуда. Тек қолға алынбай жатқан осы адамдық қарым-қатынастың қағидалары. Бұған баршамыз да мұқтажбыз. Осының бәрін өмір көрсетуде. Мысалы,оқушылардың қарапайым қағиданың бірі-амандасу тәртібін біле бермейтіндігі белгілі.Олай болса адамгершілік-әлемдегі ізгі қарым-қатынастардың кілті.

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:

Амандасу,адалдық, патриот болу, ата-анасын құрметтеу, тілін құрметтеу, әділ болу, имандылық, шыншылдық, қайырымдылық, кешірімді болу, көмектесу, қарыз қайтару, сабыр сақтау, ақылдасып іс істеу,кек сақтамау, уәдедеде тұру, кешірім сұрау.

Тәрбиеші: Амандасу бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бұрын амандасады.


1- білім алушы: 1.Ассалаумағалейкум! (Сізге Алланың нұры жаусын)-амандасудың кең тараған түрі.

2.«Уағалейкумассалам»(Саған да Алланың нұры жаусын)

3. Армысыздар-амандасудың ежелгі қазақ түрі.

4.Қол беріп амандасу-сыпайы ізгі ниетті білдіреді.

5. Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді.

6. Қолдан сүйіп амандасу-әжелердің немесе апалардың жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол жасұрпаққа деген құрметті білдіреді.

7. Көзден сүйіп амандасу-әжелер немерелерін сағынғанда көзінен сүйеді.

8. Көпшілікпен амандасу-барлығына сәлем беру шарт емес,тек бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.

10. Отбасындағы амандасу-отбасындағылар таңертең бір-біріне «Қайырлы таң » айтып амандасқаны жөн.


2- білім алушы: Адалдық-адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Адалдық өсек -өтірікке жоламауды,біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз-жаны,жүрегі таза болу деген сөз. Адал адам ақиқатты ардақ тұтады,шындықты сүйеді. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді.Отанына адал.Әрқашан иманын қорғой біледі. Адал жанның ұйқысы тыныш,күлкісі ашық.


3- білім алушы. Патриот болу.Әр адам үшін өзінің туып-өскен елі мен жері Отан болып табылады. Кім де болсын өз Отанын қорғайды,мақтан етеді. Қаншама ата-бабаларымыз өз елі,өз жері Отаны үшін күрескен, сол күресудің нәтижесінде біз осы халге жеттік. Ал біз «Ерлік істердің бәрін бізге дейінгі ата-бабаларымыз жасап қойыпты.Бізге ештеңе қалған жоқ»деп ойлауға болмайды. Қаһармандыққа бүгінгі күндеде орын бар.


4- білім алушы. Ата-ананы сыйлау адамгершіліктің басты қағидаларының бірі. Ата-ананың бала өміріндегі орны ерекше. Ананың әлдиі,бесік тербеткен күндер,түндер алмастыруға болмайтын ғажайып сезім. Халықта «Анаңды Меккеге үш ретжаяу арқалап апарсаң да,оның жақсылығынқайтара алмайсың»-деген сөз бар. Имандылық қағидаларында әкесімен шешесінің ризашылығын алмаған адамға жәннаттың есігі жабық дейді.

Ата-ана еңбегін тіпті өтей алмайтын болсақ не істейміз? Оның бір-ақ жауабы бар.Тек жақсы адам болып өтей аласың.


5- білім алушы.Тілін құрметтеу.Біздің елімізде қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл Елтаңба,Әнұран тәрізді Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі.Тілін білмеген әнұранды да айта алмайды. Тарихын,жырын, әдет-ғұрпын ескермейді.

6- білім алушы.Имандылық адам қасиеттерінің ішіндегі ең ардақтысы. Имандылық дегеніміз –жүрегіндегі бір Аллаға,яғни Алла Тағалаға деген сенім мен адамгершілікті ту етіп көрсету. Имандылық адамды керемет сұлу етіп көрсетеді.Имандылық бар жерде,рухани тазалық бар,сенім бар. Иманды адам ардан аттамайды,өтірік айтпайды,кісіні алдамайды,ұрлық жасамайды.Иманды бала дөрекілікке бармайды.ата-анасын ардақтайды,кісіге қиянат етпейді,біреуді мазақтамайды,зорлық-зомбылықтың жолын кеседі.


7- білім алушы .Шыншылдық-шыншыл болу адам баласы үшін аса қымбат,қадірлі қасиеттердің бірі. Шыншыл адам өтірік айтпайды,еш нәрсені жасырмайды, адамдарды алдамайды. Өтірік айта берген адамда абырой қалмайды. Өтірікші бала туралы:»Қойға қасқыр шапты»деп елді 2 рет даурықтырады.3-ші рет қасқыр қойға шындап тиіскенде,қанша айқаласада ешкім көмекке келмей қойды,қасқыр қырып кетеді. Міне өтірікшінің шын сөзі де-зая деген осы. Шыншылдық бар жерде –тазалық бар, иман бар. Иман бар жерде-берекет бар.


8- білім алушы.Қайырымдылық дегеніміз-айналасындағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Одан қайтарым күтілмейді,ақысы сұралмайды. Қайырымды адам туйстары, жақын-жуықтары, дос-жарандары үшін өте қадірлі. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке орын жоқ. Ол қолындағы барын басқамен бөлісуге дайын. Ол қашанда елдің ата-ананың мақтанашы.


9- білім алушы. Кешірімді болу-Адам баласының бойындағы баға жеткісіз қасиеттердің бірі кешірімді болу. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады. Көбісі білместікпен жасайды,ал кейбіреулері біле тұра «қайтер дейсің»деп жеңіл ойлайды. Айналамызда реніш туғыжатын нәрсе көп. Соның бәріне ренжи берсең нең қалады?Өзің ешкімді ренжітпеуге тырыс,ренжісең жүректе ұзақ ұстама. Біздің ата-бабаларымыз «Жақсы адамның ашуы шай көйлек кепкенше, жаман адамның ашуы өле-өлгенше» деген.»Таспен атқанды аспен ат»деген сөз бар. Бұл біреу саған жаманшылық жасаса, одан өш алуға тырыспа,керісінше жақсылық жаса деген мағынаны білдіреді. Ренжіскен достардың, туыстардың, жақындардың үш күннен артық өкпелесіп жүруіне болмайды. Кім бірінші кешірім сұраса,оның алатын сауабы да соғұрлым мол. Біреу кешірім сұраса шалқайып,кісімсіп мінез көрсетуге болмайды. «Иілген басты қылыш кеспес», «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш»деген сөздер бекер айтылмаған.


10-білім алушы. Көмектесу-адамдардың бір-біріне жәрдемдесуі. Көмек әдетте ақысыз,пұлсыз тегін жасалады. Ұйымдасқан түрде ақысыз көрсетілген жәрдемді «Асар»деп атау қалыптасқан.


11- білім алушы. Қарыз қайтару-адам баласының өмірі жұмыс пен демалыстан, барыс-келістен,сыпайылықтан,қимастан тұрады.Өмір болған соң ауыспай,қарызданбай тұрмайсың.Қарыз алған кезде қайтармайтын кезде қайтарамын деп өтірік айтуға болмайды. Қарыз екі адам арасында ғана емес, мекемелер,ұйымдар, тіпті мемлекеттер арасында да болады. Қазақта «Қарыз күліп кіріп,жылап шығады» деген сөз бар.Онда қарызды алу оңай болғанымен,беру қиынға соғады. Жаратқан иеміздің кешірмейтін күнәсі аз дейді ғой. Ең бірінші кешірмейтін күнә қарыз екен.

Сондықтан қарыз алған болсаңдар, қайтаруға асығыңдар.


12- білім алушы. Сабырлық-адам мінезінің аса бір көркем түрі. «Сабыр түбі-сары алтын»,»Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа»деген қанатты сөздер бекерайтылмаған. Ашуға да,қуанышқа да сабырлық көрсету адамдықтың үлкен белгісі. Сабырлық адам бойына екі түрлі жолмен дариды. Біреуі туа бітеді, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келетіні.


13- білім алушы. Ақылдасып іс істеу-қандай да бір іс істеу үшін асықпау керек. Іс тындырар алдында ойланып,толғанып,ақылдасып істесең, ісің оңға басады. Қазақта «жеті рет өлшеп,бір рет кес»деген осы ақылдасуды меңзейді.


Білім алушы.Мейірімділік-әйгілі орыс жазушысы М Горькийдің «Жер бетіндегі жақсылықтың барлығы-ананың сүті мен күннің нұрймен тараға»деген қанатты сөз бар. Мейірім шын мәнінде ананың сүтімен келеді. Абай атамыз айтқандай «адамды сүй»деп мей»р»мділік адам баласына жан-жануарларды,табиғатты,Отанды сүюді үйретеді.


Білім алушы. Кек сақтамау-қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа үйрететін басты қағидаларының бірі-кек сақтамау.Кектендім дегенше өміріңнің шырқы бұзылады.Кектенген адам пәле қуады, сол адамның осал жақтарын іздейді, ұсақ-түйекті тереді.Ебін тауып кегін қайтарғысы келеді. Кекті ашудан бауыр қараяды. Қазақ «Ақылыңа ақыл қос,ашу-дұшпан, ақыл-дос»деп бекер айтпаған.

Білім алушы. Ізеттілік-ең алдымен отбасынан басталады.Әдетте ата-анаға,аға-әпкеге,үлкен кісілерге,ұстаздарға,бейтаныс жандарға сіз деп сөйлейді. Сен деп сөйлеу тек құрдас,дос,қатар құрбыларына жарасымды. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге болмайды. Себебі өзін өмірге әкелген әке-шешесі.Өз әке-шешесін сыйламаған,өзгені сыйлап жарылқамайды. Үлкендерге орын беру, жол беру,дұрыс жауап беру ізеттілік.»Ізетті болутәрбиенің жемісі»деп бекер айтылмаған.


Қортынды: Міне,адамгершіліктің өзіміз білетініміз бар,білмейтініміз бар қаншама қағидаларын қарастырдық. Олай болса, өз бойымызда осы адамгершіліктің қасиеттері бар ма? Соған бір ойланып қорытынды жасайық.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ