400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шұғылалы шығысымның «Шағанақ» бекетіне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
ШҚО Үржар ауданындағы іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шұғылалы шығысымның «Шағанақ» бекетіне саяхат


Қыркүйек айының 28 жұлдызында біз, Қарақол ауылының жас түлектері, шұрайлы шығысымыздың шекара бекеттерінің бірі «Шағанақ» бекетіне бір күндік саяхат жасап қайттық. Осы бір күннің өзінде біз бір ғасырға татырлық ерекше естен кетпес естеліктер түйдік. Олай деуімнің себебі, біз әуелгіде «Әсет Найманбаев» атындағы мұражайдан рухани азық алып, ой түйіп, әрі қарайғы бағытымызды №2086 Мақаншы шекара отрядына қарасты «Шағанақ» шекара бекетіне бұрдық.

Саяхатымыздың барысында, біз еліміздің шығысындағы шекарасын өз көзімізбен тамашалап, сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып, тіпті, мұнымен шектеліп қалмай, зор тәжерибе де жинақтап қайттық десем, қалт айтпағаным болар. Неге десеңіз, бізге арнайы үйретілген иттерді де жақыннан тамашалап, сарбаздардың басшылығымен шекара бақылау мұнарасына шығып, еліміздің бір шетін биіктен көру бағы да бұйырыпты. Сонымен қатар, бізге бұрын теледидардан ғана көріп жүрген атыс қаруларын, автоматтарды өз қолымызбен ұстап, әскери кеудешелерді киіп көру мүмкіндігі туды.

Сарбаздардың күн кестесімен және кезекшілік кезіндегі құрылғыларымен танысып, бекет ішін аралап шықтық. Бұдан бөлек, шекарашы сарбаздар бізге әскери шеберліктерін ән салу, әскери жаттығулар көрсету арқылы танытты.Осылайша, біз шекара қызметінің қызығы мен шыжығы қатар жүретініне куә болып, тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдас берген, айбында алаштың ұрпағы екенімізді сезіндік. Осындай керемет саяхат үшін жетекшіміз Олжас Мұратұлына, «Шағанақ» шекара бекетінің басшысы Диқанбаев Ғабит ағамызға, Сиязов Дәурен ағамызға және барша шекарашы сарбаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз! Кірпік қақпай ел тыныштығы үшін, жан беруге әзір осындай ел азаматтары барда Қазақстанымызға төнер қауіп жоқ. Сондықтан, сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, толғай табыстар тілейміз!

Тар жол, тайғақ кешіп, қасық қаны қалғанша жерін жау қолынан қорғаған қазағымның ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін! Жасампаз Қазақстанымыздың жарқын болашағын бірге қорғайық!

11-сынып оқушысы

Болатова Ұлжан Мырзағалиқызы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2020
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі