жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі. 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі. Түтікті сүйектердің өсуі. Сүйектің ішкі құрылысы. Сүйектің қызыл және сары кемігі. Сүйектің қызыл кемігінің қан түзілудегі рөлі.№7 зертханалық жұмыс.Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты:
Сүйектің құрылысы мен химиялық кұрамын, олардың жуандауын және өсуін окып білу.
Сабақтың нәтижесі:
Теориялық білімді практикамен ұштастыру; Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына;
Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,икемін, білім, білік дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:
Сүйек макеті,оқулық,плакат, таратпа
Сабақтың әдісі:
Жеке жұмыс,іздену,
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Шеңбер құрып тұрады
Бір-біріне тілек тілейді
Үй жұмысын тексеру
Жеке жұмыс тексеру жұптық жұмыс
Оқушыларға тест жұмысын тарату
Жауабы:1А 2Б 3В 4А 5Г
1 тапсырма тест Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:
1.Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
А) 200 Б) 180 В) 204 Г) 195
2.Бел омыртқа саны
А) 7 Б) 5 В) 12 Г) 4-5
3. Қимылсыз байланыс
А) жілік Б) омыртқа В) бас сүйектері Г) қол сүйектері
4.Омыртқа жотасында қанша иілім бар?
А) 4 Б) 2 В) 3 Г) 6
5.Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқалар
А) мойын Б)құйымшақ В) бел Г) сегізкөз
Жеке жұмыс
Тексергенде
жұптық
2 тапсырма Сызықтық диктант
Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.
1. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. «+»
2. Құрсақ қуысындағы мүшелерді- жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. «+»
3.Мойын омыртқаның саны – 10 « – » 4. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. «+» 5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады. «+» 6. Ұзын сүйектерге жатады омыртқа сүйегі. « – » 7. Сүйектер шеміршек, буындар арқылы байланысады. «+»апсырма
2 тапсырма Сызықтық диктант
Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.
1.Ұзын сүйектер жілік деп аталады. « »
2.Құрсақ қуысындағы мүшелерді- жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. « »
3.Мойын омыртқаның саны – 10 « » 4. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. « » 5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады. « » 6. Ұзын сүйектерге жатады омыртқа сүйегі. « » 7. Сүйектер шеміршек, буындар арқылы байланысады. « »апсырма
Жаңа тақырып
III. Мағынаны тану.
Жаңа материалды оқып-білу. (Оқулықпен жұмыс)
Оқушыларды екі топқа бөліп, оқулық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.(дәптерге тірек сызбалар құрастыру) Сүйектің құрылысы
1.Тығыз ұлпа Борпылдақ ұлпа
Сүйек қабы Шеміршекті қабаты
Жуандап өсуі Ұзарып өсуі
Сүйектің құрамы Су оссейн минералды заттар май серпімді иілгіштік морт сынғыштық
1топ Сүйектің құрылысы
2 топ Сүйектің құрамы
Сүйектің құрылысы.
Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
2.Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат оссеин, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.
ІV. Зертханалық жұмыс
Сүйектің химиялық құрамын анықтау. «Калцийсіздендірілген және күйдірілген сүйек касиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша зертханалык жұмыс жасау.
а) күн бұрын тұз қышқылының ерітіндісіне салынған сүйек.
б)Қышқылға салынған сүйекті іскекпен алып, суық сумен жуып, сүйектерді иіп көру және жіпке ұқсас түйін түю.
в)Кепкен сүйектерді сіріңкемен жағып көру.
Қорытынды. Жаққан сүйектердегі ағзалық заттардың жанып кеткеніне, қышқылға салынған сүйектердегі минералдық тұздардың еріп кеткеніне қорытынды жасау.
Қ Сүйек ұлпасының серпімділік, созылмалылык және беріктік касиеттері неге байланысты?
Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады.Оның құрамындағы минералды заттар қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады.Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланып кетеді,үгітіледі.Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек.Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып,минералды заттар көбейеді.Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді.Қалқанша безінің қасындағы гормоны сүйектің құрамын реттейді.Қалқанша безінің құмысы күшейгенде сүйектегі минералды заттар(кальций, карбонаты мен фосфаты)нәжіс пен несеп арқылы шығып кетеді.Ал қалқанша безінің құмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі мен дамуы тежеледі.Қаңқаға салмақ түссе сүйек қалпын өзгертеді.Балерина аяғының ұшын тірек ететіндіктен, башпайының ұшы жуандап салмағы жеңілдейді.Дене шынықтырумен айналысу жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қаңқаның жетіліп, нығаюына мүмкіндік береді.
осымша материал
V.Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің.
ІҮ.Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің. Сүйектің өсуіне дәрумендерде әсерін тигізеді.С дәрумені жетіспесе,сүйек ұлпасының химиялық, морфологиялық(құрылымы) және қызмет атқару жүйелері бұзылады.Қаңқаның дұрыс дамуына Д дәрумені әсер етеді.Мешел ауруымен ауырған баланың аяғы қисық, басы және қарны үлкен болады.(мешел баланың слайдта суреті)Дені сау адамға қарағанда мешел ауруымен ауырған адам сүйегінің құрамында минералды заттар 3 есе аз болады.Жас босанған аналарда Д дәруменінің жетіспеуінен сүйек аздап қисаяды.Д дәрумені жетіспеуі күннің күгін сәулесінің аз болуынан, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың қажетті мөлшерінің өзгерунен ішек және бүйрек ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына байланысты.Күндіз бөлменің терезелерін қараңғылауға болмайды.Сымбаттылық туралы айтылады.
Оқушылар өз бетінше түртіп алады. Есіңде сақта! Көбіне бір қолмен ауыр жүк көтерме; Орындықта түзу отыр; Спортпен шұғылдан; Жұмсақ төсек пен жастыққа үйір болма; Жарықтың дұрыс түсуі;
VІ:Бекіту
1.Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?
2.Сүйек қандай заттардан түзілген?
3. Сүйектің бейорганикалық заттарын атаңдар?
4. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
Оқушылар сұраққа жауап береді
VІІ.Үйге тапсырма
Параграф 25
Ұғымдар:Тығыз зат.Кемік зат.Остеон.Остеоцит.Остеобласт
VІІІ.Рефлексия
Бір жұлдыз,бір тілек

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген