«Сүйем сені туған елім» атты
мәнерлеп оқу сайысының сценариі
Мақсаты:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» Жолдауын насихаттау, жас ұрпақты Отанын, туған жерін
сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттырып, отаншылдық сезімін ояту. Отанын, туған
жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен
ата-бабалардың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы
оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ, нақыл сөздер,
суреттер, слайд (туған жер)
Баяу музыка ойналып, слайд
жүріп жатады.( қазақша күй)
1-жүргізуші:
Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар,
құрметті оқушылар !
«!«Сүйем сені, туған
елім!» » атты мектепішілік
мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!!!
І. Туған жерім - түп қазығым -
тұғырым,
Ұланыңнан ұлан асыр сыр
ұғын!
Өкінбес ем басқа жерді көрмей -
ақ,
Өмір - бақи сенде өтсе
ғұмырым!
2-жүргізуші:Бал
күлкісі сыңғырлаған бұлақтың,
Ерте желмен
тербелгені
құрақтың
Ертегідей
елестейді көзіме,
Туған жер, сен
төріндейсің жұмақтың!
І жүрг:
Белгілі ағылшын ақыны Байрон: «Өзінің елің сүйе алмайтын адам
ештенені сүйе алмайды» – деген екен.
«Туған жер, топырағыңнан айналайын,
Гүлінді және шыққан аймалайын.
Құшақтап көктемді гүлмен келген,
Жанымда нұрмен сыйлап жайланайын.
Ауаңа мөлдір, таза тыңығайын,
Қуат ап жүрегіңнен жылынайын,
О, туған жер! Топырағында қасиеттеп,
Тәжім қып, саған ғана сыйынайын! »
2-жүргізуші:
Қазақстан біздің сүйікті –
Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар
көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары
бар.
Осының бәрі Алтай менен
Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп
жасанып-жасарып жатыр.
1-жүргізуші:
«Отан отбасынан басталады» -
деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір
адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті –
оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған
Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін
еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы
білуіміз қажет.
ІІ
жүрг:
« Мен оның түнін сүйемін, күннің сүйем,
Ағында өзен, асқар тау, күннің сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүіп өтем », -
деп Мұқағали ақын жырлағандай, Отан – ол біздің кіндік
қанымыз тамған жер, Отаның шексіз көрген әр адам ол үшін ерлікке де
барады.
Олай болса бүгінгі жарысқа қатысатын
оқушыларымызды шақырайық:
1.Евдокимова Виктория -3
е
2. Городничева Даша 3
г
3 Симкова Людмила 4
д
4 Гладков Виктор 4
е
5 Ажгалиева Камила 5
д
6 Джусова Элнара 5
д
7 Абдрахманова Дильназ 5
ж
8 Нариманова Гулдария 5
ж
9. Бабкина В 5
е
10 Ламакина Милана 5
е
11.Кабиева Анель 6
г
12. Морозова Ангелина 6
г
13. Гарифуллина Назым 6
в
14. Қапанов Ерсултан 5
б
Сайысты бастамас бұрын, ал
енді әділ-қазыналармен
танысайық.
1-жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-саналы.
Жиын десе той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне.
Әуелеген әсем ән жолданады, - дер ортаға «Туған ел» атты
әнімен әнші қыздарымызды шақырайық:
1 Евдокимова Виктория 3
Е
2 Городничева Даша 3
Г
3. Сагынова Сабина 3
Е
2-ЖҮРГІЗУШІ: Ендігі кезек сайыскерлерімізде.
Ортаға алғашқы сайыскерімізді шақырайық. (таңдап алынған реттік
номер бойынша сайыскерлер өнерлерін
көрсетеді).
Әділқазылар шешімі дайын болғанша ортада
оқушылармен «жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренинг
өткізіледі.
Рефлексия. Бүгінгі шара сіздерге ұнады ма?
қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
1-жүргізіші:
Туған елім бүгін саған не
дейін.
Ертегідей ертеңіне
сенейін
Бүгінгідей бүкіл әлем
алдында
Асқақтасын мәртебең мен
мерейің!
Сахнаға әділ-қазыларды шақырайық.
2-жүргізіші:
Қазақстан - сен заңғар
биіксің, кеңсің.
Біздің жанымыз өзіңе деген
мақтанышқа бөленген.
Біз сенің атыңды жер бетіне
жар салар перзентіңбіз,
тәуелсіздікті мықтап қолға
ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең
жас жеткіншектеріміз.
Сондықтан өз жерімізді, өз
елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,
қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім
келеді.
Оқушылар сіздерге көп - көп
рахмет. Келесі кездескенше! Сау саламатты
болыңыздар!

Тренинг үстіндегі жақсы
көңіл-күй


