15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сүйем сені ,туған елім! " тәрбие сағаты
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Төрттүлік туралы жыр. Қой.
Мақсаты: Төрттүлік туралы мағлұмат бере отырып ,оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділігі: «Қой » өлеңімен таныстыру,оқыту,мазмұнын талдау.
2.Дамытушылығы: ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелігі: мейрімділік сезімін сезе , төрттүлікке деген сезімін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: диалог, топтастыру, миға шабуыл, «Бес жолды өлең», «Ой қозғау» стратегиясы.
Көрнекі-құралдар: суреттер,слайд, үлестірмелі қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже:
- «Қой » өлеңін түсініп оқиды,талдайды.
-АҚТ қолданады.
- Сындарлы ойлайды.
- Шығармашылықтары артады.
-Топта жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
|
Кезең |
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының Іс- әрекеті |
||||||||||||||||||||
|
Қызығушылығын ояту. |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психология лық дайындық |
Оқушылармен сәлемдесу. Топқа конфеттер арқылы бөлу. Жұмыс ережесін қабылдау. |
Оқушылар сәлемдеседі Конфеттердің түсі бойынша топқа бөлініп отырады. |
||||||||||||||||||||
|
Білім |
Өткен сабақты қайталау. |
1-тапсырма. Ертегілерді жүйелеу. 1.Жан—жануарлар туралы ертегі. 2.Қиял- ғажайып ертегілер. 3. Шыншыл ертегілер. |
Оқушылар ертегілерді жүйелеп жазады.
|
||||||||||||||||||||
|
Түсінік |
Жаңа сабақ «Өзара оқыту» |
Ой қозғау. Слайдтан жайлауда жайылып жүрген түліктердің суретін көрсету. -Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? -Саған қандай түлік ұнайды? - Үй жануарларын атаңдар? -Үй жануарларының жабайы жануарлардан қандай айырмашылығы бар ? Қызығушылығын ояту. Жұмбақ жасыру. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. -Балалар, қозы қай малдың төлі? 2-тапсырма 1-топқа: Мақал- мәтелді пайдаланып , қой туралы әңгімеле. 2-топқа : Жырды пайдаланып, қой туралы әңгімеле. 3- топқа: Қойдың жүнінен жасалатын заттарды сызба түрінде жаз. 4- топ : Қойдың сүтінен әзірленетін тағамдарды сызба түрінде жаз. Постер жасау тапсырылады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жұмбақтың жауабын табады. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды. |
||||||||||||||||||||
|
Талдау |
Жаңа сабақты бекіту. |
3-тапсырма. Үй жануарларын топтастыру. Сергіту сәті «Алдар көсе» |
Үй жануарларын венн диаграммасына топтастырады. |
||||||||||||||||||||
|
Қолдану |
|
Сәйкестендіру тесті. 1.Түйе 1. Қымыз аламыз. 2.Сиыр 2. Шұбат аламыз. 3.Жылқы 3.Сүт аламыз. 4.Қой 4.Еті , жүні пайдалы. |
Оқушылар сәйкестіндіреді. |
||||||||||||||||||||
|
Жинақтау |
Қорыту |
«Бес жолды өлең» құрастыру тапсырылады.
|
Оқушылар «Бес жолды өлең» құрастырады. |
||||||||||||||||||||
|
Рефлексия лық кезең |
Сабақ барысында 1.Оқушының көзқарасы. 2.Өзара бақылау. |
Шығу парақтарын тарату. -Білдім. -Білгім келеді. -Сұрақтарым. -Пікірім. -Тілектерім. -Өз жұмысыма деген көзқарас. |
Шығу парақтарын |
||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырма сы |
|
Жырды мәнерлеп оқып келу. |
|
||||||||||||||||||||
|
Бағалау 3мин |
|
|
Топ басшысы әр оқушыны бағалайды. |
||||||||||||||||||||
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Торы құлын.
Мақсаты: Төрттүлік туралы мағлұмат бере отырып ,оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділігі: «Торы құлын » өлеңімен таныстыру,оқыту,мазмұнын талдау.
2.Дамытушылығы: ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелігі: мейрімділік сезімін сезе білуге, төрттүлікке деген сезімін арттыруға баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: диалог, , топтастыру, миға шабуыл, «Бес жолды өлең», «Ой қозғау» стратегиясы, «Автор орындығы».
Көрнекі-құралдар: суреттер,слайд, үлестірмелі қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже:
- «Торы құлын » өлеңін түсініп оқиды,талдайды.
-АҚТ қолданады.
- Сындарлы ойлайды.
- Шығармашылықтары артады.
-Топта жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
|
Кезең |
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының Іс- әрекеті |
|
Қызығушы лығын ояту 2мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық дайындық |
Оқушылармен сәлемдесу. Шаттық шеңберіне тұрғызу. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларға жабық тұрған смайликтерді алу ұсынылады. Топқа смайликтер арқылы бөлу.Топ көшбасшысын сайлау. Ереже қабылдау. |
Оқушылар шаттық шеңберін құрып тұрады.Допты бір-біріне бере отырып бір-біріне тілектер айтады. Оқушылар смайликтерді алады. Смайликтер бойынша топқа бөлініп отырады. |
|
Білім 2мин |
Өткен сабақты қайталау. |
Ой қозғау. Слайдтан жайлауда жайылып жүрген түліктердің суретін көрсету. -Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? -Саған қандай түлік ұнайды? -Қойдың төлін қалай атаймыз? - Қойдың қандай пайдасы бар? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Түсіну 10 мин |
Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Мақсат қою. |
Сурет бойынша жұмыс. -Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? -Жылқының төлін қалай атаймыз? Ойын «Ненің дыбысы ?» Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. «Торы құлын » өлеңін мәнерлеп оқыту. |
Оқушылар суреттегі жылқы мен оның төлін атайды. Оқушылар дыбыстан қай түлік екенін анықтайды. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып шығады. |
|
Қолдану 5мин |
Жаңа сабақ |
Жылқы малының басқа малдардан ерекшелігін айт. |
Көлік Әсемдік Жылқы Азық Байлық |
|
Талдау 10 мин |
|
Тапсырмалар. 1-топқа: Мақал- мәтелді пайдаланып , жылқы туралы сөздерді санамалап шық. 2-топқа : Жырды пайдаланып торы құлынды сипатта, әңгімеле. 3- топқа:Жылқының пайдасы туралы әңгімеле. 4- топ : Жылқының сүтінен әзірленетін тағамды ата.Оның пайдасы туралы айт. Постер жасау тапсырылады. Сергіту сәті «Қара жорға» Дәптермен жұмыс жүргізу. Дәптерге сөздікті жазғызу. Тай, құнан , ат- жылқы малының жастарына байланысты айтылған. |
Мақал-мәтел 1. Тұяқ тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер. Құнан атқа жеткізер Ат мұратқа жеткізер. 2.Тұлпар- ер қанаты. Жылқы малына қатысты сөздерді санамалап шығады. Топпен тапсырмаларды орындайды.
Әр топ бір-бірін бағалайды.Стикерлерге баға қойып , тақтадағы топтардың жұмысына қояды. |
|
Жинақтау 10мин |
Қорыту |
«Автор орындығы» оқушылар эссе жазады. |
Оқушылар жазған эсселерін автор орындығында отырып оқиды. |
|
Бағалау 6 мин |
Сабақ барысында өзара бақылау. |
Бағалау парағы беріледі.Параққа әр дұрыс жауабы үшін жүрекшелерді жабыстырту. Оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша бағалау. |
Оқушылар бағалайды. Параққа әр дұрыс жауабы үшін жүрекшелерді жабыстырады. |
|
Үйге тапсырма |
|
«Торы құлын » жырын оқып келу |
|
|
Кері байланыс |
1.Оқушының көзқарасы. |
Смайликтер арқылы сабақты бағалау ұсынылады. |
Смайликтер бойынша сабақты бағалайды. |
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сиыр
Мақсаты: Төрттүлік туралы мағлұмат бере отырып ,оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділігі: «Сиыр» өлеңімен таныстыру,оқыту,мазмұнын талдау.
2.Дамытушылығы: ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелігі: мейрімділік сезімін сезе білуге, төрттүлікке деген сезімін арттыруға баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: диалог, топтастыру, миға шабуыл, «Бес жолды өлең», «Ой қозғау» стратегиясы.
Көрнекі-құралдар: суреттер,слайд, үлестірмелі қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже:
- «Сиыр» өлеңін түсініп оқиды,талдайды.
-АҚТ қолданады.
- Сындарлы ойлайды.
- Шығармашылықтары артады.
-Топта жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
|
Кезең |
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының Іс- әрекеті |
||||||||||||||||||||
|
Қызығушылығын ояту (2 мин ) |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық дайындық |
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа жеміс- жидектер арқылы бөлу( алма, ананас, банан, жүзім, ).
Жұмыс ережесін қабылдау. |
Жеміс-жидектерді таңдау бойынша топқа бөлініп отырады. |
||||||||||||||||||||
|
Білім ( 3 мин ) |
Өткен сабақты пысықтау |
Өткен сабақты пысықтау. Тест беру(тест тапсырмалары үстел үстінде жатады ) 1.Жылқы сүтінен жасалатын сусын(қымыз). 2.Жылқы сүйеді баласын... (құлыным ) деп. 3.Жылқы қайтеді ? ( кісінейді) 4.Жылқы иесін қалай атайды? ( Қамбар ата) 5.Жылқының төлін қалай атайды?(құлын) |
Жұптық бағалау. Оқушы қасындағы балалармен жұмыстарын ауыстырады.Бір- бірін тексереді. |
||||||||||||||||||||
|
Түсіну (10 мин ) |
1.Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Өзіндік жұмыс |
«Дыбысты ажырат» ойыны «Сиыр»жырын оқыту. -Өлеңнен сиырдың мүйізін сипаттайтын жерін тауып оқы. - Мұрнын қайтеді? - Сүтінен қандай тағамдар әзірленеді ? Дәптермен жұмыс Мақал–мәтелдің мазмұнын талдау. Сөздікпен жұмыс Сырдаң- жұтаң , тапшы , кедей. |
Сиырдың дыбысын балалар анықтайды. |
||||||||||||||||||||
|
Талдау 10 мин |
Жаңа сабақты бекіту. Мағынаны ашу. |
Топтық жұмыс 1-топқа:Жырға сүйеніп , суреттегі сиырды сипатта. 2-топқа : Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдарды атаңдар. 3-топқа:Сиырдың терісінен жасалатын заттар. 4- топқа : Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар. |
Оқушылар постерге тапсырмаларды орындайды.
Жұмыстарын қорғайды.Әр топ бір-бірін бағалайды. |
||||||||||||||||||||
|
Қолдану (5мин) |
|
Тыйым сөздер жазу |
1. Теппе 2.Сүтті төкпе 3.Теріс мінбе 4.Басынан ұрма |
||||||||||||||||||||
|
Жинақтау (10мин ) |
|
Флипчардтан сәйкесін табу Сиырға қатысты сөздерді орнына қою. Айран, сүт ,уыз, ет,т.с.с. |
Әр топтан бір оқушыдан шығады. |
||||||||||||||||||||
|
Рефлексия (2мин) |
Сабақтың қорытындысын шығару |
-Сабаққа қандай көңіл- күймен келдіңдер? -Сабақ соңында ше? -Егер сабақ ұнаса мұрындарыңды ұстаңдар. -Сабақ ұнамаса аяқтарыңды тарсылдатыңдар. -Егер үй тапсырмасын бәріміз орындап келеміз десеңдер қолдарыңды жоғары көтеріңдер. -Келесі сабаққа бар ынтамызбен келеміз десеңдер қолдарыңды шапалақтаңдар. |
Оқушылар сабаққа баға береді. |
||||||||||||||||||||
|
Бағалау 3 мин |
|
|
Топ басшысы әр оқушыны бағалайды. |
||||||||||||||||||||
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:Түйе
Мақсаты: Оқушылардың түйенің адам үшін маңызы туралы білімдерін тереңдету,сыни тұрғыдан ойлай білуге , өзіндік ой- пікір жинауға, топ алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға , тақырып төңірегінде қорытынды жасай білуге бағыттау.
Міндеттері:
1.Білімділігі: топтық жұмыстарда түйе туралы ойларын білдіруіне мүмкіндік жасау.
2.Дамытушылығы: ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру, өздігінен білім алуға жағдай жасау.
3.Тәрбиелігі: оқушылардың бір- бірінен үйренуінеғ басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: диалог, топтастыру, миға шабуыл,«Ой қозғау» стратегиясы.
Көрнекі-құралдар: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»видео фильм,суреттер,слайд, үлестірмелі қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже:
- «Түйе » өлеңін түсініп оқиды,талдайды.
-АҚТ қолданады.
- Сындарлы ойлайды.
- Шығармашылықтары артады.
-Топта жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
|
Кезең |
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының Іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық дайындық |
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа төрт түлік жануарларының пірлері бойынша ауылдарға бөлу. Жұмыс ережесін қабылдау. Оқушыларға жауаптары бойынша фишкалар беріліп отырады. Жинаған фишкалар саналады. |
Оқушыларман сәлемдесу. Шаттық шеңберін құрады. Жабулы стикерлерді алады.Жануарлар түрі бойынша топқа бөлініп отырады.
Топ басшылары балалардың бағасын кестеге қойып отырады. |
|
Білім 4 мин |
Өткен сабақты пысықтау. Миға шабуыл. |
1.Төрттүліктің бірі- сиыр. Сиырдан қандай қажетті заттар аламыз? 2. Сиырдың төлін не дейді? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Түсіну 10 мин |
1.Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Мақсат қою.
Оқулықпен жұмыс
|
1.Жұмбақ жасыру. Иір- иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. Түйе туралы слайд көрсету. 2.-Балалар, түйе қандай жануар ? - Түйенің төлін қалай атаймыз? -Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы:Түйе. Жырды мәнерлеп оқыту. Сұрақтар беру: 1.Түйенің сүтін қалай атайды? 2.Түйенің жүрісі туралы не айтуға болады ? 3.Шудалары ше? 4.Түйе қандай шөпті жейді ? |
Жұмбақтың шешуін табады(түйе) Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.Мағынасын талдау. Сұрақтарға жауап бергені бойынша әр оқушыға фишкалар беріледі.
|
|
Қолдану 5 мин |
|
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» видеофильмін көрсету.Хайуанатттар дың сөзін талдау. |
Тапсырмаларды орындайды. |
|
Талдау 10 мин |
Жаңа сабақты бекіту. |
Тапсырмалар. 1-топқа : түйе жүнінен істелетін бұйымдар. 2-топқа : түйе сүтінен әзірленетін тағам. 3- топқа : түйе терісінен істелетін бұйымдар. 4-топқа:түйе қандай жерлерде жүреді? |
Постерге тапсырмаларды орындайды.Қорғайды. Әр топ бір- бірін бағалайды. |
|
Жинақтау 10 мин |
Қорыту |
Венн диаграммасы бойынша топтастырады. |
Тон пішеді Шұлық тоқиды Көрпе тігеді Шұбат аламыз |
|
Бағалау 6 мин |
Сабақ барысында 1.Оқушының көзқарасы. 2.Өзара бақылау. Рефлексия. |
Оқушылар жинаған фишкалар бойынша бағаланады. Рефлексия. -Сабақ ұнаса күннің суретін , онша болмаса бұлтты көтереді. |
|
|
Үй тапсырмасы |
|
«Түйе» жырын оқып келу. |
|
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.
Мақсаты: Төрттүлік туралы мағлұмат бере отырып ,оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділігі: «Төрт түліктің кеңесі » мәтінімен таныстыру,оқыту,мазмұнын талдау.
2.Дамытушылығы: ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелігі: мейрімділік сезімін сезе , төрттүлікке деген сезімін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: диалог, топтастыру, миға шабуыл, «Бес жолды өлең», «Ой қозғау» стратегиясы.
Көрнекі-құралдар: суреттер,слайд, үлестірмелі қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже:
- «Төрт түліктің кеңесі » мәтінін түсініп, рөлге бөліп оқиды,талдайды, сахналайды.
-АҚТ қолданады.
- Сындарлы ойлайды.
- Шығармашылықтары артады.
-Топта жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
|
Кезең |
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының Іс- әрекеті |
|||||||||||||||||
|
Қызығушылығын ояту. 2 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психология лық дайындық |
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа төрт түліктердің пірлері бойынша бөлу
Жұмыс ережесін қабылдау. |
Оқушылар сәлемдеседі. Стикерлердегі нөмірлеріне қарай топқа бөлінеді. |
|||||||||||||||||
|
Білім 3 мин |
Өткен сабақты қайталау.
Флипчартпен жұмыс |
Миға шабуыл - Түйенің төлін қалай атайды ? - Түйе жүнінен істелетін бұйымдарды ата. -Түйе сүтінен әзірленетін тағамдарды ата. Сәйкестендіру тесті. 1.Түйе 1. Қымыз аламыз. 2.Сиыр 2. Шұбат аламыз. 3.Жылқы 3.Сүт аламыз. 4.Қой 4.Еті , жүні пайдалы. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар тақтаға шығып сәйкестендіреді. |
|||||||||||||||||
|
Түсіну 10 мин |
Жаңа сабақтың мақсатын талдау
Топтық жұмыс |
Ой қозғау. - Балалар, қай түлік қандай жерді таңдайтынын білесіңдер ме? - Төрт түліктер қандай кісіні таңдайды екен ? Қызығушылығын ояту. «Жайылымда жайылып жүрген қай жануар?»видеофильмін көрсету. -Қалай ойлайсыңдар ,басқа жануарлар қандай жерді қалайды екен ?
1- топ: сиырдың қай жерді қалайтынын айтады. 2-топ: қойдың қай жерді қалайтынын айтады. 3- топ :жылқының қай жерді қалайтынын айтады. 4- топ : түйенің қай жерді қалайтынын айтады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар рөлге бөлініп оқиды. Әр топтпан төрт оқушы шығып сахналайды. Оқушылар түліктердің қандай жерді қалайтынын постерге суреттерін салып немесе дайын суреттердің тиістісін орналастырады. |
|||||||||||||||||
|
Қолдану |
|
Дәптермен жұмыс -Дәптерге мәтіннен кестедегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді жаз. Суреттерге қарай отырып, қай түлік қай жерді қалайтынын айтыңдар. Сергіту сәті «Алдар көсе» |
Оқушылар тапсырманы орындайды. Бір- бірін тексереді.
Постерге түліктердің қай жерді қалайтынын көрсетеді. |
|||||||||||||||||
|
Талдау 10 мин |
Жаңа сабақты бекіту. |
Әр топтан бір- бір журналист шығып , қарсы топтарға сұрақ қояды. |
-Төрт түлікке нелер жатады? -Қымыздың қандай пайдасы бар деп ойлайсың ? - Шұбатты қай түліктен аламыз? |
|||||||||||||||||
|
Жинақтау |
Қорыту |
«Бес жолды өлең» құрастыру тапсырылады. 1.Не? 2.Қандай? 3.Не істейді? 4.Төрт сөзден тұратын сөйлем. 5.Синоним |
Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтада орындайды. «Бес жолды өлең» құрастырады. |
|||||||||||||||||
|
Рефлексия лық кезең |
Сабақ барысында 1.Оқушының көзқарасы. 2.Өзара бақылау. |
Шығу парақтарын тарату. -Білдім. -Білгім келеді. -Сұрақтарым. -Пікірім. -Тілектерім. -Өз жұмысыма деген көзқарас. |
Шығу парақтарын толтырады. |
|||||||||||||||||
|
Үй тапсырма сы |
|
Мәтінді мәнерлеп оқып келу. |
|
|||||||||||||||||
|
Бағалау 3мин |
|
|
Топ басшысы әр оқушыны бағалайды. |
|||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген