жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сүйемін сені - Астана!" тәрбие сағаты
Тақырыбы: Сүйем сені – Астана.
Мақсаты:
Жас ұрпаққа, патриоттық тәрбие беру арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды Қазақстан Республикасының тарихын білуге талпындырып, Рәміздер арқылы патриоттық сезімін оятып, Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау, түзету.
Көрнекілігі: Рәміздер, нақыл сөздер, бейнетаспа, сөзжұмбақ, мазмұнды суреттер, плакат, жаңа сөздер мен Қазақстан Республикасының картасы, Әнұран.
Барысы:
-
Кіріспе әңгіме.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Балалар, орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасамыз.
-
Қайырлы күн.
-
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын оқимыз.
-
«Сүйем сені - Астана».
-
Жаңа сөздер оқимыз.
Сыйлы – құрметті.
Келі – талқан түйетін ыдыс.
Есік – қаланың аты.
Қарыс – сауық өлшемі.
-
Қазақстан Республикасының картасын көрсетіп:
Үлкен орман көлдері,
Үлкен өзен шөлдері.
Үлкен қала тауы бар.
Елді десем табыңдар.
Әрбір қазақ баласы,
Өзім сонда тұрам деп.
Бұл қазақтың даласы.
Ата-бабам туған жер
Кіндік қаны тамған жер.
Осы картадан маған кім Астана қаласын көрсетеді?
Қазақстан Республикасы Елордасныың астанасы – Астана.
Сүйем сені – Астана.
Хормен оқиды.
Астана, Астана,
Астана бас қала.
Астана жас қала,
Ардақтап атыңды.
Аузымнан тастаман.
Сүйем сені – Астана.
Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор. Қазір ол Ресейге өтіп кеткен. Содан кейін Қызылорда қаласы болды. Кейін Верный қаласы, қазіргі Алматы. Кейін 1997ж. 20қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бұрынғы Целиноград қазіргі Ақмола облысы, елдің астанасы болып жарияланды. Қазіргі Ақмола қаласы Астана.
Осы қалаларды картадан көрсету.
Тәуелсіз Қ.Р.астанасы – Астана қаласы жас қала, бас қала, оның құрылыстары соңғы үлгімен салынған. Сол Астанадағы мәдени орындарды көреміз.
Ақорда. Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс орны. Ол жерде шет мемлекеттерден қонақтар қабылдайды.
Бәйтерек Бәйтерегім аспанменен таласады,
Ай мен күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды сәулетші азаматтар,
Астананы тұрғызды қарашы әні.
Нақыл сөздер
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Тақпақтар
1-бала:
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
2-бала:
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала ...
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
3-бала:
Туған жері түп қазығы, айдыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт санасы – тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
4-бала:
Жүректе сақталатын,
Жүретін салтанатым.
Астана биігіміз.
Биіктер күнге жақын.
Бейнетаспа көру.
Сөзжұмбақ
Мақсаты: Балалардың пәнаралық білімін бекіту. Негізгі сөз жазылмайды. Сұрақтар көрсетілмейді. Он бес сұрақ араластырып қойылады. Балалар біртіндеп алып оқып, жауап беріп жазады.
-
Кітап орысшасы ...
-
Ананңның ағасы ...
-
Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс орны.
-
Қымыз құятын ыдыс.
-
Саусақ өлшемі.
-
ҚР бұрынғы астанасы.
-
Талған түйетін ыдыс.
-
Мұсылманша жаңа жыл.
-
Киіз үй құрылысы.
-
ОҚО биыл неше жыл толды?
-
Су астында бір қызық, Астанада акулада жүр жүзіп.
-
Алтын адам табылған қала.
-
Қыздар билейтін ұлттық би.
-
Суда жүзетін үй құсы.
-
30*2=?
-
Біз не туралы айттық?
-
Қай жылдан бастап Астана ҚР-ның бас қаласы болып жарияланды?
-
Балалар, біз бүгін ашық тәрбие сағатында не үйрендік?
-
Жаңа сөздермен таныстық.
-
Рәміздерді үйрендік.
-
Тақпақтар айттық.
-
Сөзжұмбақ шештік.
-
Мазмұнды суреттермен жұмыс жасадық.
-
Балалар, орнымыздан тұрып, қонақтармен қоштасамыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген