жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сүйемін туған жерімдіі
Тақырыбы: Сүйемін, туған жерімді.
Мақсаты: Семей қаласының тарихымен таныстыру, оқушылардың ізденіс, ойлау, сөйлеу, өзін және өзгені тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Туған жерді, оның құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой- өрістерін дамыту.
Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын сынып оқушыларына туған ел, жер, Отан, туралы сурет салу сайысы жарияланады. Семей өңірінен шыққан атақты адамдар туралы мәлімет жинап, кітапшалар жасау.
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
Керекті құралдар:
Мұғалім :
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!-дей отырып бүгінгі «Сүйемін, туған жерімді» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бөлімері:
-
Туған қалам, Семейім
-
Семей қаласының құнарлы топырағын жарып шыққан алып тұлғалар
-
Болмасаң да, ұқсап бақ
-
«Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей».
І бөлім. Туған қалам, Семейім
Мұғалім: Балалар, сабағымыздың басында туған қаламыз Семейдің тарихы туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік.
Диляра: Семей – Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі. 1718 жылы Семипалатная қамалы ретінде негізі қаланды.
Аружан:1782 жылы қала мәртебесін иеленді. 1783 жылы Семипалатинск деп аталды.
Диляра: 1851 жылы қала гербі бекітілді: «Қалқаның көкшіл бетінде алтын тиелген түйе, оның үстінде күміс ай мен бесбұрышты жұлдыз. Қалқанның жоғары жағында қаланың алтын тәжі бейнеленген»
Аружан:1997
жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына
кіргізілді.
Диляра:
2007 жылы Елбасы жарлығымен қала Семей атын
иеленді.
Аружан:
Семей 2781 мың га жерді алып жатыр, халқы 300
мың адам.
Диляра:
«Семей» деген сөздің өзі көне түркі тілінде
«рухани орта» дегенді
білдіреді.
Аружан: 1949 жылдан бастап
Семей жерінде ядролық сынақтар жүргізіле басталды. 40 жыл
жүргізілген сынақтар жергілікті халық денсаулығы мен өңір
табиғатына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29
тамызында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен
тоқталды.
Диляра: Бұл күнде полигон
жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден
туристер көптеп ағылады. 2001 жылы 29 тамызында Семей қаласындағы
«Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған
үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының
авторы – Шота Уәлиханов. Бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы
дамыған, кең алқапты саябақтарымен
көрікті.
Мұғалім: Міне, балалар, Семейдің тарихын қысқаша айтып өтті. Тәуелсіздік алғалы қиын күндер артта қалды.
-
Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991ж
-
Биыл тәуелсіздікке қанша жыл? 26ж
-
Семей палигонының жабылғанына қанша жыл? 26ж
-
Өте жақсы былтыр тәуелсіздіктің 25 жылдығымен бірге Семей палигонының жабылғанына 25 жыл болғанын атап өттік. Келер жылы 2018 жылы Семей қаласына 300 жыл толады. Қазір қаламыз әдемі көрікті жерлерімен мақтанарлықтай. Семейге елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы» деген мәртебе берген.
Көрікті жерлері:
1
оқушы: Семей қаласы Ертіс өзені
бойында орналасқан. Ертіс өзеніндегі жаңа аспалы көпір қала
көркіне, мақтанышына, символына айналды. Жүздеген шақырымға
созылған қарағайлы орман бар. Қалада орталық саябақ, балалар
саябағы, балалар биологиялық орталығы, су бағы, жеңіс саябағы
бар.
Қала аумағында бірнеше мұражай:
тарихи-өлкетану мұражайы, Абайдың қорық мұражайы, Ф.М.
Достоевскийдің мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері
мұражайлары қызмет етеді.
2 оқушы:
Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері,
Жастар сарайы есігі көрермендерге айқара ашық. Қазақ және орыс
театрлары жұмыс істейді.
Қалада 9 мешіт, 2 православие шіркеуі, тағы
басқа діни орындар жұмыс
істейді.
Еуразия құрлығының кіндігі болып табылатын
Абайдың, Мұхтардың туған жері – Шыңғыстау. Онда Абайдың мұражай
үйі, «Еңлік-Кебек» зираты, Еуразия кіндігі ескерткіші, Абай-Шәкәрім
кесенелері бар.
3 оқушы:
Семей қаласында 20 жоғарғы оқу орны,14
колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 82 жалпы білім беретін
мектеп бар. Қалада Шәкәрім, Қабанбай батыр, Абай, Мұхтар Әуезов
ескерткіштері, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге, ядролық
сынақтардың құрбандарына арналған ескерткіштер
бар.
Мұғалім: Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
ІІ бөлім. Семей қаласының құнарлы топырағын жарып шыққан алып тұлғалар
Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы ақын Абай Құнанбаев, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезов. Өнер жұлдыздары, әнші Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, ғалым Қ.Мұхаметқанов, жазушы Р.Сейсенбав, сазгер Б.Алибасов, айтыскер ақындарымыз С.Тоқтамысова, Р.Зайтовтардың Семейден шыққанын мақтан етеміз!
-
Балалар, сендерге алдын ала Семей қаласының құнарлы топырағын жарып шыққан алып тұлғалар туралы мәлімет жинап келуге тапсырма берілген.
Әр топтан екі оқушы шығып жасап келген кітапшалары туралы (кітапшада жазылған адамдардың өмір баяны мен еңбектері туралы) айтады.
ІІІ бөлім. Болмасаң да, ұқсап бақ
-Балалар, біздің туған жерімізден қаншама атақты адамдар шыққан. Және қазіргі уақытта осы жоғарыда айтып кеткен атақты адамдардың ішінен Семейдің, өзінің туған жерінің атын танымал етіп жүргендері қаншама. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай солардың жолын қуып келе жатқан оқушыларымыз, болашақ мақтаныштарымыз да жоқ емес. (Слайдтан үйірмеге қатысатын оқушылардың суреттері шығып тұрады)
Бұл оқушылардың барлығы сыныптан, тыс уақыттарда осындай түрлі үйірмелерге қатысады.
Балалар, сендер ер жетіп, белгілі бір маман иесі атанасыңдар. Сол кезде сендер де туған жерлерің үшін, өз қалаларың Семейлерің үшін қандай жақсы игі іс атқарар едіңдер. Әр топ ақылдасып, өз ойларыңды ортаға салсаңдар деймін.
1-топ: Тхэквандо үйірмесінің қатысушылары Нұрмұахметов Алдияр мен Бахтыбеков Арнұр. (Тхэквандоның түрлі әдістерін көрсетеді)
2 топ: Абайдың жылдың 4 мезгіліне арналған өлеңдерін оқып береді.
3 топ: Өз қалаларына емхана салғылары келетінін айтады, суретін салады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ІҮ бөлім. «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей»
Мақалды толықтыр.
1 топ
Отансыз ... – ормансыз бұлбұл адам
Отан ... да ыстық оттан
2 топ
Ел іші –....бесік алтын
Отан – .... анасы, ел –ердің анасы елдің
3 топ
Туған жерге... тік туың
Туған жердей ... болмас, туған елдей ел болмас. жер
-
Міне балалар, бүгінгі іс шарамыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік. Туған жердің тарихын айттық, тағылымына тоқталдық. «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» демекші сендер де туған жерлеріңді сүюге міндеттісіңдер.
Ән: Семейім.
Алдияр. Біз Қазақстан барысы атанған Айбек, Мұхит ағаларымыздай өскенде Тхэквандодан чемпион болып қаламыздың атын шығарғымыз келеді.
Анель. Біздің топ егерде ақын болсақ туған қаламыз Семейге арнап көптеген өлеңдер шығарар едік. Абай атамыз лирик ақын болған ғой. Ол туған жерінің табиғатына арнап 4 жыл мезгіліне өлең шығарған. Біздің топ сол өлеңдерді оқып бергіміз келеді.
Ажар. Біздің топ ақылдасып, егер өскенде дәрігер болсақ Семейден үлкен емхана ашып, адамдарды емдегіміз келеді. Емхананың атын «Алтын ине» деп атағымыз келеді.

Семей - Ертіс бойында орналасқан әсем қала Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала. 1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды. Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған. Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.

мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Абай мен Ф.М. Достоевский мұражайлары, Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан.

Ертіс өзені арқылы
өтетін Семейдегі аспалы көпір қала мақтанышына айналған. Аспалы
көпір 2000 жылдың 17 қазанында ашылды. Күн сайын көпір арқылы
мыңдаған көлік қаланың екі жақ бөлігіне қатынайды.
Өлеңдер:
Қазақстанның бір қаласы Семейім,
Сұлулығыңды қай қалаға теңейін.
Әдемілігіңе көз тоймайды білемін,
Бақыт, байлық өмірбақи халқына мен тілеймін.
Қарт Ертіс Семейімнен ағады,
Жүрегімде Семейге деген құштарлығым жанады.
Семейімді мәңгі бақи сыйлаймын,
Мақтанудан мен аузымды тыймаймын.
Абай өлеңі:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқай танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат
анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Шәкәрім құдайбердіұлының өлеңі
Адамдық борышың -Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз, Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды, Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң – Шын бақыт‚
Осыны ұқ, Мәңгiлiк өлмейсiң!
Шоқан Уәлиханов Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Абай, Шәкәрім,
Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Петр Семенов-Тянь-Шанский, Федор
Достоевский, Қаныш Сәтпаев, Әміре Қашаубаев, Игорь Курчатов, Герман
Титов, Галина Серебрякова, Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова сияқты
аты әлемге әйгілі жұлдыздар Семейліктердің арасынан
шыққан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген