жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сүйікті әуендерім
1А бөлім. Екі таңбалы сандар.
1-сабақ. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. 11-ден 20-ға дейінгі сандар.
Толық ондықтар. 100 саны
|
Тақырыбы: Мен лагерде қалай демалдым? |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: |
||||
|
20-ға дейінгі сандарды ретімен және кері ретпен, толық ондықтармен санау, натурал сандар тізбегін анықтау |
|||||
|
Бірқатар оқушылар үшін: |
|||||
|
толық ондықтармен санау |
|||||
|
Кейбір оқушылар үшін: |
|||||
|
20 дейінгі сандардың түрлі моделін білу |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: 20-ға дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы аралықтағы сандар |
||||
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. |
|||||
|
Аралықтағы санды айта аласың ба? ... 10 және 20, 0 және 10 сандары арасындағыларды қалай анықтауға болады? Сандарды ретімен және кері ретпен санай аласың ба? Санның моделін қалай көрсетуге болады? 16 санының моделін көрсете аласың ба? |
|||||
|
Тірек білімдер, білік, дағдылар |
20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу және оқу |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0–3 |
Ынталандыру. Демалыс кезінде санаудың қажеттілігі болып, математикалық білім мен дағдыларын қалай пайдаланғандары туралы әңгімелеседі. Санаудың, дұрыс санай білудің маңызды екендігі туралы қорытындыға мұғалім оқушыларды жетектейді. |
|
|||
|
4–6 |
Белсендіру. Сыныптағы ұлдар мен қыздар санын есептеуге болады. "Санды тап" ойыны ойналады. Алдын ала 0-ден 20-ға дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Оқушылар командаға бөлінеді. Әрбір команда 20-ға дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған топ жеңіске жетеді. |
20-ға дейінгі сандардың, толық ондықтар-дың қиықша-лары |
|||
|
7–11 |
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Сабақтың мақсатын бекіту: – Осы сабақта алдымызда қандай мақсат тұр? (тура және кері санауды, сандардың «көршілерін» атауға жаттығу, 1-сыныпта өтілгендерді еске түсіру) |
|
|||
|
12–29 |
Балалар №1 тапсырманың материалдары негізінде «Лагердегі жазғы демалыс» лексикалық тақырыбын түсіндіріп талдау. Балалар жазда достарымен қандай ойындар ойнағанын, қандай спорттық үйірмелереге барғанын әңгімелейді. Мұғалім оқулықтағы №1а, б, в. тапсырмалармен жұмысты ұйымдастырады. Өздік жұмыс. Оқушылар 15, 20, 11, 9 сандарының моделін құрайды, одан соң: - жұмыс дәптерінен 2,3-тапсырмалар өз бетінше тексеру арқылы орындайды. Қатені түзету. Сабақта жасалған әрбір жұмыс талданады. Өздік жұмысын дұрыс орындамағандар, түзету жұмысымен айналысады. Мұғалім мына сұрақтарға жауап алады: - Аралықтағы санды айта аласың ба? ... - 10 және 20, 0 және 10 сандары арасындағыларды қалай анықтауға болады? - Сандарды ретімен және кері ретпен санай аласың ба? - Санның моделін қалай көрсетуге болады? - 16 санының моделін көрсете аласың ба?. Санның моделін көрсетуде оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс жасайды. |
Дәптер, оқулық, санның моделін көрсететін үлкен және кіші дөңгелек-тер, шаршылар не жолақтар |
|||
|
30–40 |
Өткенді жалпылау. Оқулықтағы №2,3 тапсырмалар 1-сыныпта өткендерді қайталау жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сандар туралы білімдерді бекітеді. №3 тапсырманы орындауға берілген уақытты есепке алу мұғалім үшін өтілген материалдардың есте қалғанынан не қалмағанынан мәлімет береді. Өздік жұмыс Жұмыс дәптерінен 1-ші және 4-тапсырмалар беріледі. №1 тапсырма критерий бойынша тексеріледі. Оқушылар №4 тапсырмаға табыс критерийін өз бетінше қолданып көреді. №4 тапсырма арқылы 20-ға дейінгі сандар туралы білімін қайталауға көмектеседі.жұмысты үлгі бойынша өзара тексерумен жұпта ұйымдастыруға болады. Мұғалім орындалған жұмысқа формативті бағалау жүргізеді. |
Дәптер, оқулық |
|||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген