жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сүйікті балабақшам!!!
Қош бол балабакша!!!
Мақсаты:
Мектепалды даярлық тобының жыл бойы
алған білімінің үйренген жұмыстарының
нәтижесін көрсету,мектепке деген
көзқарастарын қалыптастыру.
(Залға
музыка әуенімен төрт бала
кіреді.)
1-бала.Дамир. Армысыздар,
құрметті ата-аналар,қонақтар,тәрбиеші
апайлар! Бүгін бізде үлкен мереке!
Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып
кішкене ғана сәби болып келген балалар
біздер міне,бүгін сүйікті ұямызбен
қоштасқалы отырмыз. Бүгінгі «Қош бол,
балабақшам! » атты ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер!
1-тәрбиеші:
Бізге
сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім
жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып,қанат
қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын
күн туды.
2-тәрбиеші:
Бәріңді
де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді
сағынып біз жүрейік
Құтты болсын
қадамдарың аттаған
Біз сендерге
сәтті сапар тілейік.
2-бала.Айтолқын:
Біздер
ұшып талмай қанат қағамыз
Жүректерде
арман отын жағамыз
Жақсы оқып алтын
ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын
табамыз.
3-бала
.Кәусар:
Сегодня день весений
светлый,
Такой волнующий для
нас.
Промчится лето не заметно
Нас
всретит школа первый класс.
4.-бала .Ақерке:
Ағылшын тілінде:
Ю а уелком!Тудей уй сей «Сэнк ю! Гут бай!»
Ай сей хеллау,
Ай
сей гут бай,
Киндергадн бай-бай!
5.бала
Айтолқын:
Ұстаздар шығарады
кемеңгерді
Бүгінгі ертеңгіліктің
кемеңгері
Ду қол шапалақтап
шақырайық
Бүгінгі салтанат иелерін
Вальс :"Бүлдіршіндер вальсі".
Алуа:
Балалар , естеріңде ме,біз алғаш осы
балабақшаға келгенде былдырлаған
кішкентай бүлдіршіндер едік қой.Енді
міне сол балабақшамызбен қимай қоштасқалы
тұрмыз.
Алихан: Ия,қасық ұстауды да
білмейтін едік,енді қолға қалам
ұстап,сурет салып,әріптерді де жазатын
болдық.
Айсана: Біз дұрыс сөйлеуді
де білмейтін едік,енді міне ән айтып,тақпақ
жаттайтын болдық.
Камалия: Менің
есімде,өзіміз киініп,жуына алмайтынбыз.Ал
қазір өзіміз киініп,жуынып,төсегімізді
де жинайтын болдық.
Айша: Біз сүрінбей
жүре алмайтын едік,енді міне мың бұрала
би билейтін болдық.
Айзере: Ендеше,осындай
жағдайға жеткізген апайларымызға арнап
ән жолдайық.
Ән.
«Тәрбиеші»
(Шар ұшырып ,орындарына отырады).
Тақпақтар
Айзере:
Өзіңнен көп дос таптым
Бауыр баса
бастаппын
Тәрбиешілер мейірбан
Келмей
тұр енді қоштасқым
Бексұлтан:Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп
бізді шақырады,
Қош бол,әсем бақшамыз.
Абдулла:
Қуанамыз,сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
Айша: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Шыңғыс: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен
Мектепке енді барамыз.
Нұртілеу:
Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда
талай-талай сан арман.
Қоштассақта
балабақшам сенімен
санамызда өзің
берген өнегең.
Айсана: Біз оқушы баламыз,
Оқып білім аламыз.
Апайларым өзіңізге
Арналады бұл әніміз. Әнші Алуаның орындауында «Ұстазыма» әнін қабыл алыңыздар.
Ән. «Ұстазыма» .Алуа
Би:"Мамбо".
Кәусар. Достар, «Мектеп-кеме,білім-теңіз» деген,ендеше,біз бүгін сол теңізге саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Балалар:- Иә, әрине.
Білім
ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Мен «Білім» ханшайымы, сендердің
білімдеріңді сынағалы келдім.Балалар,сендер
білесіңдер ме, «Білім» теңізіне тек
білімді,өнерлі,тәртіпті,ақылды балалар
ғана бара алады.Ал,жолдамалар сендердің
дайындықтарыңа беріледі.Ендеше,жолдамалар
мынандай:
1.жолдама «Әріптер әлеміне»
беріледі.Ол үшін берілген әріптерден
сөз құрау керек.
2.жолдама: «Есептер
еліне» беріледі.Ол үшін мына есептерді
кім шығарады және -1-ден 20-ға дейін үш
тілде тура,кері санап беріңдерші.
Мысал
есеп:
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен
төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу
Жауабын
кім табады? Басы 4,аяғы 8
2.Балапанын
көгалда
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі
жүр жүгіріп,
үшеуі
жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап
берші балақан? 10 балапан
3.Құмырсқалар
еңбекшіл
Ұйымшыл және ол көпшіл
Екеуі
жүр дәм тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі
шырша түбінде
Барлығы нешеу санап
шық? 9 құмырсқа
3.жолдама:
«Жұмбақтар еліне саяхат» жұмбақ шешуге
қалай екенсіңдер,көрейік.
1. Жұмбақ.
Тұрады
ол сөреде,
Іші толы өнеге ( Кітап)
2.
Өзі сөйлей білмейді,
Жүрген ізі
сөйлейді. (Қаламсап)
3.Тілден
ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)
4.Шәкiртке
жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?
(Ұстаз)
5.Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар
iзiнде. (Қаламсап)
6.Сағат сайын
қағылады,
Тек мектептен табылады.
(Қоңырау)
7.Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе
қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де
4-жолдама."Өнер еліне саяхат" өнерлеріңді тамашалайық.
Ән:"Мен қазақтың баласымын".Дамир,Бексұлтан.
Білім
ханшайымы:-ой,бәрекелді,жарайсыңдар!
Сендер менің сынағымнан өттіңдер.Сендер
шеттеріңнен білімді, өнерлі, ақылды
екенсіңдер.Басқа балабақшаларға да
баруым керек .Мен сендермен
қоштасайын.Сендерге сәтті сапар тілеймін!
Сау болыңдар!
Ән. Хор. «Үйретеді мектебімде.»
Ақерке.
Құрметті қонақтар кішкентай
жайдарманшылардың өнерлерін
тамашалаңыздар.
1. «Құлпынай» тобы
оқу қызметі үстінде.
Камалия
(апай):-Балалар,қане «Қ» дыбысынан
басталатын сөздер айтыңдаршы.
1-бала:
қауын,2-бала :қарбыз,3-бала: алма
Апай:
Жан, «Қ» дыбысының алмаға қандай қатысы
бар?
Жан; а-а-а ,онда құрттаған алма.
2.
Ақерке. «Әжесі мен немересінің
әңгімесі»
Немересі (Інжу)-Әже,әже
уайфай деңізші!
Әжесі (Жаснур)-
тфай,тфай!-дейді
3,
Ақерке. «1-қыркүйек. Баланың мектепке
баруы»
Сағат шырылдайды.
Анасы
(Айсана):-Әкесі қайдасың, қане баланы
мектепке дайындайық.
Әкесі (Дамир):-
Жарайды,қазір,қазір
Анасы: мен ыстық
тамағын әзірлейін.
Әкесі: жоқ,жоқ
менің балам спортсмен болады-деп,бокс
қолғабын сөмкеге салады.
Анасы:
(ойланып тұрып) о,жылы жемпірін салайын-деп
сөмкегк киімді салады.
Әкесі:
о,қазір –деп,гир тасын салады.
Осы
кезде кітаптарын көтеріп баласы
шығады.
Баласы(Нұртілеу):-Ал мен
кітаптарымды қайда саламын.
4,
Ақерке. «Құлпынай» тобы мектепке
дайындалуда
Айзере: -Жан,мектепке
барамыз дейсің,мектеп туралы не
білесің?
Жан:-мен тақпақ білемін:
Мектебің,мынау
класың,
Осында он жыл тұрасың
Қоңырау
болғанда кіресің
Қоңырау болғанда
шығасың
Камалия:
«Даярлығым қош енді
Әркез аман бол»
деймін
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін
Ән. «Қос бәйтерегім» Камалия
"Қазақ биі"
Балалар
(хормен):
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс!
Алуа: Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Алма Қайсарқызына мың алғыс!
Дамир.Қуансақ
бірге қуанған,
Күлімсіреп қараған
Әдіскері
бақшаның
Ақмарал апайға мың алғыс
Ақерке: Наталья апай өзіңізді,
Жақсы көрем әрдайым.
Әрқашан бізге жалықпай ,
Ағылшын тілін үйреткен.
Наталья апайға мың алғыс!
Кәусар: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Айнұр апайға мың алғыс!
Жаснұр: Жүгіртіп бізді алатын,
Доптай шапшаң секіртіп.
Шынықтырып денеңді,
Шымыр болуға үйреткен.
Аида апайға мың алғыс!
Бексұлтан
: Қайнаған су әкеліп
Іш деп дәрі
береді
Жылтыңдатып инесін,
Түршіктірер
денеңді.
Медбике апайға мың алғыс
Рамазан: В группах чисто и красиво,
Все игрушки по местам.
Помощник воспитателя,
Спасибо большое вам.
Алуа:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген
жақсы адам
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді
оқытқан
Санауды бізге үйреткен
Жақсы
болсақ қуанған
Қатеміз болса кешірген
Ән. «Жас дәуірдің түлегіміз»
Меңгеруші сөзі.Диплом беру.
Ата-ана
тілегі.
Жүргізуші: Осымен «Қош
бол,балабақша» атты ертеңгілігіміз
аяқталды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген