Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сүйікті менің кітабым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар.
Бүгін сіздер 1 сынып оқушыларының алғаш рет қолдарыңа алған , әріп
таныған , оқулығы ,, Әліппемен ‘’ қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп
отырсыздар. Қош келіпсіздер дей отырып , мерекені бастайық .
Өтті –ау оқу сан сабақ,бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ,әліппеміз қоштаспақ
Әріптерді таныған,өңкей білгіш балдырған
Өсіп – білім бойларың ,құтты болсын тойларың.
Ендеше дуылдатып соғылған шапалақпен 1 сынып оқушыларын ортаға
шақырамыз.
Балалар естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап , сыңғырлаған
қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді ?
Хормен : 1 қыркүйек .
Саят : Күмбір-күмбір қоңырау,сағынған ай қыркүйек
Қалам ұстап қолыма,жазылған ай қыркүйек
-Балалар, бұдан соң қызықтап , қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз
қандай кітап ?
Хормен : Әліппе кітабы .
-Ал енді осы : ,,Әліппенің'' алғашқы бетінде қандай алғыс сөз жазылған,
және оны кім жазған ?
Наргиз : Айналайын . Қолыңдағы әсем кітап ,,Әліппең'' аяулы ана тіліңнің
мөлдір бастауы , білім шыңына жол ашар ақылшың , білім есігін ашқан
алғашқы қадамың құтты болсын .
Бақберген : Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де,Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін,жерін сүйетін,жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін,,-деп жазған Қазақстан Республикасының Призеденті Н.Ә.Назарбаев.
-Қымбатты балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын,соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Хормен:Болашаққа жол ашар, Ол сүйікті Әліппе!
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені»ортаға шақырайық.
Хормен:Әліппе,Әліппе,Әліппе(Әліппе ортаға шығады)
Әліппе:Сәлеметсіз бе, балалар!
Хормен:Сәлеметсіз бе,Әліппе!
I.Ән.Хор:«Әліппе »
Әліппе:Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын.
-Дауыстылар қайдасыңдар?(Біз мұндамыз)
-Дауыссыздар қайдасыңдар?(Біз мұндамыз)
Әліппе:Армысыңдар жас достар!Армысың ата-аналар,
Болашаққа жол бастар,,,Әліппе,,келді ортаға
Білім деген ғажаптың,Әліпбиін меңгеріп
Келешегі қазақтың,басталады сендерден
Шұғыла:Мынау сенің Әліппең,балақай түк жалықпа
Үйреніпті әріптен,ұстаз,ғалым,алып та
Рамазан:Барша-барша ғылымың,Әліппеден басталар
Жалғастырған білімін,жақсы бала дос болар
-Ендеше бүгін балалар,қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік.(кітап оқу)
Би:«Қазақ биі»Орындайтын Сағызбай Айсұлу
-Балалар,сендердің ,,Әліппе,,кітабын осылай оқуларын мына отырған ата-аналарың үшін үлкен қуаныш.
Малика:Үйретті бізді ,,Әліппе,,42 дербес әріпке
Сөз,сөйлем құрап әріппен,лайық болдың дәріпке
Мұғалім:-Ал , ендеше әріптерді сөйлетейік.
Аяжан(А а):Алыбы алыптардың Ата-ана
Ақыл,Ар,Адам,Арман,А-дан ғана
Бақберген(Ә ә):Әкелген едім Әліппе,әр беті толған әріпке
Саят(Б б):Барабан,балға бала,барлығы да,бой ұрып бас ұрады осы,,Б,,-ға Шұғыла(В в):Ваня ағай толғанды,виолончелін қолға алды.
Рамазан(Г г):Газет,Гауһар,газ,гуіл,Гүл сөзінен ,,Г г,,ні біл
Гүлжауһар(Ғ ғ):Ғажабымен ғарыштың,ғалымдардай таныс кім?
Данияр(Д д):Дәмежанға дәрігер,дәрі беріп әбігер
Мерей(Е е):Еріншектің ертеңі,елге таныс ертегі
Айнамкөз(Ё ё):Ё әрпін біз білдік,Шахтёр құрметті мамандық
Мейрамгүл(Ж ж):Жаз биыл да жаңбырлы,жайлау талай жаңғырды
Бекарыс(З з):Зәуре ұзақ биледі,зерлі көйлек кигені
М.Асар(И и):Иттер келіп икемді ,иесіне сүйкенді
Гүласыл(Й й):Йод-дәрі,Мемлекет-Йемен,басталады шолаң,,Й,,ден
Мағжан(К к):Көктемде жер кепкенде,көк қонды көк белге
Қарақат(Қ қ):Қауырсынын құстардың,қызықтауға құштармын.
Асар(Л л):Латиф пен Лайық,лақты қуды бұл айып
Ә.Амангүл(М м):Мен көп тердім мақтаны,Марат мені мақтады.
Наргиз(Н н):Нағашым өтінді Назардан,«Науат»әкел деп базардан
Ринат(Ң ң):Шаң - тозаң кетті-ау мазаң,ң әрпін тап таң,паң,маңнан
Есболат(О о):Орындыққа отырып,оқулықты оқылық
Артур(Ө ө):Өз бөлмемнен көрмедім,өрмекшінің өрмегін
Малика(П п):Пайыз палау пісірді,папасына ұсынды
Мирас(Р р):Рр-деп бір ит жолықты,Райхан одан қорықты.
Сұлтанбек(С с):Самарқау Самат сабақта,сап үңілді сабаққа
Аружан(Т т):Тәп-тәтті нан таба нан,Таба алмай қалдым табадан
Қуаныш(У у):Улы жыланды Уәлі,уақ тас алып қуады
Жұмабек(Ұ ұ):Ұл атану ұрыншақ ,ұят екен ұғынсақ
Берді(Ү ү):Ү дегенім үріккен,үйрегіңнен ауысты
Үзіліп түскен түйнекті,үйрек тістеп түйрепті
Нұрсипат(Ф ф):Фототілші Фуатты,Фархад келіп қуантты
Мақсат(Х х):Хат жолдады Ахмет,Хакім соған рахмет
Амангүл(Һ һ):,,Һ,,әрпінен қаһарман,Гауһар деген сөз қосам
Ақжол(Ц ц):,,Циркуль,,керек деп маған,цехқа қарай кетті ағам
Т.Амангүл(Ч ):Чемпионатта кешегі,чехтар жеңді деседі
Наурызбек(Ш ш):Шабындық жер шалғай ма,шалғысы бар шал қайда? Әділжан(Щ щ):Щёткамен тазарт киімді,,-деп ағам маған бұйырды
Исламбек(Ы ы):Ырысбек сүйер жұмысты,ықыласпне жуды ыдысты
Ақбота(І і):Ізбасар болар ініміз,ісінен оны біліңіз
Бегалы,Алдамжар(Э,Ю,Я):
Эшелон, юпитер ,якорь, Э әрпі, Ю және Я тұр
-Балалар,енді ,,Кім жаңылыспайды,,ойынын ойнап жіберейік
1 әріпке бес баланың атын шатаспай айтып шығу.
-Балалар әдептілік жайында не білеміз?
Данияр:Жабырқауды білмейміз.жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Мерей:Сыйлап үлкен ағаны,сәлем берген баланы кім дейміз?
Хормен:,,Әдепті екен,, бұл дейміз
Бекарыс:Кітап , дәптер , қаламы,кір шалмаған баланы кім дейміз?
Хормен:,,Ұқыпты екен,,бұл дейміз
-Балалар, Әліппенің бізге әкелген тапсырмаларын орындап көрейік.
(Отан.Ана.Мектеп.Ұстаз.Қазақстан.Әліппе сөздерін тақтаға жаздырту)
Ән:«Бақытты балалық шақ»Орындайтын:Кереева Малика
-Әріптерді қатар қойып,Алфавитті құраған
-Оқу білім өнерді,Шамшыраққа балаған
-Кім екен ол данышпан?
Хормен:Ұлы Ыбырай атамыз,ұстаздардың ұстазы
Есболат:Ы.Алтынсарин - тұңғыш қазақ мұғалімі.Ол алғаш,,Қазақ Хрестоматиясын,, жазған. Біз Ыбырай атамыздың,«Асыл шөп»,«Түлкі мен ешкі»мысалдары арқылы,«Кел балалар оқылық»деген өлеңін білеміз.
Әліппе:Ал балалар, айтыңдаршы, біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?
Мұғалім:Біз әріптерді танып оқи білеміз,ендеше,,Кім көп сөз оқиды,,жарысын ұйымдастырып жіберейік.
Ән.Хор:«Мұғалім ол біздің»
Ақжол:Өтті-ау сан сабақ,бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып,өсті білім сан санат
Артур:Әріптерді танып,білімге еркін қанып
Қадіріңді ұқтық, жанға ләззат алып
Гүлжауһар:Сен болмасаң мектеп, Мақсатқа кім жетпек Құшағыңда өстік, Қызғалдақтай көктеп
-Қазақ халқының асыл мұраларының бірі ертегілер болса,сол елге барайық.
«Аңғал бала»ертегісі.
Әділжан: Тыңда оның дегенін , Анаң, тілің – сүй оны !
Басымды иіп келемін, Ана сүті киелі !
Айнамкөз : Жайғанда арман құшағын, Өзіңе менде ұқсармын
Жеткенше қайрат, күш, әлім, Биікке самғап ұшармын.
Би:Қаражорға
-Бәрекелді балалар бүгін ылғи ақындар жиналыпты ғой.Ал енді сүйікті Әліппеге арналған тақпақтарыңды тыңдайық.
Бегалы: Ақылшым асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен, Қамқор боп қалам ұстадың.
Амангүл: (1а сынып ) Жүзің жылы, құшағың кең, Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен, Биіктерге шығамын мен
Мағжан: Үйретіп бізге алғаш әліппені, Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой арманы мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Гүласыл: Арманым болып аңсаған, Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам , Ардақтап сізді өтем деп.
Қуаныш: Әліппемен аштым өмір есігін, Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып, Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Мұғалім:-Балалар, сендер Әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
-Математика ,Дүниетану,Ән сабағы.
-Математика:Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан
-Ал енді Болашақ математиктерді ортаға шақырайық.
(Екі сыныпқа есептер беріп,тақтаға шығарту)
Ән:«Ақ көгершін»Хор
Қарақат: Есімде ерен ұстазым, Шашымнан сипап өркенің
Аянбай бізге қыс – жазы, Молынан мейір төккенің.
Нұрсипат: Мектебімнің есігін, Әліппемен ашқанмын
Анамның жазып есімін, Қуанып қадам басқанмын.
Мақсат: Екінші анам мектебім, Жақынсың маған басқадан
Күзбенен қыс, көктемім, Көңіліме құйған асқақ ән.
Ақбота: Оқитын әрі жазатын, Білімге қол созатын
Оқушы болдың сауатты, Білім кенін қазатын.
Асар: Қош, бол құтты Әліппем, Жол тұсауын кестің сен
Аяулы анам болып сен, Айыбымды кештің сен.
ӘЛІППЕ:-Рахмет , балалар !Әріпті танып тақылдап сөйлей аласыңдар .Енді сауатты жазу мен мәнерлеп оқытатын достарыммен таныстырайын да,сендерді табыстырайын.Ол «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» пәндері. Ал,қош болыңдар,үнемі биіктен көріне беріңдер.(Әліппе кетеді).
Анатілі:Ана тілі пәнімін, Ана тілі- ұраным
Ана тілі болмаса,Мықты болмас тұрағым. –Балалар ,енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.
Ән:«Ана тілі»Хор.
Мирас: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата – ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп, шықты, міне, балаңыз.
Берді: Қош бол, құтты әліппем, Көп нәрсені үйреттің, Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
Исламбек: Бар байлықты басқарып, Оқу – білім тұрады
Кітапты көп оқыған, Білімді боп шығады.
Жұмабек: Әліппем менің , әліппем, А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым, Тақылдап таңба танып мен.
Мейрамгүл: Әліппем менің, әліппем, Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет, Өзіңе көп, көп рахмет.
Ана тілі:-Балалар барлық қазына байлық оқу- білімде.Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?(Мақалдар айту)
Би:«Бипыл-бипыл»Орындайтын қыздар тобы.
Наурызбек: Әріптердің тойында, Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр ашады, Әсем биге басады.
Аяжан: Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған, Рахмет ұстаз алғашқы.
Амангүл(1Ә):Алфавитті білдік біз, Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде, 42-әріп бар
М.Асар:Әліппенің бітірдім, Жаза аламын атымды
Әліппені бітіріп, Бала болдым ақылды
Айсұлу:Ең алғаш алғанымда Әліппені,Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қала ма еді?Ұстазым оның кілтін алып берді
Қазақ тілі:Сәлеметсіңдер ме балалар!-Балалар,мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Қазір «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық,әрі жұмбақтың шешуін табайық.
1)Құйрығы сүйір, Алаботаға үйір Оның аты(Сиыр)
2) Тастан тасқа секірген ,Шұнаңдап ойнап есірген
Құйрығы келте шұнақ, Оның аты (Лақ)
3)Теңбіл түсті ,өзі ширақ ,
Ұзын мойын,ұзын сирақ,Білгің келсе ,аты(Жираф)
4)Тоны түкті, Түрпі,Оның аты (Кірпі)
Аружан:Аңыз,ертек,ән жырдың,Бәрін ойға құйғыздың
Санамызға сен біздің,бар асылды сыйғыздың
Жақтық білім шырағын,Рахмет, саған мұғалім
Т.Амангүл:Мектебім мынау класың ,осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің ,таудай болып шығасың
Ринат:Қоңырау үні мектепте,Шақырды мені жолға алыс
Әкетті мені жетектеп ,Арманға қарай сол дауыс
Би:«Айгөлек»Құлжанова Айнамкөз
Алдамжар:Бар кітапқа бас болған, Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған , Даналықтың данасы
Сұлтанбек:Қоштасу тойын тойлайық, Әнмен биге басайық
Құрметіне бұл тойдың ,Әнмен шашу шашайын.
Мұғалім:-Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды.Алдағы уақытта үлкен азамат болып ,сабақты өте жақсы оқуларыңа,білімді азамат болуларыңа тілектеспін. Ән:«Менің Қазақстаным»Хор.