400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сүйікті төлдер" ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы






Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, МКҚК №23 «Ақмоншақ» бөбекжайы.

әдіскер:Озғанбай Алмагүл Көкенқызы

  1. Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Сүйікті төлдер».

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтау. Жануарлардың төлдерін ажырата білуге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларының дыбысын ажырата білуін, пайдасын пысықтау. Балалардың үй жануарларына деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ойын,бекіту,сұрақ- жауап.

Көрнекіліктері: слайд, үй жануарлары және оның төлдері суреттері.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың іс -әрекеті





Мотивациялық- қозғаушы



Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын!

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Сәлеметсіздерме қонақтар!

-Балалар оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, дайынсыздар ма?

1. Жұмбақ

Қамыс құлақ,

тостаған тұяқ,

мінсең қанат,

сүті дәрі, еті тамақ.   

2. Жұмбақ

Кезікті бір жануар.  

Үстінде екі тауы бар,

3. Жұмбақ

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар 

4. Жұмбақ

Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.






Жұмбақтарды шешуге келіседі.

-ия






жылқы



Түйе



Қой




Сиыр




Ұйымдастырушылық ізденіс










































Рефлексивті-түзету

-Балалар бұлар қандай жануарларға жатады?

- -Тағы қандай жануарларды білесіңдер?

-Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?

- Ал, үй жануарлары қайда өмір сүреді?

-Оларды кімдер бағып, баптайды?

-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік мал» - дейміз.



-Балалар назарымызды экранға аударамыз


Сиырдың адамға пайдасы көп. Қандай пайдасы қане айта қойыңшы? Ия, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек.

Қойдың сүтін қорғасын дейді. Пайдасын айта қойыңшы?


Жылқыдан ше?






Түйенің пайдасы туралы кім айтады ,қане?Сүтінен құрт, балқаймақ,шұбат жасайды.

-Балалар сендер осы төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер білесіңдерме?


Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, жүгіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен. 


Дид/ойын: "Дауысына қарай ажырат"

Мақсаты: Үй жануарларын дыбысына қарай ажырата білуін пысықтау.


Дид/ойын: «Адаспай тап».

Мақсаты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне қосу, сәйкестендіру. 

Балаларға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қорытынды жасау.

Балаларды мадақтау.

-үй жануарларына жатады.

-Жабайы жануарлар болады.Орманда.

-Балалар жауабы.

-Балалардың сұрақтарға жауап береді.







Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз


-Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

-Сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адамға пайдалы.

Қымызы көп ауруға ем болады.


-Түйенің еті, сүті, жүні пайдалы.


Балалар тыйым сөздерді айтады




Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды тәрбиешімен орындайды.




Балалар қызыға ойнайды.








Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже: Төрт түлік және олардың төлдері туралы білімдерін кеңейту.

Ұғынады: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтеді.

Түсінеді: Үй жануарларының пайдасын.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі