Материалдар / СҮЙІСПЕНШІЛІК
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

СҮЙІСПЕНШІЛІК

Материал туралы қысқаша түсінік
сүйіспеншілік құндылығы жайында
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОҚО ТҮЛКІБАС АУДАНЫ

П.ШЕВЦОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ









Реферат

Тақырыбы:



СҮЙІСПЕНШІЛІК













«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі: Рахишева Нурайлым Омерзаковна















Түлкібас 2016ж

Кіріспе

Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!


Негізгі бөлім


Сүйіспеншілік – өте құдіретті асыл сезім. Осы сезім арқасында адамдар бір-бірін сыйлай, құрметтей, түсіне, кешіре алады және де бағалай біледі. Ерекше сезім болғандықтан, әрине ол жүректен шығады.

Қоршаған ортаға деген махаббат – Ол Отанға және айналаңдағы адамдарға деген махаббат.Сүйіспеншілік дегеніміз – қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі –  ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық, отанға деген сүйіспеншілік бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі” – деп атап көрсеткеніндей, махаббаттың адам өмірінде алар орны ерекше. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.

Біздің жүректеріміз барша адамзатқа және қоршаған ортаға бағытталған риясыз сүйіспеншілік нұрына толсын. Біз оларды үнемі ойлап және оларға риясыз көмектесіп жүруге тиістіміз. Біз риясыз қызмет еткенде жылулықпен және нұрға толып, бақытты боламыз. «Өйткені, сүйіспеншілік – бұл тоқтаусыз қозғалыс, ол бір адамнан екінші адамға беріледі, оны қабылдайды және сыйлайды. Сіздің сүйіспеншілігіңізді бір адам қабылдап, әрі қарай өзгелерге сыйлайды. Осылайша, тұйық шеңбер құрылады да, сіздің сүйіспеншілігіңіз мыңдаған жүректерден өтіп,өзіңізге қайтып келеді. Кім шынайы сүйсе, ол ешкімнен сый күтпейді. Ол өз сүйіспеншілік энергиясын риясыз ұсынады. Сүйіспеншілік энергиясын сыйға ұсынудың өзі бізді үлкен қуанышқа бөлейді. Осындайда біз жүректің қалауымен риясыз әрекет етіп, басқа адамдарға риясыз қызмет көрсетеміз.

Ақиқатқа сүйіспеншілікпен рухани тәрбие берсек, әрекетіміз дұрыс болады, әрекетіміз дұрыс болған жағдайда ішкі жан дүниемізде тыныштық орнайды, ал ішкі жан дүниемізде тыныштық орнағанда біз ешкімге, ешқашан сөзбен, іспен, оймен қиянат жасамаймыз. Мінекей барлық құндылықтардың негізі – сүйіспеншілік деп ойлаймын. Сүйіспеншілік бар жерде өмір мәнді де, сәнді болады. Сабақ үстінде оқушылар өз отбасы туралы, отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлері туралы ой бөліседі. Ата-анасына, бауырларына деген сезімдерін білдіріп, кейде сабақ үстінде ой бөлісу, жағдаят шешу барысында реніштерінен қайтып, кешірім сұрап хат жазып, телефон шалып та жатады. Мысалы, бір қыз бала ата-анасының рұхсатын алмай, тұрмысқа шығып кеткенін, басында қиналғанын, ал  қазір бақытты екенін айтып, ата-атасынан кешірім сұраған хатын оқыды. «Анаға деген сүйіспеншілікке толы сөздер» айтудан жеңіске жеткен (анасына 28 мейірімді, әдемі сөздер айта алған) қыз балаға сабақ үстінде анасының ұялы телефонына осы сөздерді айтқызып, анасы да оқушыларымыз да көздеріне жас алып, ерекше әсерленгенінің өзі неге тұрады!

 «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Осыған қатысты бір аңызға тоқтала кетсем:... Бір дана жолмен келе жатады, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?» - деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арба сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «Не істейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін» - дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі...

Міне, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймыз.  Ол сенің өзіңе, өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе, сүйіспеншілігіңе байланысты екен.

Қорытынды

Cүйіспеншілік, сыйластық, мейірім сезімін адамға жас күнінен бастап тәрбие арқылы бала бойына сіңіру қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойына Отанға, айналасына деген сүйіспеншілік ұялары анық. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен,  «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, ал, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді. Адам да қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады.  Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар- ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты да осы. Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  « Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда - АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.





Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000

2. «Өзін – өзі тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013

3. «Самопознание.кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.

4. «Өзінөзітану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж

5. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва - 1996 6.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!