Материалдар / Сүйіспеншілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілік

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты 11 сыныпқа сынып сағаты ретінде пайдалануға тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
1772
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: «Сүйіспеншілік - өмір өзегі»

Құндылық: Сүйіспеншілік 

Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық, қамқорлық 


Мақсаты: Оқушыларға  риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру.Міндеттері:Білімділік: Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру.Дамытушылық:  Жақсылыққа ұмтылу мен адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын , жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақ  барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу.5 оқу құралдарын дайындату.5Т  ережесі  «Тәртіп», «талап», «тыныштық», «тазалық», «татулық»Балалар , тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық. Тыныштықтыорнатып , татулығымызды жалғастырайық. Сонымен бірге тазалықты да естен шығармайық.Тыныштық сәтi.  Нұрға бөленуБаяу әуенЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын»Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 5 мин

Дәйексөз.«Сүйіспеншілік - жүректен»                                                    Ш.Құдайбердіұлы- Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?- Сүйіспеншілік  деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі?- Неліктен сүйіспеншілікті жүректен дейді?Қорытынды:Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік  арқылы келеді. Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек.

   6 мин

  Мұғалім сыйы.1)«Риясыз жақсылық» бейнеролигін көрсетуСұрақтар:1. Оқиғада өздеріңе қандай әсер берді?2. Жігіт бойынан қандай қасиеттер байқадыңдар?3. Өз өмірлеріңде риясыз жақсылық жасаған адам кездесті ме? - Барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді.

        10 мин

 1.  Шығармашылық  іс-әрекет, топтық жұмыс.Оқушыларды  3 топқа бөлу:1-топ . Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіретін плакат шығару

2-топ. «Ата-анаға деген сүйіспенпеншілік» тақырыбында коллаж жасау.

3-топ. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне тілекпен білдіру.( Сурет, тілек жазу)

 12 мин



№2 Тапсырма: Мультфильм кейіпкерлерін мозайкадан құрап, олардың жақсы жақтарын сипаттау

3 мин

Топпен ән айту.«Ана туралы жыр»

4 мин

Сүйіспеншілік- өзін-өзі , өзгелерді  тануға  жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.Соңғы тыныштық сәтi.   Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл -  күйін естеріңізге  алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын.»Рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!