Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сүйіспеншілік, жақсылық, қамқорлық туралы кеңінен мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі











«Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі»

тренинг




6 сынып






Өзін-өзі тану пәні мұғалімі : Шамеденова Э.
















2017-2018 оқу жылы




Тренингтің тақырыбы:«Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі»


Мақсаты:Оқушы бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отанын, елін, ата-анасын, бауырларын, достарын құрмет  тұтып, адал да парасатты азамат болуға тәрбиелеу.Оқушының сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,сезім мен ой тазалығы,сүйіспеншіліктің мәні туралы  түсінік беру.


Көрнекілігі: слайдтар,  үнтаспа, бейнетаспа, мәтін, жадынама, нақыл сөздер.


Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Тренинг ережесімен таныстыру.

1.Құпиялылық. 
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз. 
3. Белсенді боламыз. 
4. Уақыт үнемдейміз. 
5. «Қазір» және «Осында» принціпі. 

ІІІ. Тыныштық сәті. «Ғажайып әлемге саяхат» (баяу, жағымды әуен орындалады)

Оқушылар денелерінізді тік ұстап, қолдарынызды тізелеріңізге қойып, ыңғайлы отырыңыздар. Көзімізді жұмып, керемет ғажайып әлемге саяхат жасаймыз. Алдымызда түрлі- түсті кемпірқосақ бізді алыс жолға шақырып тұр. Біз сол кемпірқосақтың үстімен жүріп келеміз. Жоғарыдан бәрі әдемі көрініп тұр. Мұнда жасыл орманда көк теңізде сары шөл де, қызыл гүлдер де бар. Мінекей, түрлі-түсті жауын жауып тұр. Жауын тамшылары біздің бетімізге түсіп, алақанымызға түсіп жатыр. Тамшыны көтеріп, құлақтарыңызға жақындатыңыздар. Ол сіздерге не деп сыбырлайтынын естіңіздер. Бұл тамшыны өздеріңізбен бірге алып кете аласыздар, ол сіздердің қастарыңызда әрдайым болады. Сіздерді қорғап, сіздерге көмектесіп жүреді. Тыныштық сәтінің рахатына бөленіп сәл ғана отыра тұрыңыздар.

Ал енді көздеріңізді ашып, не туралы ойлағандарыңызды айтып беріңіздер.

Рахмет.  


ІҮ. Топқа бөлу. Бөлшек суреттерді құрау арқылы.

І-топ: Сүйіспеншілік.

ІІ-топ: Ақиқат.


Ү. Видеоролик көсету. Тақырыпты ашу.


ҮІ.Кіріспе сөз.Оқушыларға сүйіспеншіліктің мәні туралы  түсінік беру.

Оқушылар бүгінгі тренингімізді мен «Ұлы істер істемей, кішкентай істерді сүйіспеншілікпен істе» деген Тереза ананың асыл сөздерімен бастағым келіп тұр. Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.Сүйіспеншілік түрлері:

1.Риясыз сүйіспеншілік

2.Өзара сүйіспеншілік

3. Өзімшіл сүйіспеншілік.




Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі - Алла тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы - бүкіл жарық дүниені сүю. Ал жарық дүниеге Алла тағала жаратқан бүкіл әлем кіреді емес пе? Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, мақұлық) бірдей болса, нұр үстіне нұр.

Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес.Оны іспен ғана білдіре аласың.Себебі ол сезімнің бір бөлшегі.Ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады.Үлкен сезімдерге бастау береді.Сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады... 

ҮІІ. «Әріптер сөйлейді» ойын.

Екі топ берілген сөздерді әріптермен сөйлетеді.

І топқа: «Сүйіспеншілік» сөзі

ІІтопқа:«Мейірімділік» сөзі


ҮІІІ. «Ой қозғау» .(постер арқылы)

І топ. Отанға деген сүйіспеншілік.

2топ. Ата-ана мен бала арасындағы махаббат.


ІХ. Пікірлесейік, ойланайық.

 І топ. Сүйіспеншілікке толы өмір дегенді қалай түсінесің?

Сүйіспеншіліктің қандай түрлерін білесің?


2. Топ. Мейірімділік ұғымын қалай түсінесің?

Мейірімділік жасаған кезің болды ма?


Х. «Жалғасын тап» ойыны.

Оқушылар адамгершілік құндылықтары туралы мақал-мәтелдерді жалғастырады.


І топ:

  1. Қайырымдылық жасасаң, 
    (Қайырын өзің көресің.) 


  1. Өзіңді өзің сыйламасаң, 
    (Өзгеден сый күтпе.) 


  1. Сыйласаң, (сыйлыболасың.)


ІІ- топ.

  1. Жақсының соңынан көп ереді,

(Жаманның соңынан шөп ереді.)


  1. Жақсылыққа жақсылық,

Әр кісінің ісі.

(Жамандыққа жақсылық,

Ер кісінің ісі.)


  1. Жақсы өз басынан көреді,

(Жаман жолдасынан көреді.)








Х І.«Жүректен - жүрекке»

Оқушылар өздерініңақ тілегін айтып, бір-біріне сыйлайды.


Х ІІ. Рефлексия.



ХІІІ. Қорытындылау.


ХІІІ.Қорытындылау.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. 

Сүйіспеншілікті, мейірімділікті, махаббатты өмірлік ұстанымына айналдырған жандар бақытты болады деп мен сіздерге бұл өмірде тек риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір сүруді тілеймін.



Picture 3














Picture 1



































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12