400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға шынайы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзiм: 12.02.2020 ж.

Тақырып: «Сүйіспеншілік – өмір негізі»

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 10 «а»

Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Оқушыларға шынайы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: сүйіспеншіліктің адам өміріндегі қажеттілігін ұғындыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойы, сөзі, іс – әрекеттерін ізгілікке бағыттай отырып, риясыз сүйіспеншілікке баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды риясыз сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


оқулық, дәйексөз, үнтаспа, слайд, бейнетаспа, плакат, стикер, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.


Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.


Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену»


Денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, ыңғайланып отырыңыздар. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.


Үй тапсырмасын тексеру.


Дәйексөз

«Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар»

Тереза ана


(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)

Сұрақ:

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Сүйіспеншілік тек адамға ғана тән бе?

Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам қандай болады?


Түйін: Сүйіспеншілік әлемді өзгерте алатын, өмірді тудырушы және қолдаушы – өте қуатты энергия. Соның ішіндегі риясыз сүйіспеншілік – адамзат бақытының негізі. Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы керек. Ол үшін айналаға жақсы ниет, жағымды ой, жылы жүрекпен қарау қажет.


Әңгімелеу (Мұғалім сыйы).


«Сүйіспеншілікке толы өмір»


Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді.Көркіне көзі тоймайтын сұлу келіншек,келісті жігіт.Сырт қараған жандардың қызығуы менқызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын.Бақыттығ бал шырына батқан жұбайлар күндерін ерекше көңілді өткізетін.Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды.Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе,өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін.Сүйіктісін шығарып салып,үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді.Ол сы бір күндері әлде бір тері ауруына душар болады да,жас келіншектің сырқатына ем қонбайды.Бір уүні ол таңертең ояна сала айнаға қарап шошып кетті.Сұлу жанарынан көлеңке де қалмаған.Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды.Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін.Күндер өте келе,оның қайтып келер сәті де жақындай түсті.Ол мына бейнесін көрсе,қандай көңіл күйде болар.Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді.Айна алдына баруға жүрексініп,күндерін өскумен өткізді.Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды.Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айырылыпты.Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретт тағдыр осыда.Бірақ олар бұрынғыдай бақытты күндерін жалғастыра берді.Жас келіншектін бет бейнесін күйеуі көрмеді.Күйеуі қайда барса да, келіншегі оны жетелеп жүретін еді.Бұрынғы қызыға қарайтын жұрт оларды мүсіркейтін болды.Жарасымды жұбайлардың келісті бейнесі ертегіге айналып қала берді. Бірақ сонда да олардың бақытына сыза түскен жоқ. Әйелі қацтыс болғанға дейін жарасымын бұзбады.Сүйікті жарын жерлеу кезінде өмірдегі ең сұлу асылын жоғалтқан адам қабір басында үнсіз ұзақ отырды да орнынан тұрып, қайтуға ыңғайланды. Қос жанары тас қаранғы зағипты достары келіп сүйей беріп еді ол жақындарының қолын қысып ұстап «Мен соқыр емеспін. Оның ауруға шалдыққанын шетелде жүріп естігенмін.Өз бейнесінен азаптанбасын. Махаббатымызға сыза түспесе екен деп өтірік соқыр болып өмір сүріп келдім. Мен оны шексіз сүйемін» деді де бұрылып жүре берді. Қабір басындағы адамдар осынау махаббат жолында жалғыз қайтып бара жатқан адамға қарап, көздеріне жас алды.

Сұрақтар:

  1. Жарына деген сүйіспеншілігін неліктен өмір бойы жоғалтпады?

  2. Риясыз сүйіспеншілік адам бойындағы қандай қасиеттерді кемелдендіреді?

  3. Өз өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілікке куә болған кездеріңіз болды ма?

Түйін: Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі. Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі – кесапатты жеңетін ұлы күш.


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.


Оқушыларды топқа бөлу


І – топ:

«Сүйіспеншілік» сөзіне сөзжұмбақ жазу.


ІІ – топ:

«Сүйіспеншілік елінде» эссе жазу



Топпен ән айту.

Армансыз күнім болмайды

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды

2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


Үй тапсырмасы.

«Сүйіспеншілік – өзін – өзі танудың негізін жасаушы құндылық» эссе жазу


Соңғы тыныштық сәті.


Балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Жақсы көңіл – күй адамдарды достыққа, сыйластыққа, жақсылыққа жетелейтінін ұғынып, сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі