Сүйіспеншілік – шынайы сезім.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сүйіспеншілік – шынайы сезім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім:Сүйіспеншілік пен достық Етістіктің есімше мен көсемше түрлері.Тұйық етістік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ

















Тақырыбы: «Сүйіспеншілік шынайы сезім»

Ашық сабақ

7-сынып Қазақ тілі









Пән мұғалімі: А.Кункенова









2024-2025 оқу жылы











Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Алғалиева


Бөлім:Сүйіспеншілік пен достық Етістіктің есімше мен көсемше түрлері.Тұйық етістік.

Мектеп: «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ

Күні: 6.12.2024 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кункенова Айжан Ниязхановна

Сынып: 7-cынып

Қатысқан оқушылар саны: 4

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Сүйіспеншілік – шынайы сезім.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымымақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.4.4.1 
Етістіктің есімше ,көсемше ,тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын,құрылымы мен аудиториясын ажыратып,тілдік ерекшелігін салыстырады.

  • Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, түрлерін ажыратады.

  • Тілдесім барысында қолданады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут








1. Ұйымдастыру;

2. Психологиялық ахуал. 
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару (5 мин)
1.Өтірік айту 
жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі сабаққа қуаныштылар қол шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің қолымызды алысайық.

Үй тапсырмасын «Wordball» тест сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды.

.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар тақырыпты болжаған соң сабақтың мақсатымен танысып, жетістік критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.


Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.





Қалыптастырушы бағалау

«5» 8- 9-10 ұпай;

«4» - 6-7ұпай;

«3» - 4-5 ұпай.


7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы






https://forbooks.kz/books/Audio_1/2/4-%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BC.%207%E2%80%938-%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80.%201-%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BC%D0%B0..html


Сабақтың ортасы

25 минут
































Тыңдалым мәтінін тыңдату;

2-тапсырма. Шәмші Қалдаяқовқа деген сүйіспеншіліктердің бәріне ортақ ой қайсы?

Пікір айтушылар кімдер?


4-тапсырма: «Шәмші –ел аузында» тақырыбына кластер құрастырыңдар.

Шәмші - ел аузында

Дескриптор:

Тыңдалым мәтінін тыңдайды.

Пікір айтушыларды анықтайды.

Класстер құрастырады.

Тұйық  етістік – етістіктің  ерекше  түрі. Тұйық  етістіктер немесе  етістік  атаулары  етістік  түбіріне  - у жұрнағы қосылу арқылы  жасалады  да, есімдерше  тәуелденеді, септеледі, тікелей  жіктелмейді. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл  сөздер  сұрау, жүру,  бару, шегелеу, сөйлесу, келмеу,  бөгемеу, қимыл  іс-әрекеттерінің  атын білдіріп, солардың  атауы  болып  тұр. Сондықтан  да тұйық  етістік  заттық  мағынада , зат есім мәнінде жиі  қолданылады.  Тіпті  тұйық  етістіктер

дің  кейбірі  белгілі  заттың,  көбіне құралдың  атын  білдіріп, зат  есім болып кеткен.  Тілімізде  көсеу(отты,  шоқты  көсейтін  темір), сабау (жүнді  сабайтын  шыбық), егеу  (темірді  егейтін  құрал), жасау (қызға жиналған  дүние  мүлік), қашау (ағашты  тесетін,  жонып, қырнайтын  құрал), тұсау(малдың алдыңғы  екі  аяғын  бекітетін  есілген  жіп) сияқты  зат  есімдер  тұйық  етістіктен 

жасалған. Мысалы: Көсеу  ұзын  болса, қол  күймейді.(Мақал) Тұйық  етістікке  көптік  жалғауы  жалғанса, одан  кейін  тәуелдік  жалғауы  жалғанып  қолданылады.


Тұйық  етістіктің  септелуі

А. бару, сөйлеу,  айтуы,  көрулері

І.  барудың,  сөйлеудің,  айтуының,  көрулерінің

Б.  баруға,  сөйлеуге,  айтуына,  көрулеріне

Т.  баруды, сөйлеуді,  айтуын,  көрулерін

Ж. баруда,сөйлеуде,  айтуында,  көрулерінде

Ш.барудан,  сөйлеуден,  айтуынан,  көрулерінен

К.барумен,  сөйлеумен,  айтуымен,  көрулерімен

Тұйық  етістіктің  тәуелденуі

І.Менің  келуім                 Біздің  келулеріміз

ІІ.Сенің  келуің             Сендердің  келулерің

Сіздің  келуіңіз           Сіздердің  келулеріңіз

ІІІ.Оның  келуі                Олардың  келулері

5-тапсырма: Мәтінді оқыңдар.Мақаланың құрылымын сақтай отырып, күрделі жоспар құрыңдар.

Кіріспе: Сезімге толы Мария зираты

Негізгі бөлім:

А) Мария – қайраткер.

Ә) Марияның Шоқайтанудағы орны.

Б)Мария- сарқылмас ақыл-парасат иесі.

Қорытнды:Табиғат ананың толқынысы.

Дескриптор:

Мәтінді оқып, танысады.

Құрылымын сақтай отырып, күрделі жоспар құрады.


Деңгейлік тапсырма:

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі.



9-тапсырма: Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырып, септеп жазыңдар.

Сүй, құрметте, табыста, ардақ тұт, орында.

Дескриптор:

Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырады.

Септеп тақтаға жазып шығады.



ЖИ платформасы арқылы

Тыңдалым мәтінін тыңдату.

Шәмші Қалдаяқовқа деген сүйіспенші

ліктердің бәріне ортақ ой қайсы екенауызша айтып өтеді.

Пікір айтушылар кімдер екенін анықтайды.


«Шәмші ел аузында»

Класстер құрастырады.


Тұйық етістік туралы мәлімет беріледі.






















Мәтінді оқып.Құрлымын сақтай отырып, күрделі жоспар құрады.






Берілген етістіктерді тұйық етістікке айландырып,тақтаға септеп жазады.


Қалыптастырушы бағалау

«5» - 9-10 ұпай;

«4» - 7-8 ұпай;

«3» - 5-6 ұпай.


































Қалыптастырушы бағалау

«5» - 9-10 ұпай;

«4» - 7-8 ұпай;

«3» - 5-6 ұпай.













Қалыптастырушы бағалау

«5» - 9-10 ұпай;

«4» - 7-8 ұпай;

«3» - 5-6 ұпа



https://wordwall.net/play/83339/994/267




Ғаламтор беттерінен





https://wordwall.net/play/83339/994/267

Сабақтың соңы

10 минут


Сабақты бекіту: «Wordball» тест сұрақтарына жауап беру.


«Кері байланыс»


Телефон бағалауы арқылы кері байланыстарын жазу.






























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі