Материалдар / "Сүйіспеншілік -шынайы сезім" ашық сабақ 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сүйіспеншілік -шынайы сезім" ашық сабақ 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
937
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ № 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сүйіспеншілік шынайы сезім

(Отбасындағы сүйіспеншілік)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.ӘТН2. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Ойын біршама жүйелі жеткізеді, интонацияны аз қолданады.

Мәтін жазады, 2 синонимді пайдаланады.

Оқушылардың көпшілігі:

Ойын жүйелі жеткізеді, интонацияны кей жерде қолданады.

Мәтін жазады, 4 синонимді пайдаланады.

Оқушылардың кейбірі:

Ойын жүйелі жеткізеді, интонацияның мәнін түсініп қолданады.

Мәтін жаазды, 5 және одан көп синонимдерді пайдаланады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік Ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік «Сүйіспеншілік-шынайы сезім» тақырыбын талқылау арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынас жасау қабілеті; өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; жауапкершілік; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, өмір бойы оқуға дайын болу.


Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Power Point таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған.

Тілдік мақсаттар:

Грамматика:

Интонация

Пән лексикасы және терминология:

Отбасы, тәрбие, борыш, міндет, қамқорлық, сүйеніш

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, сол себепті , қажет, сондықтан, деген ойдамын, ұйытқы болады.

Осыған дейін меңгерілген білім:

Ұлы адамдар достығымен танысты.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек көздер

Сабақтың басы


3 мин.









2 мин.



Ой қозғау.

Отбасы дегенді қалай түсінесіз?

Отбасы сөзінің анықтауыштарын жазыңыз.

1. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Интонация (лат. Intono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы.

Интонация – ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалық амалдармен беріледі.









Сабақ ортасы:

10 мин.

















5 мин.







10 мин.


Тапсырма:

  1. Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін. Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.


Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады. Интерактивті тақтадан отбасына жататын адамдардың суреттері көрсетіледі.


- Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы.

- Отбасына кімдер жатады?

- Сіздердің отбасында неше адам бар? Олар кімдер? (Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетіп отырып айтады)


  1. Балалар, енді жаңағы сурет бойынша құрастырған әңгімелеріңді негізге ала отырып және төмендегі сөз тіркестерінің синонимдерін пайдалана отырып «Менің отбасым» тақырыбына жинақы мәтін жазыңыз.

Керекті сөз тіркестері: бақытты жанұя, қызықты кезі, сәби тағдырының, басты парызы, отбасын құрып.


Менің отбасым (мәтін үлгісі)

Менің отбасым менің байлығым.

Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Менің отбасымда 5 адам бар. Олар- ағам, інім,мен және ата-анам. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.


Рубрика

Критерий

Төмен

Орташа

Жоғары

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Ойын біршама жүйелі жеткізді, интонацияны аз қолданды.

Ойын жүйелі жеткізді, интонацияны кей жерде қолданды.

Ойын жүйелі жеткізді, интонацияның мәнін түсініп қолданды.

Мәтін жазу.

Мәтін жазды, 2 синонимді пайдаланды.

Мәтін жазды, 4 синонимді пайдаланды.

Мәтін жазды, 5 және одан көп синонимдерді пайдаланды.







Сабақтың соңы:

Рефлексия:

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру тапсырмасын орындай алдыңыз ба?

  2. Ол тапсырма тым оңай/қиын болды ма?

  3. Мәтін жазуда қандай қиындықтар туды?




Рубрика

критерий

Төмен

Орташа

Жоғары

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Ойын біршама жүйелі жеткізді, интонацияны аз қолданды.

Ойын жүйелі жеткізді, интонацияны кей жерде қолданды.

Ойын жүйелі жеткізді, интонацияның мәнін түсініп қолданды.


Мәтін жазу


Мәтін жазды, 2 синонимді пайдаланды.

Мәтін жазды, 4 синонимді пайдаланды.


Мәтін жазды, 5 және одан көп синонимдерді пайдаланды.



Ойын жүйелі жеткізді, интонацияның мәнін түсініп қолданды.

Мәтін жазды, 5 және одан көп синонимдерді пайдаланды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!